Өзекті бағыт

79

 

Өзекті бағыт

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуы осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басымдықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.

Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші.

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Келешектегі ұрпақтың қоғамда өзін-өзі қалай ұстайтындығы және ел азаматы ретіндегі Отан алдындағы жауапкершілігі көп жағдайда ұстаздың еңбегіне байланысты.

Кемелді келешек, баянды болашаққа жетелейтін, Президент Жолдауында айтылғандай әл ауқаты жоғары, білімді ұрпақ тәрбиелеу  ізденімпаз, ерік жігері күшті, шығармашылық жетістіктерге талпынған, жаңашыл ұстаздардың қолында. ХХ ғасырдағы ұстаздың негізгі құралы қағаз бен қалам, тақта мен бор болса, жаңа заманның ұстазға қояр талабы зор. Қарапайым оқулықтарымыз электронды оқулықтармен, қара тақтамыз интерактивті тақтамен, қағаз қаламымыз компьютер экранымен ауысқан ХХІ ғасырдың ұстазы да заманауи ұстаз болуы қажет.

Қай заманда болмасын мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру. Мұғалімнің педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер негізінде белгілі болып отырған оқыту әдіс-тәсілдерін игеріп, оның ең тиімдісін таңдап, олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре отырып қолдану оның шеберлігінің белгісі.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бұрынғы білім беру жүйесі, әдіс тәсілі ескере бастағандықтан, бүгінгі таңда елімізде жаңаша оқыту жобасы қолға алынғаны белгілі. Жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту 4 бағытты қамтиды. Олар модулдік технология, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау.

Осы кезеңдерге дейін оқушы мен мұғалім оқулыққа бағынатын тыңдаушы  ғана еді,  енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналу үстінде. Соңғы жылдары педагогикалық кеңістікте көптеген әдістер мен ілімдер бой көтергені жайлы жоғарыда айтып өттім. Солардың қатарында «Сын тұрғыдан ойлауды жазу мен оқу арқылы дамыту» атты технологиясына тоқталсақ. Бұл технологияның мақсаты барлық жастағы оқушылардың кез-келген мазмұн мен түсінікке сыни тұрғыдан қарап, өз пікірін қалыптастыруға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – оқушыларды жоғары ойлау, сынау деңгейіне жеткізетін шыңдалған әрекет.

География сабақтарында қолдануға өте тиімді бұл бағдарламаның ғылыми негіздері ретінде Л.С.Выготский, Ж.Пиаже, Д.Дьюи еңбектері алынған. Сонымен қатар «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жинақталған білім берушілердің бірлескен еңбектерінің нәтижесі.

Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшеліктер көп. Құрылым үш деңгейден (қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен) тұратын оқыту мен үйретудің моделі. География сабақтарында әр фаза бойынша қандай іс әрекеттер атқарылу керектігін кесте түрінде көрсетуге болады.

 

1-саты 2-саты 3-саты
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ой толғаныс
1. «Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылар қызығушылығын ояту.

2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

3. Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады.

1. Мәтінмен өздері танысады.

2. Топтастыру стратегиясын пайдалану

3. INSERT стратегиясын қолдану

4. Интернет ақпараттарын алу

5. Баспасөз қашықтықтан оқыту ақпараттарын пайдалану

6. «Болжау» стратегиясы

7. «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы

1. Венн диаграммасы

2. Семантикалы карта

3. Топтық жұмыс

4. Сауалнама

5. Тест

6. Сөзжұмбақ

7. Бес жолды өлең (синквейн)

8. Жалпы сабақты қорыту сұрақтары қойылады.

 

Қазіргі таңда еліміз бойынша оқу мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтары қолдануда. Ал, жаңа мазмұнды ескі әдебиеттермен енгізуге болмайтыны айқын. Соған орай бүгінде жаңа технологияларды қолдану талап етіліп отыр, жүзеге асырылып та жатыр. Осы тұрғыдан өтілетін сабақтың қай түрі болмасын сабақтың үш фазасын түгел қамту керек. Ол сыни тұрғыға тән заңдылық.

«Сыни тұрңысынан ойлауды дамыту» технологиясы:

— кез келген мұғалімге сапалы сабақ беруге мүмкіндік жасайды;

— оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастырады;

— баланың қиялын дамытып, жеке «менін» қалыптастырады;

— өз ойын еркін жеткізуге оқушылар дайындалады;

— сабақ кезінде барлық стратегиялар үш кезең бойынша жүзеге асады;

— стратегиялардың психологиялық тереңдігі және ерекшеліктері молаяды.

— сабақтың сапасын арттырып, балалардың таным белсенділігі мен ықпалын дамытуға негіз болатындығымен ерекшеленеді.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Мұғалім өзіне тиімді, пайдалысын жетілдіре түседі.  Демек, берілетін білім де тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлесімді, таным-түсінігіне сәйкес келсе ғана жүзеге асады.

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» — деп айтқан. Өйткені, жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың жүрегінен орын алады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тапсырмаларды тиімді қолдану керек. Тек қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде енгізу керек екенін мұғалім өзі шешеді.

 

Өз тәсілдеріммен бөліссем:

  1. «Сөз құрастыру» — ой жинақтау, сергіту кезінде
  2. Серті – Ертіс
  3. Уш – Шу
  4. Елі – Іле
  5. Айжық – Жайық
  6. Олбыт – Тобыл
  7. Сіле – Есіл
  8. Екел – Елек
  9. Латас – Талас
  10. 9. Аталқар — Қаратал

 

 

топтық немесе жеке жұмыстар:

  1. «Кестені аяқта»
Географиялық координаталар Географиялық объектілер
1 510 с.е. және Астана
2 және 380ш.б. Мәскеу
3 230с.е. және Ла-Пас
4 350 с.е. және 1390 ш.б.
5 және 1170 ш.б. Пекин
6 350о.е. және 580б.б.

 

 

 

  1. 3. «Сандар сайысы»

 

 

 

 

 

 

суретті жұмбақтар, ұяшықтағы сұрақтар, сөзжұмбақтар

Қ
А
Й
Т
А
Л
А
У

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Сөз етілген жайларды түйіндесек, мұғалім өз шеберлік және компетенттілік деңгейін көтеру үшін өзі көп оқуы, ізденуі және өз зертханасын керекті әдістемелік құралдармен, әдебиеттермен қамтамасыз етуі қажет.

Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Жаңа әдіс-тәсілге көшкендіктен де ұстаздарға ерекше жүк артылып отыр. Барлық жауапкершілік пән мұғалімдерінен сұралады. Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу, балалардың білімі ерекше болу, ол білімнің нәтижесі де айтарлықтай болу керек.

Қазақстанның дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу үшін жүзеге асырылуы тиіс жеті бағыттың бірі білім мен ғылымды дамыту.

Яғни Президент Жолдауында айтылған білімді дамыту жолындағы ұстаздың  жұмысы —  өзекті бағыттың бірі…