«Оқу мен оқытуда ақпаратты-коммуникативтітехнологияларды қолдану тиімділігі» (семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)

54

 

 

 

 

 

 

 

«География сабақтарында ақпаратты-коммуникативті технологияларды қолдану» атты география пәні мұғалімдерінің қалалық семинарында

өткенкоуч-сессиясында оқылған баяндама

 

Тақырыбы:

«Оқу мен оқытуда ақпаратты-коммуникативтітехнологияларды қолдану тиімділігі»

(семинарға келген ұстаздармен жүргізілген жұмыс)

 

 

«Оқу мен оқытуда АКТ-ны қолдану тиімділігі»

 

Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін.

Конфуций.

 

Ақпараттық-коммуникативті технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық   жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестік күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деп атап көрсетті»

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникативті технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдылық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы Ақпаратттық-коммуникативті технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.

Тұжырымдамалық модель (құрылымы) арқылы теориялық білім арқылы сынилықтың артуы, тәжірибелік білім арқылы құзыреттіліктің артуы білікті мұғалім үшін, осы тұжырымдамалар өзара тығыз байланыста болуы қажет.

Технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:

  • Теледидар бағдарламалары;
  • Сандық теледидар;
  • Интернет/WWW;
  • Ұялы телефон;
  • Ұтқыр қондырғылар;
  • Компьютер/ноутбук.

Білімнің технологиялық аспектілері (БТА)

Сандық сауаттылық – бұл сандық (видео) сауаттылық технологияны пайдалана отырып, ақпараттық орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін сыни тұрғыдан ойлауын әлеуметтік хабардарлығын оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді.

Технологиялық, педагогикалық және мазмұнды білім (ТПМБ)

АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді.

 

Дәстүрлі педагогика Жаңа педагогика
 Кітапта қанша бар болса, сонша және мұғалім қанша айтса, сонша білу Нені білуді және нені еске сақтауды шешу
Мұғалім оқушыға білім береді Мұғалім оқушыларға ақпараты бағалауға, таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға жазады Оушылар дискіге жазады және желіде жариялайды
Анық, қолмен жазылған есеп Кәсіби,қағазға басылған құжаттар
Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы шектеулі Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі
Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады және мұғалімге ғана оқуға болады Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және тексеру кезінде пікір алмасады

 

Ақпаратты оқыту технологисының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ең алдымен оқушының танымдық ойлау қабілеті мен білімі артады. Оқушылар шығарған есептерін өз беттерінше мұқият тексеріп, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын қалыптастырып, өзіне-өзі баға беру арқылы шығармашылыққа тәрбиелейді.

Флипчарт-бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Сілтемелер арқылы бірнеше обьектімен жұмыс істеу. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
  • Алған білімді жүйелеу;
  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру арқылы, қөзбен көру жадыны іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндігі, көпшілігі естігенін 5%, көргенін 20%,аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40%50%дейінартады.

Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда-мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін  тиісті деңгейде көтеру, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру

XXI ғасыр –ақпарат ғасыры, сондықтан: «Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем».

Қолданылған материалдар