Шығармашыл ұстаз

138

 

Тақырыбы: Шығармашыл ұстаз

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

1.  Шығармашыл ұстаздың жеке тұлғасы

 

  1. Ұстаздың негізгі педагогикалық бағыты

 

  1. Пегагог маманның біліктілігі

 

  1. Пегагог маманның оқыту технологияларын қолдануы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашыл ұстаздың жеке тұлғасы

 

Педагогикалық орта – тәрбиенің ошағы. Оның баланы тәрбиелеу мен оқытудағы  еңбегі, мәдениеттілігі, шеберлігі, әр адамның іскерлігіне назар аударуы әсерін тигізеді.

Педагогикалық арнаулы орта, жоғары оқу орындары – ұстаздыққа жан-жақты үйретер отырып, оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне қанығады. Оқушылар ісі мен біліміне байқау, зерттеу, бақылау жұмыстарын жүргізе отырып, өздерінің мамандығы бойынша тәжірибе жинап, шеберліктерін қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаздың негізгі педагогикалық бағыты:

1 Балаға

2 Жеке басына

3 Пәнге бағытталған

 

 

Осы мақсатта мұғалімнің 3 негізгі біліктілігіне тоқталсақ:

  1. Проблеманы шешудегі біліктілігі
  2. Ақпараттық біліктілігі
  3. Коммуникативті біліктілігі

 

 

 

Проблеманы шешудегі біліктілік

  • Проблеманы анықтау
  • Мақсат қою
  • Технологияны қолдану
  • Жоспарлау(Оқушы өз қабілетін анықтау)
  • Істелінген іс-әрекетке баға беруі(не білдім?)
  • Өзінің жетістігін бағалай алу

Оқушы өз әрекеттеріне рефлексиялық талдаулар жасалуына, өз біліміндегі олқылықтарды бағалай алуына өз мүмкіндіктерін  дамытуына қолайлы орта туғызу арқылы  рефлексиялық сапалары қалыптасады. Рефлексия-субъектінің психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі.

 

Ақпараттық біліктілік:

1 Ақпараттық ізденіс

2 Ақпаратты алу

3 Ақпаратты өңдеу

Ақпаратты өңдеуде логикалық қабілеттерін арттыру

 

Коммуникативті біліктілік:

  • Сауаттылық
  • Көпшілік алдына шыға білу
  • Диалог( сөйлей білу мен тыңдай білу)

 

«Мұғалімнің басты міндеті – жоғары деңгейдегі адамгершіліктің иесі болу, өзінің білімі, еңбекқорлығы, адамдарға деген мейірбандығымен оқушылар үшін үлгі болу, жеке өнегесімен оларды тәрбиелеу».

Қазіргі зерттеушілердің барлығы да мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің ең бастысы – балаға деген сүйіспеншілік көзқарас, мұғалім үшін тағы бір маңызды мәселе — өзіндік білімін жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға деген құлшынысының болуы. «Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен бастап, оның бойында мұғалімдік те жоғалада».

 

 

3 сабақта мұғалім сыныпты 5 оқушыдан кем емес етіп топтарға бөледі. Әр топтың басшысы сайланып, тапсырманы оларға түсіндіреді, топтың жалпы деңгейіне байланысты баға қойылады.

 

Сезімталдылықты дамыту сатылары:

1.Ойын айта білу( мысалы: Мына затпен  не жасауға немесе қандай мақсатта қолдана алады? Ручка)

2.Сөздердің  синонимін айла білу.(жылдам)

  1. Берілген заттың немесе бейненің неге ұксас екендігін айту. Мыс: Бұлт
  2. Икемділікті дамыту
  3. Біртума ерекшелікті дамыту( Мұнда оқышыларға қысқа әңгіме оқып беріп, оған ат беру)
  4. Ауызша зерделілікті дамыту.(мысалы: сөз тіркесін айтып, балалар оның суретін салу.)
  5. Мағынасын ашу.(мысалы:берілген заттың қандай мамандық белгісі екендігін анықтау, ручка)

Оқушының шығармашылық қасиетін (әр оқушының бойындағы мүмкіндік пен қабілетті ашу) дамыту,  эмоциялық қолайлы орта туғызу, өз табиғатына сай өзін еркін ұстай білуіне жағдай жасау маңызды. Кез келген жастағы оқушы өз өміріндегі оқиғалар мен ситуацияларды талдай білу, бағалау арқылы өзгертуге, өз өмірінің субъктісі болуына ықпал ету-оқушының  педагогиканың басты мәселелерінің бірі.

 

 

Педагог шеберханасы.

Бұл технологияның негізін салушылар белгілі психологтар- Поль Ланжевен, Анри Валлон, Жан Пиаже т.б. Негізгі мақсаты: тұлғаның өзіндік дамуына жағдай жасау.Мұнда  берілген бірқатар тапсырмалар оқушының тапсырманы орындауда шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндік береді