Бастауыш сыныптарда оқушылардың сыныптан тыс оқуын ұйымдастырудағы тәжірибем.

110

 

Бастауыш сыныптарда оқушылардың сыныптан тыс оқуын
ұйымдастырудағы тәжірибем.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы — бастауыш сыныптарда берілетін
айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушылар білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері — баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға дейін ықыласын, іскерлік дағдысын қалыптастыру.
Бұл тұрғыда балалардың бастауыш сыныптарда қабілетін бейімділігін, қызығушылығын қалай дамытуға болады, оның болашақ жан — жақты жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеуге болады. Бұл тұрғыда көркем әдебиеттің маңызы зор.                              .                                 Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, жанымен жүрегіне жылылық ұялатып, білімін кеңейтіп, тередете түсуге көркем әдебиет зор әсер етеді.
Қазіргі жаңа бағдарлама талабына сай оқушының әдеби шығармаларды өздігінен оқуына үлкен көңіл бөлініп отыр.                                                                                                                          .
Сондықтан да сыныптан тыс оқу әдістемесінің басты мақсаты-білім беру жүйесінде         .
оқушының өздігінен оқу дағдысын қалыптастыру. Басты міндет-оқушының жас ерекшеліктеріне қарай, балалар әдебиетін таңдап оқи білуге, оқығанын саналы түрде түсініп, зердесіне тоқи білуге үйрету, сол арқылы өзін қоршаған айналадағы өмірді тани білуін, өзіндік пайымдауға, пікір айтыуға, оқиғаның мәнін, себебін, маңызын ұғынуға дағдыландыру.                                        .
Мектепке дейінгі кезеңде оқушы балабақшада немесе ата-аналарының көмегімен бірсыпыра кітаптар туралы азда мәліметте болады.                                                                               .
Бірінші сынып оқушыларына мұғалім өзі оқып береді, көбінесе түсінікті етіп мәнерлеп айтып  береді. Оқысаң да, мәнерлеп айтып берсең де сол оқыған кітапты балаларға көрсетіп, таныстырып отыру керек. Бұл балаларды қызықтырады, тіпті сондай кітапты тауып алып, өздерінің оқуына итермелейді.                                                                                                                .
Өз тәжірибесімде бұл- көп кездескен жайлар. Тек екінші жарты жылдықта ғана алғыр да зейінді оқушылар көмекке келе алады. Осындай оқушылармен 3,4 тоқсандарда алдын-ала арнайы тапсырылған тақырыптрды тауып, оқушыларды сыныптан тыс әдеби кітап оқудың дағдысын қалыптастыра бастаймын. Оқушылардың бастапқы кезде кітапты өзі тауып оқуы қиын. Сондықтан да ынталы оқушыларға өзім тауып беремін. Олардың сол кітап туралы әңгімелері өзге оқушылардың да өздігінен кітап оқуына көп әсер етеді.

 

 

