ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ

ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы.

Имангазиева Жулдыз Калиоллақызы.

№3 орта жалпы білім беретін

 қазақ мектебінің информатика

пәнінің    мұғалімі,   ІІ санатты

Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек». Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі күмән тудырмайды.

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу механизмін орындау – біздің міндетіміз. [4]

Сондықтан «мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін — өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады.Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады» .

Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі  оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрыңғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап отырады. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағғаттар арсындағы сәйкессіздікке баса назар аударуға негіз боып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл оқытуға керекті сағат санын арттырмай – ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады. [3]

Оқулық мектептің негізгі білім беру міндеттерін жүзеге асыратын, оқушыларды ғылым негіздерімен, мұғалім ұйымдастыратын оқу үрдісінің моделі – білім, дағды жүйелерімен қаруландыратын негізгі оқыту құралы. Бүгінгі күнге оқытудың электрондық оқулықтардың көмегімен ұйымдастыру оқушылардың білімдерін жетілдіруге, сабаққа қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. [1]

Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді. Педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды  сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу қажет» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.

Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрлымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді. Оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің  жанында жазуға болады.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».

Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.  [2]

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығынын күрт  артқандығы байқалады. Сондай – ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік , дидактикалық көмекші құралдарын молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой — өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесіне қалыспайтыны жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде  жүргізу үшін бір – бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік – жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын. Осы  электрондық оқулық оқушыға өз бетінше жұмыс жасап, оқу материалын меңгеруге, өзін — өзі тексеруіне және бағалауына, білім сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Информатика сабақтарында электрондық оқулықтың элементтерін пайдаланып өткізген сабақ жоспарымды ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы:

ЕхсеІ-дегі мәліметтер базасы.Диаграммалар.Есептеулер.Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:     1.Алдыңғы өтілген тақырыптар мен ЕхсеІ бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру. Оқушыларды осыған дейінгі біліммен  хабардар етіп қана қоймай,  жаңа тапсырмалар беру  арқылы білімді қалыптастыра отырып алған  білімдерін бекіту.

  1. 2. ЕхсеІ программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру.
  2. Компьютерлік технологияны тиімді пайдлану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұым істеуге дағдыландыру, әр түрлі

мәліметтер қорын, математикалық, физикалық, экономикалық, статистикалық есептер шығаруға үйрену.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақ әдісі: Жаттықтыру сабағы, / практикум/

Оқушылардың танымдық іс — әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша:

мәліметтер қорын, математикалық, физикалық

экономикалық, статистикалық есептер шығару.

Оқыту формалары: жеке

Құрал- жабдықтар, көрнекі құралдар: Дербес компьютерлер, компьютерлік Microsoft Front Page бағдарламасынан жасалған электрондық оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары, үлестірмелі топшамалар, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақ жоспары:

1.Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесінен қысқа нұсқау.

2.Алдыңғы сабақ өтілген материалды оқушылардың қалай игергенін білу

үшін. «Бекіту сұрақтары» интерактивті тақтадан  көрсетіп бекіту

3.Оқушылардың компьютерде отырып жасайтын топшаларды үлестіру.

4.Оқушылардың топшамалардағы тапсырмаларды орындауы.

5.Жасалған пратикум бойынша. Тест сұрақтарын орындау

6.Жасалған практикум бойынша оларға қою, үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1- сұрақ: Бұл программа не үшін қажет ?

2-сұрақ Таблицада анықталған формуланы бойынша автоматты есептеуді қалай іске қосамыз?

3 –сұрақ ЕхсеІ- де қандай команданың көмегімен график және диаграмма тұрғызуға болады.

ІІІ. Оқушының білімін тексеру (Үй  жұмысын қорытындылау)

Тест сұрақтары

1.Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?

А) Іске қосу  — программалар – Microsoft Excel

Б)  Іске қосу  — программалар – стандартты  — Microsoft Excel

В) Іске қосу  — құжаттар – Microsoft Excel

  1. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?

А) Тор, тақырып              Б) Тор, тақырып, аңыз           В) Тақырыптан

  1. Жаңа бет қосу үшін

А) Файл – лист                   Б) Вставка – лист                  В) Формат – лист

  1. Ұяшықтар қалай белгіленеді?

А) А6, Ң12            Б) Д12                 В) Ә15

  1. Ұяшық дегеніміз не?

А) Бағанның жалпы атауы           Б) Жолдың жалпы атауы

В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.

