М. Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

95

Тақырыбы: М. Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

 

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі : Ахметжан Ардақ Сайлауханқызы

 

Мақсаты:  Қазақ халқының  батыры Бауыржан Момышұлы  туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.

Міндеттері:

1.Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

2.Талдау қабілеттерін дамыту.

  1. Отанын қорғауға жас ұрпақтар өсиетіне адал болуға, Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері мен батасын біліп өсуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі         : жаңа   сабақ

Көрнекіліктер:   слайд,видиоролик

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау;

Сабақ барысы  : 1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:

  • Н.Айтов «Нұркен»  жаттау
  • Ізденіс жұмыстарын жүргізу

Н.Әбдіров туралы не білдік?

 ІІІ Жаңа сабақ

  • Ой қозғау

Отан— халықтың өткені, бүгінгі келешегі. Отансыз бақыт жоқ, бұл тамыр жайған жеріміз.Отан басына қиын жағдай туғанда жанын пида қылған адамдар да аз емес.

«Сен біліесің бе?» (көрсетілім)

— Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан?

Балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін.

— Ол қандай адам болған?

Ол әскери адам болған.

— Балаларына немере — шөберелеріне қандай тілек айтқан?

Сабақтың  ұраны:  Отанды сүйер Ұлан болыңдар!

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр, аты аңызға ,сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға – Бауыржан Момышұлының өмірінен мағұлмат аламыз.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

04.12.1910, қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулы,—10.6.1982, Алматы) — қазақ совет жазушысы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Панфиловшы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі. Шымкенттегі жетіжылдық интернатты бітірген (1928 ж.) соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы, милиция бастығы болды. 1932 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қызметін өтеп қайтқаннан кейін, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 ж. Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітірген соң Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота, командирі, полк штабы бастығының көмекшісі.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы  қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады.

Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» ,«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы,  «Генерал Панфилов»,«Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.

Бауыржанның  ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады.

«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі-батыр рухына қойылған ескерткіш.

Режиссер Ақан Сатаев Бауыржан Момышұлы туралы фильм түсіре бастады. Көпсериялы фильмде 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы өзінің ұстазы генерал Панфиловпен танысады. Генерал оған тұтастай батальон тапсырып, майданға аттандырады.  30 жастағы Бауыржан Момышұлын Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актеры 27 жастағы Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Кеңес Одағының Батыры ,Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалінің  иесі  Мәлік Ғабдулин жазған деректі әңгіме  «Батыр Бауыржан» деп аталады .

Оқулық бойынша жұмыс: «Батыр Бауыржан»

  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
  • тізбек бойынша оқу

Сөздік жұмыс:

деректі әңгіме — нақты болған оқиға

фашизм — дүние жүзіне үстемдік орнату көксейтін басқыншы топ.

біртуар — сирек туатын,ерекше адам

шейт — қаза болу ,өлу

  • мәтінде кім туралы айтылған?
  • 1941жылы қандай оқиға болды?
  • Полк командирлері не үшін жиналды?
  • Бауыржан жігіттерге не айтты?

Сергіту  сәті

ІҮ Жаңа білімді бекіту:

— Мәтінді  мәнерлеп тұтас оқу

—  Мәтіндегі тірек сөздерді ата.

—  Мәтіндегі мақалдарды оқы,мағынысын түсіндір.

Дәптермен жұмыс: Мақалдарды теріп жаз:

«Төртеуі түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер»

«Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді»

«Ел намысы-ер намысы»

«Қазақ баласы- ар мен намыс иесі»

  • Топтастыру «Бауыржан Момышұлы»
  • М.Шаханов «Желтоқсан алауы »
  • Тәуелсіздікке 22 жыл

Ү Рефлексия: 

ҮІ Үйге тапсырма:  1. 131-132 бет оқу,әңгімелеу.

  1. Б.Момышұлы туралы материалдар жинақтау.

ҮІІ  Бағалау