.
Сөйтіп әр оқушы өзі оқыған кітаптардың тізбесін жасайды. Бұның бірі бірінші сынып оқушыларына тек мұғалімнің қатаң бақылауымен, әлсін-әлсін жүргізілетін жұмыс. Осы алғашқы сыныптан көңіл бөлінбесе, келесі сыныптарда ол оқушының әдеби кітаптар оқуы қиындық келтіреді.                   .
Жалпы оқушылардың әдеби кітаптар оқуы 2-4 сыныптарда қалыптастырады. Бұрын әдеби шығармаларды іздеп, оның көбі табылмай, зор қиындықтар көретін едік.                                      .
Қазір Атамұра баспасынан “Ана тілі ” хрестоматиялары шықты. Бұл жаңа сипаттағы “ Ана тілі ”
оқулығына қосымша оқу құралы ретінде құрастырылған тұғыш оқулық.                                       .
Бастауыш сынып бағдарламасына сай жасалған бұл хрестоматия бірнеше тараулардан тұрады.      .
Атап айтқанда 2-сыныпқа арналған хрестоматияда:                                                                                 .
1. “ Жақсыдан қашпа, жаманға баспа ” тарауында 28 тақырып,                                                        .
2. “ Еңбек етсең ерінбей ” тарауында 12 тақырып,                                                                               .
3. “ Өз елім-менің өзегім менің ” тарауында 29 шығарма,                                                                       .
4.  “ Бабалар сөзі-даналық көзі ” тарауында 30 тақырып,                                                                        .
5.  “ Жақсылардың үлгісі-жанып тұрған шамдай ” тарауында 22 шығарма,                                     .
6. “ Табиғатым-тал бесігім ” тарауында 43 шығарма,                                                                             .
7.“Ынтымақ-достық кепілі ” тарауында 25 шығарма бар.                                                                       .
Бұл шығармалар халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен туған әдебиетіміздің ақын жазушыларының таңдамалы шығармаларынан алынған. Мен өз тәжірибемде әр тарауды ана тілінен оқып өткен соң арнайы сағатта осы хрестоматиядағы шығармаларды сұрауға арнаймын.                                             .
Сабақтың мақсаты: хрестоматиядағы әр шығарманы оқушылар толық оқыды ма, қалай меңгерді, сол шығарма оның есінде қалай сақталды? т.б соны білу.                                                                         .
Ол үшін оқушыларға; “ Кәне балалар, біз ” “ Өз елім менің-өзегім менің” тарауын аяқтады              .
Осы тақырып бойынша кім хрестоматиядан қандай шығарманы айтып береді? – деп жалпы сұрау тастадым. Әрине осындай сабақтың болатынын балаларға брнеше рет ескертіп, кідіріс болмауы үшін, алдын-ала тәуір оқитындардан бірнеше оқушыларды мәнерлеп жатқа, мазмұндап айтуға дайындағанмын. Бұдан көп оқушылар хабарсыз болатын оқушылар қол көтерді.                              .
Қуандық Шаңғытбаевтың “ Туған жер ”, Медеу Сәрсекеевтің “ Туған жердің тасы да танымал ” әңгімесі, Ахмет Байтұрсыновтың “ Тарту ” өлеңі, Сафуан Шаймерденовтың “Оқығанның көзі ашық ” әңгімесі, Жүсіпбек Аймауытовтың “ Құштарлық” әңгімесі, Шона Смаханұлының               .
“ Анамның тілі-аяулы үні ” өлеңі жатқа айтылады, әдемі мазмұндалады. Оқушылар ұйып тыңдады.
Енді осы тараудағы шығармалар бойынша баланың ұғымын байқау үшін төмендегі сұрақтарды бердім:
1. Біздің Отанымызды, оның астанасын кім айтады?                                                                       .
2. Еліміз егемендігін қашан алды?                                                                                                     .
3. Не себепті туған жерді атамекен деп айтамыз?                                                                            .
4. Кім Британия мұражайынан ат басындай саф мысты көріп таң қалды? Неліктен?                .
5. Ағасы Абзалға Алматы метросы туралы қандай әңгіме айтты?                                               .
6. Республика президенті Н. Назарбаев жаңа Астана туралы не айтты?                                      .
7. Ахмет Байтұрсынов балаларға “ Даналық жолы ” деп нені айтты?                                            .
8. “Оқығанның көзі ашық”, “ Оқымаған адам соқыр болады ” деген мақалдың мәні қандай?  .
9. Айдалада кітаптан көзін алмай есіл-дерті оқуға кеткен кім? Ол не деп серт етті?                    .
10. Әр адамда өз анасынан басқа құдіретті төрт ана дейді бір ақын. Ол кім? Оның аналарын ата.
11. Жеңіс туын тіккен кім? Қашан? Қай жылы?                                                                 .
12. Ақын Әбділдә Тәжібаев “ Өссе төлім қайтемін, өссе тілім қайтемін ”, деді.                           .
Міне, осы сұрақтарға жауап алынады. Әрине, сұрақтарға толық жауап алынса, кей сұрақтардың жауабын екі-үш оқушы толықтырады. Кей жағдайларда өзім де толықтырып, сұраққа жауап тиянақтаймын.

