Дарынды дамыту-ұстаз парызы

142

 

Дарынды дамыту-ұстаз парызы

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында»  мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалды дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.

Жас жеткіншектін бойындағы табиғат  берген ерекше қабілеті,дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың  парызы.

Жалпы дарын , дарынды оқушы деген сөздерге тоқталар болсақ .

Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.Яғни дарынды бала, асқан талант.

Дарындылық адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармент салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтежелерге жету мүмкіндігі.

Ал  дарынды бала дегеніміз кім?өз қатарларынан әлдеқайда дамыған,ерекше зейіні бар, белгілі біріс-әрекет бойынша қабілеттілік танытып,жоғары жетістіктермен дараланаты бала.

Дарындылықтын өзі екіге бөлінеді

 

 

 

Дарындылық : Жалпы (интеллектуалды )дарындылық.

Нақты дарындылық.

Жалпы дарындылық дегеніміз,жалпы икемдігі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойлау қабілеті жан-жақты, кез-келген тақырыпта әңгімелесу, мәселелерді шешу және өз тәжірейбесінде үрену деп тұжырымдалады

Интеллектуалдық қабілеттер -жалпы дарындылық психологиялық ядросы болып табылады .

Нақты дарындылық: Белгілі бір іс-әрекет аймағында,атап айтқанда музикалық, көркемдік, спорттық т.б қасиеттері бар балалар

 

Дарынды баланың ерекшеліктері

— Танымдық қасиеті жоғары

— Есте сақтау қабілеті жоғары

—  Кез-келген іс-әрекетті «өзінше орындайды»

Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары

  • Бақылау әдісі
  • Арнайы бағдарламалар ;
  • Мұғалімнің және ата-ананың эксперттік бағалауы;
  • Эксперттік бағалау (әдіскер, ғылым т.б);
  • Психодиагностикалық трениннгтер;
  • Конференция, фестиваль, көрмелер т.б
  • Психодиагностикалық зеріттеулер.

       

 Дарындылықтын түрлері:

  • Интелектуалды дарындылық ;
  • Академиялық дарындылық ;
  • Көркмдік дарындылық;
  • Шығармашылық дарындылық;
  • Лидерлік және әлеуметтік дарындылық;
  • Спорттық дарындылық ;

 

Мектептегі оқушылардың дарындылығы төмендегідей көрсеткішті көрсетеді

  • Интелектуалды дарындылық -25%
  • Академиялық дарындылық -23%
  • Көркмдік дарындылық-30%
  • Шығармашылық дарындылық-25%
  • Лидерлік және әлеуметтік дарындылық-9%
  • Спорттық дарындылық -15%

 

В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зеріттеген еңбегінде: «Егр қабілеттіліктер  деген ұжымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек,онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.

Дарындылық    ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық- өзінің жаңашылдығымен, өзгешілігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын,жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы.

Талант- қабілеттіліктің жоғары деңгейі.

Данышпандық – ұоғам өмірінде тарихи маңызы бар,шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтын жоғары деңгейі.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтын ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалады.

  1.   Баланың қызығушылығымен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында  баланың іс- әрекетіне талдау жүргізу.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
  3. Баланың   дарындылық белгісін оның психикалық  дамудың нақты деңгейде  ғана емес, сондай- ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала   отырып бағалау.
  4. Жұмыс нәтежесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата- аналардың сипаттамалық бағалары.
  5. Түрлі ақпарат алу кездерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде  қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әректін жан-жақты бағалаудың    кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыдған шығармашыл, рухаи ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Оқушы дарындылығының дамуы,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалемнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екеніне айдан анық

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру.Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалем маңызы орын алады. Оқушының  болашақтағы  мамандығы,яғни кәсібитағдыры тек қана жақсы мұғалемге байланысты.

