Қазақстанның жазықтары.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жазықтары.

 Сабақтың типі: Өткен сабақты пысықтап, қайталау.

Сабақтың әдістері: Топтық әдіс, ауызша сұрақ-жауап әдісі, көрнекіліктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығыс Еуропа жазығы, Тұран  және Солтүстік Қазақ жазықтарының географиялық орны, геологиялық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбасы, климаты, өзендері, табиғат зоналары туралы оқушылардың білімдерін бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың баяндай білу, есте сақтау, ойлау, картамен жұмыс істеу, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жүру барысын айту.

Қазақстанның жазықтары

 

 

 

Солтүстік Қазақ жазығы
Тұран жазығы
Шығыс Еуропа     жазығы

Шығыс Еуропа

жазығы

ІІІ.Топпен жұмыс.

1-топ: Шығыс Еуропа жазығы.

2-топ: Тұран жазығы.

3-топ: Солтүстік Қазақ жазығы.

Слайд арқылы тапсырмалар.

1-топ тапсырмасы.Шығыс Еуропа жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығын салыстыру арқылы ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау.

2-топ тапсырмасы.Тұран жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығының геологиялық құрылысын сипаттау.

3-топ тапсырмалары.Солтүстік Қазақ жазығы мен Шығыс Еуропа жазығының климатын салыстырмалы сипаттама беру.

ІV.Кескін картамен жұмыс.

1-топ.1.Шығыс Еуропа жазығының жер бедерін түсір.

 2.Жазықтың ең биік нүктесі-Бесшоқы 556м, ең төмен жері-Қарақия ойысы-132м. төмен.

3.Пайдалы қазбалары.

2-топ.1.Тұран жазығының жер бедерін кескін картаға түсіру.

2.Өзен, көлдері

  1. Пайдалы қазбалары.

3-топ.1.Солтүстік Қазақ жазығының жер бедерін кескін картаға түсіру.

2.Өзен-көлдері

3.Пайдалы қазбалары.

VІ.Шығармашылық жұмыс.

Әр ауданның экологиялық проблемаларына тоқталу.Үйге алдын-ала берілген тапсырма.

1.Егер мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болсам, экологияны жақсарту үшін не істер едім…

2.Өзіміз оқыған бір жазыққа жарнама жасау.

3.Наурызым қорығына сипаттама беру.

V.Қортындылау. «Сұлулықты сақтау, көркемділікті қорғау-өмір сүрудің сара жолы» деген нақыл сөзбен сабақты қортындылау.

VІ.Үйге: 1.Қазақстан жазықтары туралы қосымша мәліметтер жинақтау.

2.Жазықтардың өсімдігі мен жануарлар дүниесінен суреттер жинау.