Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.

Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.

Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп

отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді   

тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский.

 

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті — өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары  бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі — тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке  тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан  ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп,  білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет. Мысалы: 1-желтоқсан «Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес» күніне орай «Қозы Көрпеш- Баян-сұлу» жыры бойынша «Мәңгілік махаббаттың қос шынары» деген тақырыпта қорытынды сабақ;

Өзге ұлт өкілдеріне өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді таныстыруды басты мақсат етіп алып Бауыржан Момышұлының «Біздің жанұя» тақырыбын «Наурыз» мерекесімен ұштастыра өткізген абзал.Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін бекіту сабағында «Біз қонақжай халықпыз» деп алып, дәстүрлі емес сабақ өткізген жөн.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.

Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, шығарма кейіпкерлерін салыстыруда жиі пайдаланамын. Мысалы: Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы»  тақырыбын өткенде Асан мен Үсенді салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға  да дағдыланады.

Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, сабақты қорытындылау сәтінде, оқушыларға ой толғау жазу немесе, шағын шығарма, әңгіме жазу сияқты жазба жұмыстарын беремін. Төменгі сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру мақсатында сөздік ойындарын жүргізген абзал.

 

Ең алдымен бұрын қатынас жасамаған, сабақ бермеген сыныптарда сабақ бермес бұрын, мектеп психологымен, дәрігермен, сынып жетекшісімен бірлесіп, оқушылардың білім деңгейлерін, белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын байқау мақсатында сауалнама, сұхбат өткізу керек. Содан кейін сыныппен жұмыс істеу біршама жеңілдей түседі. Мысалға алғанда:

Оқушының

аты-жөні

Әлеуметтік жағдайыДенсаулығыСыныпта алатын орныМұғалімге деген көзқарасыПәнге деген қызығу-

шылығы

Психолгиялық климат

(психолог

тың сыныпқа берген мінездемесі)

Сабақтың негізгі кезеңі ұйымдастыру болғандықтан, оқушыға жақсы көңіл-күй тудыру үшін, сабақты музыка тыңдаудан бастаған абзал.

Оқушы өзін мұғалім орнында сезінуі үшін, топ басшылары сайланып, бағалау солардың еншісіне тиеді.

Сабақта даралап, саралап, топтық,, жұптық, индивидуальдық оқу түрлері мен формаларын  қолданамын. Жұптық жұмыс – бір-бірінің білімін бағалап, білімін тексеріп, білмегендерін сұрауда тиімді болса, топтық жұмыс – үлгерімі төмен оқушы мен  үлгерімі жақсы оқушы қатар отырып, өз тобы үшін жұмыс істеп, топ басшыларының басшылығымен берілген тапсырмаларды өз шама шарқынша орындауда, қарым-қатынас жасауда, ынтымақтастыққа тиімді.. Сыныпта білім деңгейлері әр сатыдағы балалар болғандықтан, индивидуалдық, дифференциалдық жұмыс жүргізу қажет, ол жұмыс деңгейлік тапсырмалар, карточкалар арқылы жүзеге асады.

Әр адамның бойында ана сүтімен, немесе туа біткен талант болуы мүмкін, оны мұғалім оқушы бойынан аңғаруы шарт. Ол үшін сабақтарда рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, дискуссияны пайдаланған жөн. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге, өз ойларын дәлелдеуге, өз пікірлері мен құқықтарын қорғауға, сөздік қорларын толықтыруға тиімді.

Қазіргі заман талабының тағы бір қыры, сабақтарда аймақтық компонентті қолдану. Олай болса, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын бағдарламаға сай өте отырып, оны өзіміздің жерлес ақын-жазушылар шығармаларымен салыстырып үндестігін табу.Мысалы: Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін өзіміздің жерлес ақынымыз Назырбаевтың  «Туған жер» өлеңімен салыстыра отырып, Венн диаграммасы негізінде жүзеге асырған жөн.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

           Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

  Ең алғаш басталады осы адамнан,

       Сүйеді сондықтан да жақын, жаты…

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

          Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін-

деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік.