«Баланы түзету және дамыту»

 

«Баланы түзету және дамыту»

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардағы агрессивтілік жағдайы бой көрсетіп келеді.

Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді.

Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни және т.б. анықтауы бойынша агрессия — инстинкті, қастандық әрекет, бұл сана мен санасыздықтың арасындағы дау-дамай, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.

Әрекетке тиесілі бағыт: бұл жерде агрессиялық қимыл, эволюциялық процеске емес жағдайға байланысты қарастырылған. Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейгтер агрессияны — фрустрация әсері деп қарастырған.

Гуманистік бағыт: (К.Роджерс, В.Франкл, Ф.Перлз) түсіндіруі бойынша агрессия – бұл шектелген бостандыққа индивидтің мәжбүр болған жауабының әрекеті. Агрессияны түсіндіру – бұл психологиялық қорғаныстың жан-жақты әр түрі.

Әлеуметтік оқыту бағыты: (С.Н.Ениколопов, Л.Берковиц, Д.Зильман) бұл түжырымның құрамына агрессиялылық – яғни үйрету нәтижесінде қалыптасқан әрекет, мінез көрінісі болып қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында — бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамыту негізгі мәселесі болып қарастырылған.

Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай деді: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі — өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мүны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажеттілігі. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады (жеңілдейді).

Біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде агрессия

анықтамалары мен сипаты, агрессивтіліктің пайда болу себептері мен шығу көздері талданады. Осының негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың бойында кездесетін агрессияның айқын дәлелдемелер арқылы түрлері көрсетілген.

Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей агрессиялы балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір агрессиялы күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді.

Агрессиялы баланың ызалы кезінде олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-қатынас құра отырып, агрессиялы күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық тренингтер арқылы үйрету керек. Агрессиялы балалармен дау-дамай кезінде жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет.

Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Эмоциялық күйлер сипатын көрсететін мәселе бойынша ізденген авторлардың тұжырымдамасында мектеп жасына дейінгі бала агрессиясы және оның түзету-дамыту жолдарына аз көңіл бөлінген, аяқталмаған тұстары көп.

Ата-аналар осы проблема бойынша өзін, баласын агрессиядан арылтып, жеңілдету мақсатында психологтан көмек сұрап келуінің жиілеуі.

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтіліккүй-жағдай ерекшеліктерінің сипатын ашу, сонымен қатар, агрессивтілік кері әсерлерден жеңілдету негізінде психологиялық көмек көрсету жолдарын айқындау.

Зертеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:

  1. Агрессияның табиғи шығу жолдарын және мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті әрекетін теориялық зерттеу.
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін агрессия түрлерін ашып көрсету.
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиялық әрекетін эксперименталды зерттеу.
  4. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама құру арқылы психокоррекциялық жұмыстарын жүргізу.
  5. Мектеп жасына дейінгі балалардың агрессиясын жеңілдетуге бағытталған психокоррекциялық жұмыстардың нәтижесі бойынша нұсқаулар мен кеңестер көрсету.

Зерттеу объектісі: төрт-алты жас аралығындағы агрессивті балалар.

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігін түзету процесін жеңілдету жолдары.

Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивтілігі арнайы ұйымдастырылған психокоррекциялық ойын-сабақтар негізінде жеңілденеді.

Қорытынды:Бүгінгі таңдағы ауқымды және өзекті мәселенің бірі – ерте жаста бала бойындағы мінез көрінісінде агрессияның қалыптаса бастауы. Балаға әртүлі жағдайларда ушыққан агрессия көрінісін ыңғайлы түрде дұрыс сыртқа шығару жолдарын үйрету қажеттігі ересектер үшін күрделі мәселе.Баланы қоршаған, оның тәрбиесімен айналысатын ересектермен көбірек жұмыс жасалынуы қажет, сонда психокоррекцияның нәтижесі тиімдірек. Балаға, агрессияны (кері әсерді) затқа ауыстыру жолдарын әрдайым үйретіп отыру қажет.Аптасына бір рет «Ата-аналар мектебін» ұйымдастыру барысында ата-аналарды балалармен психокоррекциялық сабақтарға енгізу арқылы балаға сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау негізінде психологиялық ақпараттарды жиілету.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бекмуратова.Г.Т.Этнопсихология және этнопедагогика,конференциядағы материалдар тезисі. -А.2005 ж.

  1. Берон Р., Ричардсон Д. Агрессия — Спб., 1997.
  2. Н.Л.Кряжева. Развитие эмоционального мира детей., — М. 1996.
  3. М.И.ЧистяковаПсихогимнастика — М., Просвещение, 1990. — 128 с.
  4. 5. Цапкин В.Н. Единство и многообразие психотерапевтического опыта // Психологическое консультирование и психотерапия.
  5. Эмоциональные нарушения в детском возрасте и их коррекция / В.В.Лебединский Практика и теория индивидуальной психологии. -1995. 36