Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

199

Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

 

Зерттеудің  көкейкестілігі. Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына,өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек.

Зерттеудің  объектісі: Бастауыш сынып.

Зерттеу мақсаты:Баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Зерттеу болжамы: Оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Зерттеудің әдіс — тәсілдері: жинақтау, талдау, жүйелеу, анализ, синтез, сұрыптау.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы-мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының  2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың болашағын тереңнен толғай отырып «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз-баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман», — деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас  ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу ерекше қиын іс.  «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру- ұстаз парызы.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс – әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгелендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет.

Шығармашылық – ойлау  қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа  ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық,еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. .Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

 

Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И. Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі- батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі- жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.

Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ал, сол баланы шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

— мұғалім ең алдымен, сыныпта шғармашылық көңіл – күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;

  • әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;
  • қолайлы жағдай жасау;
  • шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру

Мұғалім оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер мұғалім шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі— «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорғаныш сезімі, екіншісі— өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолы жағдай жасау, қолдау және дұрыс бағыт беру.

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет, мысалы:

  1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.

Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі – әңгімелер  желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Мысалы: «Ертеде бір түйе болыпты. Ол кіп – кішкентай екен. Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті. Бірде шыбын түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып, оны мазақтай бастайды…»

  • Түйе не істеді?

Балалардың жауабы әр түрлі болады: … Сонда шыбын түйенің бетіне түкіріп жіберді, шыбын тұншығып қалды. Немесе: Түйе шыбынды қуды. Ұстап аламын деп, қолын соза – соза бойы өсіп кетті.т.б

  1. Белгілі мақал негізінде әңгіме құрастыру.
  2. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
  3. Елестету.

Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.

Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады… Оқушылар осындай кез келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей болдым», « суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.

  1. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
  2. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою.
  3. Шығарма, мәтін құрастыру.

— тақырып бойынша

—  жоспар бойынша

—  тірек сөздер бойынша

  1. Өлең құрастыру

—  дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру

— дайын ұйқастарды ұсыну

  1. Кейіпкерлерге мінездеме беру
  2. Рөлге бөліп оқу.
  3. Шығарманың мазмұнына сурет салғызу.
  4. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар.
  5. Автор туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызу.

Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың  жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық  қабілетті  бүкіл сабақта дамытуға болады.

Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр немес тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тпсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсер тиеді.

Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы  оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы 1-ші сыныпта:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – 3 сыныптарда:

               Мұғалім                                                      Оқушылар
Жаңбыр жауды                                                                    далаға.
Жаңбыр жауды                                                                    қалаға.
Жаңбыр жауды                                                                    ауылға
Жаңбыр жауды                                                                    бауға да.

Оқушылардың шығармашылық іс -әрекеті мен іздемпаздық дағдыларын қалыптастыру,жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.

Математика пәнінде кез келген геометриялық фигуралардан түрлі заттар құрастыруға болады. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлаққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болу керек.Мысалы:

  • Төрт бұрышта төрт мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы үш мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?
15
  • Суреттегі сандарды 4 топқа бөл, сонда әр топтағы үш санның қосындысы 125-ке тең болсын.

 

 

 

 

 

 

 

  • Барлығы неше тік төртбұрыш және неше үшбұрыш?

 

 

 

 

 

 

 

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық жолына түскен бала ізденіп қана қоймайды, тұлға ретінде шыңдалады. Шығармашылық тапсырма оқушының бойында әртүрлі іскерлік дағдыларды қалыптастыратыны белгілі. Мұнда оқушы өзін оқулықтағы материалмен ғана шектелмейді, үнемі ізденіс үстінде болады.

 

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы-мектеп. Сондықтан мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі,мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс – тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы қарым – қатынас оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс – әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

  • шығармашылықтапсырмалар түрлі деңгейде болуы;
  • кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде болуы;
  • білім мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;
  • тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;
  • оқушының жеке қабілетін ашатындай болуы;

Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде  оқушының жан – жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл – ой және адамгершілік қуаты оның ерік – жігерін, ойлау, елестет қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс – әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамдабеделін көтеруде және оның өз – өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.

Осы бағытта жұмыс істегеннен не ұттым?

  1. Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
  2. Шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
  3. Тәжірибелік жұмыстарға қызығып, зерттеу іс – әрекетін жүргізді.
  4. Алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуге үйренеді.

Қорыта  келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз – өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С. Қарапаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы.

/Бастауыш мектеп. 2006Ж №1/

  1. Тұрысбаева. Дамыта оқыту технологиясы.
  2. Шығармашылық – басты мақсат. Р. Омарова. / Бастауыш мектеп. 2006 ж №3/