Беларусь Республикасы

147

Сабақтың тақырыбы: §51 Беларусь Республикасы

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Беларусь Республикасының географиялық орны,табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
дамытушылық:Оқушылардың танымдық қасиетін, ойлау өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
тәрбиелік: Қазақстан елімен Беларусь Республикасын салыстыра отырып,Отаншылдыққа,өз елінің патриоты болуға, достастыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, сызба арқылы, картамен  жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,кесте, карта,схема,суреттер,деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс:тарих,биология, саясат.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардан Беларусь Республика туралы жан-жақты білім алу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың этаптары (әдістері мен тәсілдер) Сабақ барысы Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру кезеңі 1.амандасу.

2.оқушыларды  түгендеу.

3.журнал бетін толтыру

 

Жаңа сабақ

 

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіру

1.баяндау арқылы

2.интерактивті тақта арқылы

3.картадан көрсету арқылы

 

1.Мақсаты,міндеттерін айту

1.географиялық орны

2.мемлекет құрылымы

3.тарихы

4.халқы

5.шаруашылығы

6.экономикалық байланыстары

 

 

 

Беларусь Республикасының  географиялық орны, мемлекет құрылымы, тарихы, халқы , шаруашылығы  жаңа мәліметтер алады.

 

Дәптермен жұмыс деңгейлік тапсырмаларды орындау

І деңгей «Білу»

ІІ деңгей «Түсіну»

ІІІ деңгей «Талдау»

ІV деңгей «Жинақтау»

 

 

Оқушылардың барлығы орындауға тиісті

Басым бөлігі орындау қажет

 

Жеке жұмыс Тест тапсырмалары Жаңа сабақты меңгеру қажет
Картамен жұмыс Жеке оқушылар картадан көрсетеді Картадан Беларусь Республикасының шекарасын, облыстарын көрсете білу керек
Жаңа сабақты қорытындылау. Схеманы толтырып аяқтау Топпен жұмыс Беларусь Республикасы туралы алған білімдерін жинақтай білу қажет
Бағалау Бағалау парағы арқылы бағаланады Журналға,күнделікке бағаларын қою

 

Үйге тапсырма §51 оқу,  қосымша мәлімет

І деңгей «Білу»

1.Беларусь Республикасының ауданы қанша ?

2.Мемлекеттік құрылымы қандай ?

3.Мемлекет басшысы кім ?

4.Мемлекеттік тілі қай тіл ?

5.Қандай қалаларын білесің ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І деңгей«Білу»

 

1.Беларусь Республикасының халқының саны қанша ?

2.Астанасы қай қала ?

3.Заң шығарушы органы не ?

4.Ұлттық валютасы не ?

5.Қандай батыр қалаларын білесің ?(Ұлы отан соғысы)

 

 

 

 

ІІ деңгей «Түсіну»

 

1.Беларусь жеріне қандай климат тән ?

2.Беларусь Республикасының  қалыптасу тарихы қандай ?

3.Елдің маманданған салаларын атаңыз ?

4.Ауылшаруашылығында малшаруашылығының басым болу себебі неліктен ?

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ деңгей «Түсіну»

 

1.Беларусь жерінің топырақ жамылғысы қандай ?

2.Елдің табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері шаруашылықтың мамандануына қалай әсер еткен ?

3.Ел аумағында қандай өзендер мен көлдер орналасқан ?                                                 (картадан көрсету)

4.Беловеж нуы қай елмен шекарада және оның мақтанышы не болып табылады ?

 

 

 

 

 

ІІІ деңгей «Талдау»

1.Төменде берілген статистикалық мәліметтерді пайдалана

отырып,Беларусь  Республикасы халқының ұлттық құрамы бойынша дөңгелек диаграмма тұрғызу керек.

Ұлттардың аты %
1 беларустар 78
2 орыстар 13
3 поляктар 4
4 украиндар 3
5 басқалары 2
  1. Машина жасау кешенінің ерекшелігін сипаттайтын схема сыз.

 

ІІІ деңгей «Талдау»

1.Төменде берілген статистикалық мәліметтерді пайдалана

отырып,Беларусь  Республикасы халқының демографиялық өсу

диаграмма тұрғызу керек.

жылдар Халық саны
1 1991 10 млн.
2 2001 9,9 млн.
3 2004 9,8 млн.
4 2010 9,5 млн.
5 2011 9,4 млн.

 

 

  1. Химия кешенінің күрделілігін сипаттайтын схема сыз.

ІV деңгей (жинақтау)

 

Егер мен Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшісі болсам……………..тақырыбы бойынша шағын эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV деңгей (жинақтау)

 

Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты болашақта

қай бағытта дамытар едің ? тақырыбы бойынша шағын эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

1.Беларусь елімен шекараласпайтын елді көрсет.

а) Ресей

в) Эстония

г) Украина

д) Латвия

2.Беларусь жеріндегі князьдіктер Киев Русінің құрамында қай кезеңдерде болды

а) IV – V ғасыр

в) VI – VIII ғасыр

г) VIII – IX ғасыр

д) IX –X ғасыр

3.Беларусь Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды ?

а) 1991 жылы 16 желтоқсан

в) 1991 жылы 25 қазан

г) 1991 жылы 25 тамыз

д) 1991 жылы 30 тамыз

  1. Беловеж нуының мақтанышы болып табылатын жануар.

а) зубрлар

в) бұғылар

г) қасқырлар

д) маралдар

  1. Машина жасау өнеркәсібінің қай саласы жетекші саласы.

а) ауыр жүк таситын машина жасау

в) ауылшаруашылық машиналарын жасау

г) жеңіл машиналар жасау

д) электронды есептеуіш машина жасау