Қазіргі заманғы мұғалімдердің кәсіптік дайындығының түйінді мәселесі мен болашағы

111

Қазіргі заманғы мұғалімдердің кәсіптік дайындығының

түйінді мәселесі мен болашағы

 

Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.

Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Мысалы:мен оқушыларға «Абай жолын» оқыта отырып, әр тарауларына тілдік талдаулар, сонымен қатар, ізденіс жұмыстарын, тест жұмысын құрастырғыздым.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Қазіргі таңда жаңа технологиялар саны күннен –күнге артып келеді, Бірақ соның өз сабағына  және өзінің де, оқушылардың да тез меңгере алатынын таңдаған жөн.

Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды  талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, әртістік машығының дамуына жол ашады.

Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген мұғалім  өз бетінше білім алу, іздену, интернет саиттарға кіру, пәндік олимпиадаларға қатысу. Сонымен қатар,  «Қостанай дарыны»Республикалық ғылыми зерттеу орталығының сайт арқылы өткізілген пәндік олимпиадаларына қатысып, өз біліміңді көрсетумен қатар, өзіңе-өзің баға бересің, қазіргі таңда менің білімім қай шамада деген ойға қаласың. Бірақ біздің мектепте бұндай сайтқа кіре алмаймыз, ел жағалап, қай жерде интернет бар соны іздейміз. Қарашаның жиырма тоғызынада осы мекеменің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиетінен  олимпиада өткелі отыр. Интернеті бар  жерлерге барып тапсыруға тура келеді. Бұл ең бастысы өзіміз үшін.

Мұғалім шығармашылығын дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді.                      Мұғалімнің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе алу, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білу сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады.

Кәсіби шеберлігі  дамыған мұғалім  білім мазмұнын, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, оқушылар ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен тактикаларына жетік болады.       Сонымен қатар, оларды дер кезінде еске түсіріп қажетіне жарата алу оның басты құндылықтарының бірі болып табылады.

Кез- келген жаңалық ең алдымен адамның қиялында пайда болатындықтан кәсіби шығармашылықтың тағы бірі – фантазия. Әр сабақты ерекшелендіріп, қиялмен құрса бала да қызыға оқиды. Бұл ең алдымен әдебиет пәніне жақын қазіргі балалар көркем шығармаларды оқымайды, ол үшін берілген шығарманың басын бастап, мысалы: Аянның тағдыры не болды, Тортай өзі армандаған ақ боз атына мінді ме немесе  «Абай жолы» романын оқытқанда да, өте көп, үлкен шығарма деп оқымайды, онда да Әбдірахман қалай ауырды екен, қай кезден ауыра бастапты, қай тарауда, Мағауия да жастай қаза тапты неге, оның ауруы жұқпады ма екен, екі баласынан кейін Абай қандай  күйде болды, десек бала ізденіп қарап келеді. Тарауды тауып, астын сызып келеді.

Жақсылық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасалған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады.                     Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына, бастайды. Ол адамның жоғары белсенділігінен, жұмысқа деген құлшынысынан туады.

Шабытты шақтарында адам бойындағы бар күш жігермен әрекет етеді.

Шабыттылықта  еркіндік, шешімділік, тәуекелшілдік, тапқырлық, өнертапқыштықтың алатын орны ерекше. Шабыт беріп, жігерлендіріп отыратын оқушының жетістігі мен мектеп әкімшілігі.

Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін тигізетін тағы бір басты мәселе –мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Жаңа сабақты  түсіндіргенде де, мәтінді мәнерлеп оқығанда да дауыс ырғағын өзгертіп, шығармаға сай, аянышты жерінде дауысыңды дірілдетіп, өктем жерінде дауысыңды  қаттырақ  шығарып оқысаң оқушы жалығып кетпей қызыға тыңдайды.

Шеберлігі жетік дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби шығармашылыққа қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби дайындығы -бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Бүгінгі заман талабы  —  жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы  қажет.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім  ғана жүзеге асырмақ.

Сіздерге бірнеше  ойландыратын сұрақтар  қояйын:

 

  1. Сіздер мектепке қуана келесіздер ме? Әлде ақша үшін бе?

 

  1. Білім берудегі табысыңызды өзімнің кәсіптік дайындығымның жемісі деп ойлайсыздар ма?

 

  1. Оқушының түсінбей қалған тақырыбын өзімнің қателігім деп есептейсіз бе?