Сыныптан тыс оқыту.

Түркістан қаласы

 №19 жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Бабаева Жұлдызай.

 

 

Сыныптан тыс оқыту.

 

 

Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай- қандай болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігі, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Шығармалардағы кейіпкерлер іс – әрекетіне еліктейді, солардан үлгі өнеге алады, дүние танымы кеңейе түседі. Осыдан бастап сыныптан тыс оқудың мақсаты да айқындала түседі. Ол балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығы арттыру оқу – жазуға үйретуді жетілдіре түсу. Олай болса сыныптан тыс оқу жұмысын неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тиімді де жемісті болмақ. Басқаша айтқанда бала мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сыныптан тыс жұмыстары жүргізілуі тиіс. Себебі, сауат ашудың алғашқы кезеңде балалардың тілін, ақыл – ойын дамыту жұмыстары түрлі – түсті суреттерді, суретті кітаптарды көрсету, мәнерлеп дауыстап оқып беру арқылы жүргізіледі. Сондай – ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады. «Әліппе» және «Ана тілі» оқулықтарында берілген бағдарламалық көркем ерекшіліктерін түсінулеріне аса зор пайдасын тигізеді. Балаларды өздері оқыған шығармаларына, олардағы кеіпкерлер іс – әрекетіне өзінше баға беруге жетіледі.

Міне сондықтан да кітаптың атқарар қызметі орасан зор. Басқаша сөзбен айтқанда кітап – екінші ұстаз. Кітап оқу арқылы бала бүкіл әлеммен, онда жасаушы адамдармен, мінез құлқы, жан сырымен танысады. Солардан тағылым алады. Олай болса, мұғалім барлық мүмкіншіліктерін, айла – тәсілдерін пайдалана отырып баланы кітап оқуға қызықтыру міндетті.

Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басты да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек . бұл байланыстылықты өзара жұмдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетке қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы арқылы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады. Қашанда ізденгіш балаларды жанымен жақсы көретін өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті білімді болады. Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргізу, олай жүргізбе деп айтудың нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі жоғарында айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуін, соны кеңейте түсуін ескерген жөн. Мысалы, табиғатқа ондаған жан – жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің «Тауға біткен жалбыз» кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады. Атап айтқанда «Айқас» әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңі түсінетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе «ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады» деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог – лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді.

Бағдарламалық материалға сай белгілі бір жазушының не ақынның шығармасын өткенде сол жазушы немее ақын туралы балалардың белгілі келетіні даусыз. Сондықтан оқытушы олар туралы (Өмірбаяны, мекне жайы, қайда еңбек етеді, қандай шығармалар бар, олардың қайсысын оқуға ұсыну керек) өзі алдын ала дайындалып келуге міндетті. Осымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің үнемі есте сақтайтын нәрсесі – сыныптан тыс жұмыстың тіл дамыту мен байланысты екендігі. Себебі, оқу барысында балаларға түсініксіз сөздер , сөз тіркестер кездесуі мүмкін. Оларды түсіну үшін бала :

  1. Ата – анасын не аға – әпкелерінен көмек сұрасын;
  2. Өзі түсінуге тырыссын. Ол үшін

а)  Берілген үзіндіні қайта – қайта оқысын;

б)  Мәтінді толық оқып шығып, ой қорытсын.

  1. Сыныптан тыс оқуға берілетін мәтіндегі қиын сөздерді, сөз тіркестерін

мұғалім  алдын – ала түсіндіріп жіберсін.

Міне сонда ған дүниетанымы кеңейеді, тілі мен ойы, ойлау қабілеті дамиды. Ал бұл балалардың ынтамен жұмыс істеуі дағдысын қалыптастыруда аса зор қызмет етеді.