«ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӘКЕНІҢ РОЛІ»

96

 

БАЯНДАМА

«ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӘКЕНІҢ РОЛІ»

 

Бүгінгі күні отбасы тәрбиесіне байланысты «Қазақстан-2030» бағдарламасында болашақ ұрпақты алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі нақты айтылған. Сонымен бірге, өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті отбасы туралы Заңда, жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына жүктелген.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелерінің саны азайып, әсіресе онда бала саны да кеми түскені анық. Әсіресе, қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси жаңғырулар мен әртүрлі қоғамдық сипаттағы және әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасулар отбасы мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі.   Бүгінгі нарық жағдайында ата-аналардың көпшілігінің  жұмыс бастылығы бала уақытының көбін енжар тәрбиешілермен өткізуге алып келіп отыр.  Бүгінде қалалық отбасына тән бала тәрбиесі келесі ерекшеліктермен шартталып отыр: отбасында балалардың көбісі күннен санап көбейіп отырған ажырасулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өсуде; теледидар, жеке бөлме, т.с.с. өркениеттің жетістіктері, әсіресе талаптардың материалдық құндылықтармен өлшемденуі балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындата, күрделендіре, тіпті шиеленістіре отырғаны белгілі.

Бүгінгі күні отбасы жайлы мәселелер көптеген ғылым салаларының зерттеу нысаны ретінде қарастырылып келеді. Бұл ғылыми зерттеулерде отбасы ұғымының мазмұны ашылып, оның құрылымы, функциясы, ондағы мүшелердің өзара қарым–қатынасы және оған қатысты мәселелерді шешуде көптеген тұжырымдамалар ұсынылды. Бұл ғылыми тұжырымдамалар  қазіргі кезде ғылым саласында өз орнын тауып, практикаға енгізілуде. Жоғарыда атап көрсеткендей, тұлға дамуында отбасы мәселесіндегі қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Осы отбасылық қарым-қатынастың нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптаса отырып, тұлғалық үйлесімді дамуда жетекші факторлардың бірі болады.

Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы мен сезімдер сипатына ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста оның әрбір мүшесінің рөлі ерекше болып табылады. Отбасында ана баланы өмірге әкеледі, оны ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді және мәпелеп өсіреді. Анадан бала эмоциялық жылық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Бір көзқарастарда балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоциялық қолдау деп есептесе, үшіншілері әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі деген тұжырымдарды ұсынады [63;64;65]. Қазіргі таңда әкенің рөлі қалай болса да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек әр адамның жауапкершілік сезіміне тәуелді болып келеді.  Себебі, қазіргі таңдағы жаһандану жағдайында, әсіресе еуропалану уақытында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Отбасылық дағдарыстардың белең алуы көп жағдайда еліктеушілік қасиетімізге байланысты екені ешкімге күмән туғызбас. Сондықтан бала тәрбиесіндегі мәселелер, әсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі керек. Бұл жағдайлар жоспарланбаған сәбилердің дүниеге келуінен, жас отбасылардың дағдарыс жағдайларының, жауапсыздық сезімдердің алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс.

Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Екі ұрпақты отбасыда: әйелі мен ерінің, әке мен шешенің, балалардың, ағалардың және қарындас, сіңлілердің рөлі негізделеді. Ал, үш ұрпақтық отбасыда ата мен әженің, ене мен атаның, күйеу бала мен келіннің, қайындар мен балдыздардың рөлі қосылады.

Отбасындағы ата мен баланың қарым-қатынасына ешкімнің күмәні жоқ. Ана баланы өмірге әкеледі, ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді, өсіреді. Ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Біреулер-балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоционалдық көмекте дейді, ал үшіншілері «Әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі» деген ойда. Қалай болса да әкенің рөлі ананың рөлінен кем болмауы керек. Ол тек әр адамның жауапкершілік сезіміне байланысты болады.

Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

Өскелең ұрпақ тәрбиесінде әкенің ықпалы зор. Ер адамдардың отбасындағы басты міндеті туралы пікірлердің алуандығынан кейде ой қайшылықтары туындайды. Сарапшылар қауымы азаматтардың отбасындағы ғана емес, тұтас қоғамдағы рөлін саралап алуға кеңес береді. Бұл орайда М.Қабақова: «Зерттеушілердің көпшілігі тіпті, еркектердің рөлінің дағдарысқа ұшырағанын көлденең тартады. Аталған дағдарысқа бірнеше себеп бар. Бастысы, еркектер мен әкелердің көпшілігінің бастапқы беделі мен мақсат-міндетіне сәйкес келе алмауы. Күйеуі мен әйелі отбасындағы өздерінің рөлін, кімнің неге жауап беретінін жете түсінуі қажет. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың екеуі де өздерінің отбасылық рөлдеріне қанағаттануы шарт. Бұл шаңырақтағы үйлесімділік пен тұрақтылыққа кепіл болады» дейді. Бұл орайда психолог маман баланың тұлға ретінде қалыптасуына әке мен шешенің қандай ықпал ететінін мысалға келтіреді: «Ананың міндеті – бала күтімі, қамқорлық, байланыс, эмоционалдық қолдау. Әкенің міндеті – стратегиялық жос­парлау, сарапшылық міндет, ойындар бойынша серіктестік».

Психологтар бала тәрбиесінде, әсіресе ұл баланың келешегіне әкенің ықпалы қажет екенін айтады. Ол үшін әке ұлымен сәби кезінен бастап дос болуы керек: «Әкесіз өркениет жоқ. Осы себепті әкелер қоғамдағы өз орындарын қайта иеленулері қажет. Қоғамның құрылуы әкелерден басталады. Оны шешудің бірнеше жолы бар: отбасы проблемалары бойынша зерттеулер жүргізу; қоғамдағы ерлердің рөлін әке ретінде де, азамат ретінде БАҚ, кино арқылы арттыру; бала бойындағы тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда әкенің рөлі жоғары екенін көрсету; психологиялық тұрғыда үлгі тұтуға болатын отбасыларды насихаттау; «Жас отбасылар мектебі», «Болашақ әкелер мектебі» т.б. курстарын ашу керек». Сонымен қатар сарапшылар отбасылық құндылықтар, шаңырақтағы отағасылардың міндеті мен мақсаты, аналық міндеттер, бала тәрбиесі, аталар мен әжелердің рөлі т.б. туралы газет-журналдар шығаруға ұсыныс айтты. Қазақстанның Психологтар ассоциациясының өкілі Нина Настичтің мәлімдеуінше, халықаралық статистикада Жер шарында бақытты адам жоқтың қасы. Бақытты болудың шарттары бала бойына бесіктен сіңуі қажет. Сондықтан ұл мен қыз тәрбиесінің екі түрі болуы керек: «Қазіргі қоғамда отбасылық, білім, тәрбие, медицина, ғылым т.б. салаларда дағдарыс байқалады. Ал дағдарыс дегеніміз отбасылық тәрбиеден басталады емес пе? Адамдар арасындағы қарым-қатынаста өзімшілдік шарықтау шегіне жетті. Бірақ өзімшілдік адамдардың белгілі бір деңгейге дейін жетуіне үлкен ықпал етеді, сол үшін де қажет. Еркектердің тәрбиесіндегі маңызды жайт: 0-3 жас аралығында балаға әке қажет емес, 3-8 жас аралығында әке баланың сенімді досына айналуы тиіс, 7-18 жаста – тәлімгері, 20 жастан кейін баланы тәрбиелеудің қажеті жоқ. Ол – ендігі дайын өнім. Оны өзгерту мүмкін емес».

Аға – бір әке-шешеден туған (немесе бір рудағы ағайын-туыстың) жасы үлкен жігіт. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны жөн. Олар жұмыс істеп жатса, жастар: «Мен істейін», – деп қол ұшын беруі керек. Аға – жасы кішілер үшін айбар, қорған, сүйеніш әрі мақтаныш.

Іні – бірге туған ағайынды адамдардың ер жынысты жасы кішісі. Оның жасы кіші болғандықтан жолы да кіші болады. Ол аға, апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиіс. Ағайындылар бас қосқанда жеңіл-желпі жұмысты іні атқаруға тиіс. Іні – аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қоланаты, сенімі, үміті. Ескере жүретін бір жай – інінің баласы ағаға бала болады, ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді.

Әке – ұрпақ  иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.

Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады.

Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», «қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Әсіресе,  ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса керек.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.

«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.

Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Баланың өмірінде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда әкеге байланысты. Ары қарай өмір теңізінде кез болар қиындыққа төтеп беру де, суға кету де осы бағыттың нәтижесін бермек.