ҚОРТЫНДЫ ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ

95

 

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ    ҚАЙТАЛАУ    САБАҒЫ

 

Әрбір пән мұғалімнің мақсаты – оқушылардың білім сапасын көтеру.Ал сабақта қолданылған оқытудың әр түрлі формалары оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге қызығуын, сонымен қатар әр жетекіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.Осы орайда география пәнінен оқушылардың Африка материгі бойынша алған білім деңгейін тексеру және осы тарауды жинақтап бір жүйеге келтіріп, жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында қортынды қайталау сабағы өткізілді.

Африка материгін жинақтап, қайтаалу кезінде сыныптағы оқушылар

5 топқа бөлінді. Әр топ қабілеті жоғары, жақсы және орташа балалар саны бірдей болды. Топ басшысын сайлады.

Ұйымдастыру кезеңінде әр топқа сұрақтар қойылып, бұл сұрақтарға топ басшылары жауап берді. Қай топтың басшысы жауап берсе, солай рет-ретімен сұрақтар алады.

Сұрақтар материктің кесіліп алынған бейнесіне жазылып, интерактивті тақтада ілінді.

І.«Кім алғыр?» бөлімі.

  1. Африканың ФГО- на сипаттама берейік.
  2. Жер бедері мен пайдалы қазбаларын зерттейік.
  3. Негізгі өзен жүйесіне аттанайық.
  4. Табиғат белдемін білейік.
  5. Климаттық белдеулерін байқап көрейік

ІІ. «Кім күшті?» бөлімі.

Бұл бөлімде тест сұрақтары болды, интерактивті тақта арқылы түсірілді.

  1. Материктің алып жатқан жер көлемі:

А-34,3;    Б-30,3;   В-35;   Г-32,7.

  1. Материктің қай бөлігі көтеріңкі:

А- солтүстік;   Б-с. батыс;   В- оңтүстік;   Г- шығыс (о-ш)?

  1. экваторлық орман белдемінің топырағы:

А- қоңыр;  Б-қызыл сары ферралитті; В-қоңыр-қызыл; Г-каштан.

  1. Ніл өзені қай алапқа жатады:

А- Атлант; Б-Үнді;  В- Тынық; Г- ішкі ағын алабы?

  1. Қай климаттық белдеу артық:

А- экваторлық; Б- тропиктік; В- қоңыржай; Г- субэкваторлық;

Тест сұрағына жауап алынған соң, топтар бірін-бірі тексеріп бағалайды. Тест кіліті тақтаға түсірілді:

1-Б, 2-Г, 3-Б, 4-А, 5-В.

 

ІІІ. «Ойлан, тап» бөлімі.

Бұл бөлімде әр топ әр түрлі картамен жұмыс жасады. Сұрақтар материкті 5 бөлікке бөліп, соған жазылды.

«Меридиан» тобы климаттқа байланысты сұрақтарға;

«Линвингстон» тобы табиғат белдемі;

«Глобус» тобы ішкі сулары;

«Экватор» тобы Жер бедері туралы;

«Карта» тобы халқы туралы сұрақтарға жауап береді

Сондай-ақ бұл бөлімде оқушылар берілген мәліметтерге сәйкес келетін климат белдемдерін анықтады

  1. Ауа массасы ауысып отырады: жазда теңіздік ауа массаы, қыста қоңыржай ендіктің теңіздік ауа массасы.
  2. Ауа массасы маусымға қарай ауысады: жазда экваторлық ауа массасы, қыста теңіздік ауа массаы.
  3. Жыл бойы: бір ауа массасы басым.
  4. Жыл бойы: теңіздік ауа массасы басым
  5. Температура жыл бой жоғары, жылдық амплитудасы өте жоғары.
  6. Жазда температура өте ыстық.
  7. Жыл бой жауын-шашын көп түседі.
  8. Жауын –шашын мөлшері жазда көп түседі.
  9. Жыл бойы жауын-шашын аз түседі.
  10. Жыл бойы өзен суы мол.

Жауабы:    А-экваторлық:3,5,7;          Б-Субэкваторлық: 2,8;

В-Тропиктік: 4,6,9,10;      Г- Субтропиктік: 1,6;

IV.» Біз мемлекетті білеміз бе?» бөлімі.

Жоспар Жауабы:   (қарындашпен орындаңдар)
Мемлекет аты
Астанасы, координатасы
Шектесетін елдері
Дүниежүзілік мұхитқа шығар жолы бар ма, жоқ па?

 

  1. «Кім жылдам» бөлімі.

Бұл бөлімде жеке оқушылардың білімі бағаланады. Мұғалім сұрақ оқиды, оқушылар белгі арқылы қолдарын көтеріп жауап береді.

  1. Африка-материк Египет-мемлекет
  2. Виктория-сарқырама, көл                     Самум-күшті жел
  3. Пигмей-халық Вадилер -құрғап қалған арна
  4. Саванна –табиғат белдемі Сахара-шөл дала
  5. Килиманджаро- жанартау Атлас — тау
  6. Субэкваторлық- климат белдеуі 6671- Ніл өзен ұзындығы

 

Әр бөлімнен соң пән мұғалімі сабақты қорытып, оқушылардың білімін бағалап, әр топқа жіберген қателерін айтып отырған жөн. Бұл сабақтың тиімділігі- сыныптағы оқушылардың барлығы сабаққа қатысады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, бір- біріне көмектесе білуге тәрбиеленеді.