Дарынды баланы анықтау,дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан, елісіздегі жоғары оқу орындарында дарынды оқушылармен  жұмыс істейтін мұғалемдерді  даярлау мәселелерін  нақты қарастырмаған. Дарынды оқушыны  анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми- әдістемелік   оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалем өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды.

Ал бұл дарындылық дәрежесін шешуге қиындық туғызады. Сондықтан  арнайы дайындыұсыз мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:

  • көпдеген жағдайда олар дарынды оқушыға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі дүниесіне үңіле алмайды;
  • тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі,себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
  • дарынды оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтежелер көрсетеді ;

—       Олар дарынды  оушылармен жекелей, арнайы жұмыстар  жүргізбейді, ал жұмыс жасағанның өзәінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығының, яғни сапасына гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы  қателіктер  жібереді;

— дарынды оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми- зеріттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді;

— ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалңмдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді;

— дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;

— олар дарынды оқушыларға қосымша терендетілген бағдарламалар жасай алды және сол бағытта талмай жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;

— жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың  мақсатын нақты қоя біледі;

— оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зеріттеу жұмысына айналысуынакөркем жасай алады;

— педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады жәнем оларды бір-бірімен байланыстыра алады;дарындылықты ақтауда әр түрлі психо-диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа техналогияларын тиімді қолдана біледі ;

Дарынды оқушымен жұмыс істеитін мұғалімге қойылатын педагогика- психологиялық талакптарды мынадай кезеңдерге бөлуге балады.

 

  1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптары:

—  дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік –қажеттілігін сезінуі;

— оқушыны жақсы көруге және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым  қатынаста болуы;

— дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу танытуы және нәтежелі әдіс- тәсілдерді талмай іздеуі

— дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнату;

— дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтежелерге жетуге ұмтылу;

  1. Мұғалемнің біліміне қойылатын талаптар:
  • өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейіне білуі;
  • қызмет нысанасынан, яғни біріңғай педагогикалық үрдісті білдуі;
  • оқушы дарындылығының моделін білуі;
  • жеке тұлға теориасын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
  • Дарынды оұушыны оұыту,тәрбиелеу үрдісінде үлгеріміне ғана көңіл бөлмей,оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
  1. мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптр:
  • дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
  • дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама қарастырып, сонымен тқрақтыжұмыс жасай білуі;
  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зеріттеу жқмыстарын жүзеге алуы;
  • дарынды оқушыны зеріттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
  • оқушымен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;
  • дарынды оқушыны нәтежесін нақты бағалай білуі;
  • дарыды оқушының ғылыми- ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі.

Демек, дарынды балаларды анықтау- арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегіқажетті кзең болып табылады.

Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр, өйткені білім  мен  ғылымды көтеріп, еліміздің абройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке түлғалар. Сол жеке тұлңалар бүгінгі  біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Дарынды оқушының белгілі бір нәтежеге жету қаржылық еңбектін, шығармашылық ізденістің нәтежесінде болатыны даусыз.

Дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ бермеумен шектелмеуі керек. Ол жқмыс- мұғалемнің қаржылы еңбегін көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді.

Мектеп- гимназияда дарынды балалармен жұмыс істейтін, оның жұмысын бақылап, бағыт беріп отыратын педагогтардан ғылыми кеңес жұмыс жасайды.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдері қолданамыз;

  • баланың отбасы жағдайын зеріттеу;
  • шығармашылық қабілетін анықтау ;
  • сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
  • ата-анасымен әңгімелесу;
  • пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;дарынды оқушыларды жан-жақты дамыту ісінде әлі күнге дейіншешілмей келе жатқан кейбір мәселелерді де ортаға салғымыз келеді.

Дарынды балаларды оқыту   мен тәрбиелеу  үшін, әлі күнге дейін базистік оқу жоспары жасалмаған. Білім беру мазмұнында да дарынды балалардың ерекшеліктеріескерілмеген. Бұл проблема оұулыұтар мазмұнында да кездеседі.

Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екені баршаға белгілі.

