Өздігінен білім жетілдіру — кәсіби кемелдену.

Өздігінен  білім  жетілдіру  — кәсіби кемелдену.

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай  алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша  білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы  мемлекеттерінің қатарына  ену мақсатында түрлі  шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.

Аталған  талаптар мұғалімнің  шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді. Жаңашыл  мұғалім – өзін – өзі дамытып отыратын түлға. Олай болса «өзін – өзі дамыту немесе жетілдіру » деген не? Соған тоқталайық :

Өзін – өзі  жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу  процесі болып табылады.

Өздігінен білім алудың мақсаты:

  1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;
  2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;
  3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;
  4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,
  5. Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.

 

Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:

  • Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата – аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;
  • Шығармашылық шабыты;
  • Ғылымның қарқынды өсуі;
  • Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;
  • Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);
  • Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы  ұстаз  туралы  пікірлері;
  • Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;
  • Қызығушылық;

 

 

Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін

 негізгі бағыттар:

  • Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша);
  • Психологиялық — педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау);
  • Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті);
  • Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары);
  • Құқықтық;
  • Эстетикалық;
  • Тарихи ;
  • Шет тілдері;
  • Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;
  • Қызығушылықтары, хоббиі;

 

Өзін – өзі дамытудың негізгі түйіні неде?  Мұғалім өзін – өзі дамыту барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын сабақта немесе өмірде пайдаланады. Осындай  ақпарат көздері  өзіндік, кәсіби  өсуге ықпал ететін   білім көздеріне бөлінеді.

 

Өздігінен білім алу көздері:

  • семинарлар мен конференциялар
  • шебер сынып
  • іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар
  • біліктілікті жетілдіру курсы
  • ашық сабақтарға қатысу
  • экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар
  • әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)
  • интернет.

 

Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіру формалары:

Өзін – өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады.

Жекеленген  және  топтық.

 

 

 

 

Мұғалімнің өзін – өзі дамыту процесінің  құрамдас бөліктері:

 

Мұғалімнің  өзін – өзі дамыту барысындағы іс – әрекеттерін алатын болсақ , олар – оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады.

Осы іс – әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы  рөлі қандай?

  • Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолдану.
  • Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.
  • Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.
  • Қазіргі кездегі психология – педагогикалық аумағында білімін үнемі жетілдіріп отыру.
  • Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағы жаңалықтардан хабардар болу.
  • Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.

 

Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс әрекеттерін тізбектейік

  • Белгілі бір телебағдарламаларды қарау;
  • Әдістемелік пәндік басылымдарды оқу;
  • Өзінің пәні бойынша жаңа, озық технологиялар туралы ақпаратты ғаламтордан шолу;
  • Кәсіби пәні бойынша есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар орындау;
  • Семинар, конференция, on – line сабақтарға, тренингтерге қатысу;
  • Шет тілдерін үйрену;
  • Білім жетілдіру курстарына бару;
  • Ашық сабақтар өткізу;
  • Мектептегі, ауылдағы немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет арқылы тәжірбие алмасу;

Жоғарыда көрсетілген пункттерге тоқталып,  әр мұғалім  өзінің білім көтеру  жоспарын құра алады.

Мысалы:

Жаңақала жалпы орта білім беретін  мектебінің информатика пәні мұғалімі Ильясова Жансая Ильясқызының өз білімін жетілдіру жоспары.

2013-2014 оқу жылына қойылатын міндеттер.

 

  1. Информатика пәнін оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздерін оқып үйрену.
  2. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын  арттырудың әдіс – тәсілдерін жетілдіріп отыру.
  3. Білім саласындағы жаңалықтармен танысу.  Өз жұмысында қолдану.
  4. Жалпы дүниетанымды арттырып отыру.

 

Өзін –  өзі дамыту  жоспары

Өз бетімен зерделейтін мәселелер мен тақырыптарӘдебиеттерЖұмыстар дың нысандары мен әдістеріМерзімі
І Жалпы идеалогиялық мәдениетін арттыру.
1Еліміздің саяси әлеуметтік мәселелері бойынша жаңалықтарыҒаламтордағы  сайттары, қоғамдық – саяси және мәдени газеттер, телеарналарОқып танысуҮнемі
2Облыс, аудан  жаңалықтары сайты, «Орал өңірі», «Жаңарған өңірі» газеттеріОқып танысуҮнемі
ІІ. Оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық – психологиялық негіздері
1Педагогика саласындағы жаңалықтарwww.edu.gov.kz сайты «Қазақстан мектебі» журналы, «Қазақстан мұғалімі» газетіОқып танысуҮнемі
212 жылдық білім беруге көшудің пед-қ, психол-қ әдістемелік негіздері«12 жылдық білім», «Ұстаз» журналдары, «Жайық ұстазы» газетіТезистеуӘр апта сайын
3Педагогика – психология бойынша терминдер«Педагогика», «Психология» кітаптарыГлосарийКаникул кездері
4Педагогикалық технологияларӘдістемелік басылымдарГлосарийАй сайын
ІІІ. Теориялық және әдістемелік дайындық
1Информатика пәні бойынша әдістемелік шеберлікті арттыру«Информатика негіздері», «мұғалім.kz» журналдары,ТезистерҮнемі
2Информатика пәні бойынша оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыруЭлектрондық оқулықтар, сайттар, методикалық нұсқаулар, тесттер жинағы, дидактикалық материалдарОқушылар мен жұмыста қолдануКүнделікті сабақтарда
IV. Жалпы дүниетанымы
1Жалпы дүниетанымды арттырып отыруИнтернеттегі энциклопедиялар, танымдық газеттер мен журналдарОқып танысуүнемі

 

 

Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің тізімі

  • пәнді оқыту сапасын жетілдіруі (оқыту сапасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету)
  • шығарылған жинақтар, мақалалар
  • оқытудың жаңа әдіс-сәтілдерін, формаларын әзірлеу
  • дидактикалық материадарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау
  • әдістемелік нұсқауларды жасау
  • Тренингтерді, семинарларды өткізу
  • Зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені жинақтау.

 

 

Қазіргі таңда жаңа технологиялар саны күннен –күнге артып келеді, Бірақ соның өз сабағына  және өзінің де, оқушылардың да тез меңгере алатынын таңдаған жөн.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім  ғана жүзеге асырмақ.

Менің өмірдегі ұстанымым «Өзім үйрене отырып, өзгелерді де үйрету» болғандықтан, осындай семинарларға қатысып ақпарат ағынындағы жаңалықтарды өзім  үйреніп, әріптестерімізге және оқушыларымызға   жеткізіп  отыру ең басты  міндеттерімнің бірі  болып табылады.