  1. Excel электрондық кесте не үшін керек?

А) Мәтіндерді еңгізу үшін;

Б) Есептерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін;

В) Эксперимент жүргізу үшін

  1. Барлық формулалар қандай таңбалардан кейін жазылады?

А) нүктеден кейін       Б) «+» кейін           В) «=» кейін

  1. Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады?

А) Файл – параметр        Б) Файл – шығу                В) Файл — өшіру

  1. Бағана мен жолдар қалай белгіленеді?

А) A,B,C,D,E,F, т.б. және 1,2,3,4,5,6 т.б.        Б) А,И,С,М және 1,2,3,4,5,6

В) A6,D12,F15, Q4  және 1,2,3,4,5,6

  1. Бағана ені мен жолдың ұзындығын өзгерту

А) Бағананың үстіне барып тышқанды шерту керек.

Б) Кез келген жерде тышқанды шерту керек.

В) Тышқанды бағанның аты бар жолды оң жақ шекарасында орналастырып курсор қос бағдарша түріне айналғанда, сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей басып тұрып қажетті бағытқа өзгерту керек.

2.Оқушыларға үйлестіретін карточкалар.

№1. Математикалық есеп.

Y=X2,  Y=2X+9  функцияларының графигін тұрғызыңыз.

№2.  Математикалық есеп.

Y=-2X2+5, Y=2x2+1   функцияларының графигін тұрғызыңыз.

№3. Экономикалық есеп.

Қызметкерлердің тізімін, жалақысын, табыс салығын, зейнетақы қорын жазып, қолына алатын жалақысын есептеп, диаграмма шығару.

 

БөліміЛауазымыФамилиясы, атыАйлығыТабысы салығыЗейнетақы қорыҚолына алатыны
1ЖабдықтауДиректорАзимов асқар5600044801120
2ЖабдықтауМенеджерКомеков Асхат450003600900
3БақылауАудиторДастанова Рабиға430003440860
4БақылауСекретарьТастанова Камила230001840460
5Шару.бөлімЕден жуушыҚадырова Ардақ162001296324
6Шару.бөлімҚарауылКаримов Азим173001384346

№4. Статистикалық талдау.

Кестеде Қазақстан Республикасы бұқаралық құралдарының тілдер бойынша

1996 жылғы саны берілген.Осы мәліметтер негізінде әрбір категориясы

бойынша %  тік қатынасын өзі анықтайтындай етіп, жеке жеке диаграммалар

тұрғызыңыз.

Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының тілдер бойынша 1996 жылғы саны.
ГазеттержурналдарТеле-радиокомпаниялар
Қазақ, орыс тілдерінде4139719
Қазақ тілінде3711
Орыс тілінде4126826
Басқа тілдерде21171

 

№5. Физикалық есеп.

Төмендегі кестеде тізбек бөлігі үшін кернеүі тұрақты болғандағы, кедергінің мәнінің5 Ом<R<14Oм аралығындағы өзгерісі көрсетілген I=U\R пайдаланып ток күшін есептеңіз және графигін тұрғызыңыз.

I,A
R,Oм567891011121314
U,B20202020202020202020
  1. Оқушылар тапсырмаларының жауаптары./ қағазға басылған түрі/

IV.Бекіту сұрақтары

  1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
  2. Бұл программа не үшін қажет?
  3. Барлық формулалар қандай таңбалардан кейін жазылады?
  4. Мәліметтер қорын дайындау үшін қандай команда орындау керек?
  5. Ұяшық дегеніміз не?
  6. Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады?
  7. Excel программасын қалай сақтаймыз?
  8. Диаграмманы қалай кірістіреді?
  9. V. Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды бағалау кезінде сабаққа қатынасып отырған оқушылар ойымен де санасатын боламын

VI.Үй тапсырмасы.

Өздеріңіздің жасаған жеке тапсырмаларыңызды тексеріп, саралап келіңіздер және дәптерлеріңізге сол туралы отчет жазыңыздар.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Абуева А. «Электрондық оқулықтарды пайдалану» //Информатика негіздері №4.2006ж. 6 – бет.
  2. Башарова К. «Технология дистанционного обучения информатике», «Организация обучения информатике» www.Google.ru
  3. Дәуітова Т. «Оқытудың жаңа технологиясы» //Информатика негіздері №6.2006ж. 2 – бет.
  4. 4. Өтегали Е. «12 жылдық білім беру» //Информатика негіздері №1.2008ж. 12 – бет.