 

 

Бұл хрестоматияның алғашқы тарауына арналған сұрақтың жүрісі  оқушыларға зор әсер етті. Кейбірулері оқымағанына қынжылды да.                                                                               .
Келесі тарау “Бабалар сөзі-дананың көзі” сабағы аса әсерлі де қызықты өтті. Оқушылар толыққа жақын қатысты.                                                                                                                                            .
Асан қайғының “Асыл сөз” өлеңінен не ұғындың?- деген  сұраққа бір оқушы “Асыл, қымбат нәрсе кез келген жерде жатпайды. Олар кез келген адамның қолына түспейді. Сондықтан да тереңде, адам қолы жетпейтін жерде, су түбінде. Асыл сөз де терең ойдан туады”, — деп жауап қайтарады.
Бұл сабақ оқушылардың топ-топқа бөлініп, жұмбақ пен жаңылпаш айтудан жарысымен аяқталды.
Міне, осылай 2 сыныптар үшін жыл бойына сыныптан тыс әдеби шығармалар оқуға хрестоматияны пайдалана отырып, жеті тарауға жеті сабақ өткіздім.                                                  .
Бұл балалардың таза, жақсы оқуына мазмұнын меңгеруіне, көркем шығармадағы ақын, жазушылардың айтпақ ойын пайымдай білуіне, дағдысын қалыптастыру үлкен әсер етті.               .
Ал 3 сыныпта бұл жұмысты одан әрі дамытып келемін. Бұл сыныпқа арналған                                 .
хрестоматиядағы алғашқы тарау “ Туған елім-Қазақстан”.                                                                     .
Мен бұл тарауды “Ақындар туған жерін жырлайды” тақырыбымен поэзиядан мәнерлеп оқу сағатын өткіздім. Кейбір оқушыларға Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек шығармаларын тауып беріп, қазақтың танымал барлық ақын, жазушыларын қамтуды мақсат еттім. Тақтаға әр ақын, жазушының портреті ілінді. Балалар өлең-жырға аса сүйсінді. Сабақтың екінші бөлімінде сұрақтарға жауап қайтарылды.                                                                                                .
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін, музыкасын жазған кім?                .
2. Әнұран болашақ ұрпаққа нені аманат етеді?                                                         .                                .
3. Отан дегеніміз не?                                                                                                                                    .
4. Қазақстанның қалаларын, таулары мен өзен көлдерін ата.                                                                 .
5. Сенің туған жерің, өлкең қалай аталады? Оның тарихы туралы не білесің?                                .     .
6. “Туған жер” тақырыбына шығарма жазып оны оқу.                                                                          .   .
Жоғарыдағы сұрақтарға оқушылардың жауабы өзі оқыған, естіген, көрген материалдарға негізделді. “Сені туған жерің” деген сұраққа бір оқушы: “Менің туған жерім Теректі, ол Сам құмының оңтүстік батысына созылған биіктеу мүйіс. Осы мүйістің төменгі етегіне ертеде теректер өсіпті. Ол кезде құмды түртіп қалса, тұщы су шығып жатады екен, содан Теректі аталыпты” –деп жауап берсе, енді бір оқушының жауабындағы: “Менің туған жерім-Сыңғырлау”. Бұл – анау сордан басталып, оңтүстікке қарай ағып жатқан ащыағар бойындағы құдық аты. Суы тұщы, мол болса керек.
Ертеде сәскеден бесінге дейін суарған малға еркін жетеді екен. Құдық түбінен сылдырап аққан арнаға сай Сыңғырлау деп аталса керек. Бұл құдықтан атақты әнші Қайып талай атын     .
суарыпты, — деген жолдар еріксіз назар аудартады.                                                                                .
Мұндай талқылау сабақтары оқушының көркем шығармаларды саналы оқуына, олардың көркемдік талғамындамытуға,пікір айта білуге, жолдастарының пікірімен санаса білуге, оқыған                      .
шығармасына дұрыс баға беруге үйретеді.                                                                                               .
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптарда сыныптан тыс көркем шығармаларды оқыту ісін жүйелі түрде ұйымдастырып, оқған жауапкершілікпен қарау – дамыта оқыту мақсаттарына қол жеткізеді.
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Сыңғырлау мектеп балабақша кешені» КММ