Өз бетінше мәнерлеп оқу.

81

 

Өз бетінше мәнерлеп оқу.

Бастауыш сынып оқушыларының дұрыс өз бетінше оқуын жетілдіруде қойылатын бағдарламалық талаптың бірі оқушыны мәнерлеп оқуға үйрету болып табылады.

Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай , сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстардың анық етіп оқу.

Көркемшығарманың негізгі ой терегін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес .

Оқушыны мәнерлеп оқуға үйретпейінше оны мәдениетті сөйлеуге үйретеміз деп айта алмаймыз. Ал мәдениетті сөйлеу дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері , болып табылады. Осыларды үйрету негізгі бастауыш мектептен басталады және қаланады.

Оқушы мектеп есігін ашқаннан бастап – ақ оқыған сөзінің мағынасын түсінуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыс түрлері мәнерлеп оқуға жол ашып отырады. Мұғалім жеке сөзді, сөйлемдерді оқу кезінде оқушылардың тек оқып шыққанына қанағаттанбай , оның мағынасын ашуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Яғни оқушы оқып тұрған сөзін, сөйлемін өзі түсініп тұр ма соны анықтап, егер оқушы түсінбесе, мұғалім қосымша түсіндіреді. Осыдан кейін мұғалім оқушының берілген сөзді не мәтінді үстірт оқымай дауыс ырғағымен оқуын қадағалап отырады. Қазақ алфавитіндегі әріптердің дұрыс, анық аталуын оқушыны жаттықтыру үшін баланың ауыз қуысындағы тіл, ерін тыс, жақтарын жаттықтыруы өз бетінше жұмысын жүргізген дұрыс. Осы талаптарды орындауға және артикуляциялық, жаттығуларды жүргізуге төмендегідей кестелерді пайдалануға болады:

І кесте

Әл, ал, ол, он, күл

Ел, іл, ет, ес, от.

ІІ кесте

Үйыр, үйір, жиыр, сүйір.

Тас, тос , төс, бас, бос.