Таным әрекетін дамыту.

Таным  әрекетін   дамыту.

Берденова Бағдагүл

Сәкен орта  мектебінің

география  пәні мұғалімі

Оқуышыларға   білім  беруде оқу–танымдық  әрекетін  ұйымдастыру  әдістерінің  бірі – көрнекілік   болып  табылса,  оны сарамандық жұмыс түрлеріне қарай  қолдану сабақтың танымдық  құндылығын  арттыратыны  сөзсіз.  Географиялық  тілі – карта,  әр  сабақта к артамен   жұмыс оқушының  карта  бетіндегі  географиялық   нысандардың  есте  сақталуына   ықпал   етеді.   6 – сыныпта   «Жергілікті   жердің  планы»  тақырыбына  сәйкес  өткізілген    деңгейлік  тапсырманың  I – нұсқалық үлгісін ұсынып отырмын. Жұмысты орындауда  негізгі  көңіл бөлетін тұстары:

  • Абсолюттік, салыстырма биіктіктер;
  • Картадан биіктік, тереңдік шкаласын  білуі;
  • Жергілікті жер планынан  жер  бедерінің  бейнеленуі.

I деңгей:

  1. Мына ұғымдарға анықтама беріңдер:

а) Абсалют және  салыстырма  биіктік

ә) горизонтальдар, бергштрих

  1. Картадан ойпатта орналасқан  кез келген  қаланы  көрсет.
  2. 430с.е арқылы  Еуразияның  батыстан шығысқа  қарай  ойша  саяхат жүргізсең, жер бедерінің қандай  түрлерін кездестірер едің?

II деңгей:

  1. Абсолют биіктігін  анықтаңдар:  Амазонка  ойпаты,  Тибет,  Альпі,  Лабрадор  түбегі, Жаңа  Квинея аралы.
  2. Абсолют тереңдігін анықтаңдар:    Балтық,   Жапон,  Каспий  теңіздері.
  3. Қара және  Беринг  теңіздеріне салыстырмалы сипаттама  бер.
  4. Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Американың  ең  биік  нүктелерін  анықта.
  5. Осы биік  нүктелердің    координаттарын табыңдар.

III деңгей:

  1. Қай қала  теңіз  деңгейінен  биікте орналасқан:  Бразилиа және Буэнос – Айрес, Вашингтон  және  Мехико, Тегеран және Дели,  Париж және  Лондон.
  2. Көлдер орналасқан   территориялардың   абсолюттік   биіктігін    салыстыр:  Чад және Эри, Виктория және  жоғарғы  көл, Титикака және  Эйр ,Ниагра  және  Виктория сарқырамасы.
  3. Қай теңізде су мөлшерінің  көптігін  анықта:  Қара және Балтық,  Охот және Беринг, Баренц  және  Шығыс  Сібір.
  4. Қай  өзеннің   ағыс  жыдамдығы   көбірек?   Кубань, Индигирка,  Сырдария, Инд. Неліктен?
  5. Егер дүниежүзілік мұхит  деңгейі  10 м көтерілсе,  онда  Коммунизм  шыңы,  Ключи шоқысы,   Эльбрус   тауының   биіктігінде   қандай   өзгеріс  болар еді?