Әлеуметтік педагогтың ата-анамен жүргізілетін жұмыстары

602

Тақырыбы: Әлеуметтік педагогтың ата-анамен жүргізілетін жұмыстары

 

Әлеуметтік педагогтың қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, басқа да нормативтік актілермен құжаттарды, басшылыққа алады. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.

 

Әлеуметтік – педагогикалық қызметтің құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұлардың бірлескен қызметі төмендегідей:

 

  • Отбасына әлеуметтік –психологиялық көмек көрсету;
  • Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру;
  • Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектеседі;
  • Мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық коррекция жасау;
  • Профилактикалық шаралар ұйымдастыру

 

Әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспары:

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмысына тоқталар болсам, отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір сүру ортасы. Ол мынадай өлшемдермен анықталады: әлеуметтік –мәдени, әлеуметтік –экономикалық. Осыған орай әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізілетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен ынтымақтаса, оларға кәсіби педагогикалық көмек көрсетеді. Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндетінің бірі қалыптастыру болып табылады.

Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгісі, ондағы тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап таратады; оңды  ой-пікірлерді  күшейтеді, Сондықтан:

1)тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.

2) Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндетінің бірі ата-аналарды  педагогикалық білім дағдыға, оның теориялық және практикалық  ықылымдарын меңгеруіне,  әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер  ретінде бірін-бірі толықтырады.

Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы мына мүмкіндіктерді тудырады:

  • Өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық потенциалын анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу;
  • Өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік, әлеуеттік мүмкіндіктері принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
  • Халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
  • Өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;

 

Отбасыларды 5 топқа бөлуге болады:

  1. Жоғары адамгершілік этномәдени қарым-қатынастағы отбасылар. Салауатты өмір салты, моральдық, атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар
  2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар. Бірақ олар тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан педагогтың көңіл аударуына мәжбүр.
  3. Дау жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасының дау-жанжалы көп уақытқа созылып, баланың азғындығына, мінез ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр етеді. Оқу үлгерімі нашар болып, сабақтан қашады.
  4. Сырттай сау көрінетін отбасы. Бірақ іштей рухани азғындық жайлаған шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиеті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан  кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы « бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен, мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.
  5. Қалыптаспаған (жағдайы нашар) отбасылар, дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықта, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуді немесе белсенді араласуы қажет.

Әлеуметтік педагог ретінде жыл бойы ата-аналармен мынадай шаралар ұйымдастырдым. Мектептің жалпы ата-аналар  конференциясында  «Тұлға қалыптастырудағы құқықтық тәрбиеге байланысты отбасының ролі мен қызметі» атты баяндама оқылды.

Республикалық «Сенің құқығың – менің құқығым» атты онкүндікте ата-аналар арасында құқықтық ағарту және ақпараттандыру іс-шаралары, соның ішінде конвенцияның қағидаларын, еліміздегі балалар жағдайын жақсарту үшін жасалып жатырған іс-шаралар жөнінде түсініктерін молайту мақсатында «Сенің құқықтарың мен міндеттерің», «Отбасы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады? атты сұхбат сағаты жоғары сынып оқушыларының ата-аналарының қатысуымен өткізілсе, «Үйдегі бақытқа бөленген бала – бақытты бала» атты дөңгелек үстел бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен өтілді. Еліміздің тәуелсіздік мерекесінің тойлануына орай «Тәуелсіздік – ел дәулеті» атты ауылдағы мекемелер арасында кездесу сағаты өтті. Онда әр мекемеден қатысушы топтар салт-дәстүрден көрініс, тәуелсіздікті бейнелейтін композиция құру, сұрақ-жауап тапсырмаларын орындауда сайысты.

Әр сыныптың оқу жылы басында сайланған ата-аналар комитеті мүшелерімен де жұмыстар жасалады. Олармен бірге «Өрлей бер өркенитке, өсер елім!» атты кездесу сағатының мақсаты ата-аналардың мектеппен байланысын жақсарту, ата-аналар комитетінің жұмыс жүйесін жетілдіру болған. Әрбір шара барысында ата-аналарға балаға тәрбие берудегі жауапкершіліктерін жетілдіру мақсатында көмек ұйымдастырылады, яғни түрлі тапсырмалар  беріліп отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір айында  мектепте «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» тақырыбында ата-аналар апталығы жоспарға сай болып өтті. Апталық барысында ата-аналарға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»   ҚР. кодексі таныстырылып, ата-аналардың қатысуымен «Ата-ана бақыты –бала», «Үнемдей білу – қажеттілік», «Еңбек –ер атандырады», «Ынтымақты сынып» атты тәрбиелік шаралар, сайыстар өтілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алынған балалардың ата-аналарына азқамтылған, көпбалалы жанұя статусына жатқызылған ата-аналарға түрлі профилактикалық, ағарту жұмыстарын өткізуге жоспар құрылды. Ондай ата-аналарды ауыл әкімшілігімен анықтап, бекітіп, ондай отбасыларды әлеуметтік қорғау құқықтарымен таныстырылды. Яғни ҚР «Көпбалалы отбасыларды жәрдемақымен қамтамасыз ету туралы» заңы 28.06.05ж «Ата-аналарға бала құқығы туралы» тақырыптық жиналыс, «Дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері» туралы әңгімелесу сағаты өтілді.

 

Ата-анамен жұмыстың мақсаты қойылғанмен, одан күтілетін нәтиже:

  1. Ата-ананың бала тәрбиесінде жауапкершілігін арттыру;
  2. Ата-ана бала құқығын, өз құқықтарын қорғауды пайдалануда кәсіби сауаттануы;
  3. Ата-ананың психологиялық, педагогикалық тұрғыдан сауаттылық деңгейінің жоғарылауы;
  4. Ата-ананың мектеппен , сыныппен қарым-қатынасының жақсаруы;
  5. Баланың зиянды әдеттерден аулақ болуына жауапкершілігі жоғарылауы, яғни ата-ана баласына салауатты өмір салтын үнемі насихаттауы.