Қазақстандағы қорықтар туралы мәліметтер

669

Ақсу-Жабағалы қорығы

Құрылған жылы : 1926 ж еліміздегі ең  алғаш ұйымдастырылған қорық .
Ауданы 131,9 мың га
Орналасқан  Оңтүстік Қазақстан  облысы , Талас және Өгем  жоталарының  аралығында , Батыс Тянь-шаньда орналасқан
Белдеу 4 белдеуді қамтиды
Өсімдігі 1500-2000 м өсетін ағаш  тәрізді арша,бадам бұтасы ,жабайы  жүзім , жабайы алма т.б  2000-2300 м биіктікте түркістан аршасы өседі
Жануарлары : Арқар, Сібір тау текесі , ақ тырнақты аю , бұғы , елік ,ілбіс , ала мысық , борсық т.б

        Наурызым  қорығы

Құрылған жылы : 1934 жылы
Ауданы 191, 4 мың га
Орналасқан Қостанай  облысы ,Наурызым ауданы . Орманды дала зонасы .
Өсімдігі Малиус боката  алмасы , сор топырақта қарағай өседі
Жануарлары : Қабан ,елік , кеміргіш ,суыр ,ақ қоян

Алматы  қорығы

Құрылған жылы : 1964
Ауданы 71,7мың га
Орналасқан Алматы облысы ,Іле Алатауында  орналасқан . Сонымен қатар  Іле өзені бойындағы «әнші құм» Аққұм-қалқан жатады (100  м-ден асатын құм төбе
Өсімдігі Тянь-Шань  шыршасы ,долана , жабайы алма , өрік
Жануарлары :  Бұғы ,елік ,барыс ,борсық,қасқыр ,тиін,күзен ,

Барсакелмес  қорығы 

Құрылған жылы : 1939
Ауданы 160,8 мың га
Орналасқан Арал теңізінің сол-бат бөлігінде  орналасқан
Жануарлары : Ақ бөкен ,қарақұйрық құлан

Қорғалжын

Құрылған жылы : 1968
Ауданы 259 мың га  ( з8 мың га тың дала ,199 мың га теңіз )
Орналасқан Ақмола облысы , Дала зонасы
Жануарлары : Қоқиқаз,Сұқсыр ,қаз ,суыр ,егеуқұйрық т.б

 

 

 

 

 

 

Үстірт қорығы

Құрылған жылы : 1984
Ауданы 223,3  мың га
Орналасқан Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда
Жануарлары : үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;

құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен

Алакөл  қорығы

Құрылған жылы : 1998
Ауданы 197,1 мың га
Орналасқан Алматы облысы ,Алакөл ауылы
Жануарлары : Аққу ,Қаз ,Реалект шағала

Марқакөл қорығы

Құрылған жылы 1976
Ауданы 75 мың га ,оның 44 мың га көл
Орналасқан Шығыс Қазақстан ,Алтай Күршім мен Азутау жотасы аралығында.
Өсімдіктері Аралий , « Алтын тамыр» дәрілік шөптері
Жануар Балықтан мөңке,Майқан ,талма,теңге ,Сүтқоректілерден аю ,сілеусін ,бұғы т.д
Қосымша Көлге 27 өзен құяды , бірақ Қалжыр өзені ағып шығады .

Қаратау

 

Құрылған жылы 2004
АУДАНЫ 34,3 мың га
Мақсаты Эндемикалық өсімдіктерді сақтау
Өсімдіктері 1500 түрі бар
Жануарлары Арқар , қоңыр аю  т.б

 

Батыс Алтай қорығы

Құрылған жылы 1992
Ауданы 56 мың га
Орналасқан Шығыс Қазақстан,Глубокое ауданы , Алтай тау жүйесінің  Қазақстанның Сол-батыс жағын ,Холзун,Көксу және  Иванов жоталары
Өсімдіктері Қылқан жапырақты орманар,марал оты ,алтын тамыр
Жануар Аю,бұғы,құндыз т.б