Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

64

Түркістан қаласы

 №19 жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Бабаева Жұлдызай

 

Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

 

 

Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:

            а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, кателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;

            ә. Көрнекті құралдар, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;

            б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;

           в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай-ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл –кеңес беріп отыруы керек.

Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған «Балдырған» журналы мен «Түркістан Ұланы» газеті «Алтын сандық» газеттерінің  үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса, кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін),  мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керіктігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.

Ұйымдасқан түрде кітап оқу.

Бұл жұмысты әртүрлі жолмен жүргізуге болады :

а) Бірлесіп дауытап үйде оқу тапсырылады;

ә) Кітапты қай уақытқа дейін қанша бет оқу керектігі белгіленеді;

б) Сынып оқушылары түгел оқып шықаннан  соң, оқылған шығарманы талдау, ол туралы пікір алысу уақыты тағайындалады. Себебі, кейбір оқушылар ұйымдасып оқуға қатысқанымен, ойы басқа жақта отырады. Міне, сондықтан мұғалім жеке оқушылардың кітапта оқығасын қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін, кітаптың мазмұнына орай сұрақ қою арқылы бақылау жасайды. «Сен нағыз қызық жерін таңдамапсың, мына жерін қайтадан тағы оқып шықшы» деп тапсырма беру арқылы, оқушы өз кемшілігін өзі түсінетіндей бағыт беріп отыру қажет. Мұнда зеку, жеке еш нәтиж бермейді.