Сондай-ақ дарынды оқушымен нәтежелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби  «бейне»мынадай қасиеттерден тұрады;Жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми-эеріттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа талаптар қояды. Тіптіоның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Мұғалімнің дарынды оқушымен жұмысқа дайындығының қалыптасуының мәселесі арнаиы ғылыми зерттеуді қажет етеді. Ал қзіргі жағдайда республиканың әлеуметтік-эканомикалық дамуы ушин интелектуалдық әлеуметтілікті арттыру аса қажет.Сондықтан мұғалемдер жетілдіру арқылы және,әріптестермен тәрбие алмасу арқылы осы бағыт боиыншакәсіби деңгеиді жоғарлату тиіс.

Дарынды балалармен бірнеше жылдан бері жургізіліп жатқан жұмыстарға тоқталар болсам,нәтиежесі төмендегідей;

 

Аудандық олимпиада

 

Жылдары Оқушының

аты-жөні

Пәні Иеленген  орны Мұғалімі
2006-2007 Құрмантаев Еламан Математика ІІІ Мұқанова Ж .Ж
2007-200 Көбентаева  Ақнұр Математика І Асылова М
2008-2009 Бақытқалиева  Назерке

Жақияева    Айым

Қазақ тілі

Математика

І

 

ІІІ

Сейітахметова Э

Сейітахметова Э

2009-2010 Мамилаева  Ақбике

Рамазанова  Айбану

Математика

Қазақ тілі

І

 

І

Сарина  З.Ж

 

Мұқанова Ж.Ж

 

Ақбота, кенгуру  жеңімпаздары

 

Жылы Оқушының аты-жөні Мұғалімі
2006-2007 Рамазанов  Нұрдаулет

Ахметова   Айгерім

Асылова Майра

Бекетова  Жансауле

2007-2008 Рзабаев  Даулет Сейітахметова Э.Қ
2008-2009 Жақияева   Айым Сейітахметова Э.Қ
2009-2010 Рамазанова Айбану Мұқанова  жайнаүл
2010-2011 Аманкелді  Жалғас Мұқанова  жайнаүл

 

Үздік  оқушы жеңімпаздары

 

Жылы Оқушының   аты-жөнң Мұғалімі
2006-2007 Рамазанов Нұрдаулет Асылова м.А
2007-2008 Жақияева  Айым Сейітахметова Э.Қ
2008-2009 Бағмадинов Есет Махат Ә.К
2009-2010 Мінажәдин  Бекнұр Мұқанова Ж.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми  жоба

Жылы Оқушының  аты-жөні Ғылыми  жұмысының  тақырыбы Иеленген  орны Мұғалімі
2006-2007 Сисентаева  Аяжан “Бата  түрлері ” І Асылова М.А
2007-2008 Зайымов Әлішер “Туған  жердің

дәрілік  қсімдіктері”

І Сейтжапарова А.С
2008-2009 Сейілханов Ғазиз “Гипспен  мүсіндеу” І Махат Ә.К
2009-2010 Ләтипов  Асылбек “Қазақстанмен  шекаралас  орналасқан этностардың тұрмыс  тіршілігі ” І Бекетова Ж.Ә

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақ бол, жас ұлан!

 

Көңілді тапқыштар клубы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күзгі бал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұндай жұмыстардын оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.Осындай жұмыстардың орындау барысында оқушылар іздеиді,еңбектеледі,шығармпшылықпен жумыс жасауға даиндалады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: « көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың табиғи  құбылысына терең бойлай алмай» тұлпарды есекке айналдырады, құртып тынады.

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес.

Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын,толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейінеоқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, тағы-тағылар.

өйткені ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Т.С. Сыдықов, А.Е. Әбілқасымова, «оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері»

Алматы,2008 жыл,журнал

Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы»

№12, 2006жыл

Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2005жыл

 

Бастауыш мектеп журналы «мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру»№7, 2007жыл.