Жерді ғарыштан зерттеу. Жердің жасанды серіктері.

288

5 — сынып

Сабақтың тақырыбы:  Жерді ғарыштан зерттеу. Жердің жасанды серіктері.

Мақсаты: Жерді адамның ғарыштан игеруі туралы мәлімет беру. Жердің жасанды серіктерімен таныстыру.

Міндеттері:1.Жерді адамның ғарыштан жасанды серіктер арқылы зерттеулері туралы мәлімет беру.

2.Жасанды серіктердің  түрлерін және  мақсаттарын ажырыта білуді үйрету. Күнделікті қолданатын ұялы телефондар, интернет, теледидарлардың  радиотолқындардың әсерінен хабар алатынына назар аудару.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың үш тілдік саясатын орындау.Ойлау қабілетін дамыту мақсатында  өз бетінше жұмыс істей алатын қабілеті, шығармашылық ой-өрісін дамытатын дағды қалыптастыру.

3.Экологиялық тәбие беру, кәсіптік бағдар беру.

Пәнаралық байланыс: физика, астрономия, ағылшын тілі, география, қазақ тілі

Сабақты өткізуге қажетті әдебиеттер: физикалық-математикалық журнал «Алгорифм», Жұлдызды аспан, Ақпарат және байланыс, сұрақ-жауап энциклопедиясы, оқулық

Сабақтың  түрі: саяхат

Сабақтың әдістері: СТО  стартегиясы: суреттеу, болжау, бес жолдық өлең.Терминдермен жұмыс, тақтамен жұмыс

Көрнекіліктер:астрономиялық проекциялық көрнекіліктер, плакаттар

Үлестірмелі материалдар: кеспе қағаздар

-Техникалық құрал-жабдықтар: кодоскоп

Ақпараттық материалдар:компьютер, слайдтар

Күтілетін нәтиже: ғарыштан жерді адамдар қандай құрал арқылы зетртейтінін біледі, күнделікті қолданатын телефон,интернет, теледидарлардың жұмыс жүйесін, геолог, ауыл шаруашылық мамандармен танысады.

Сабақтың барысы:1. Қызығушылықты ояту.

Суреттеу.

Әріптерден сөздерді құрастырып, оларға суреттерді таңдап ал.

Ғарышкер, күн, орбита, ғаламшар, ғарыш

(Орбита-ғарышта қозғалатын аспан денелерінің жолы).

(Ғарышкер-ғарышқа ұшатын ұшқыш).

Үй тапсырмасын тексеру.

Ай-жердің серігі.

Сұрақтармен шолу.  «Ой қозғау»   слайд

1.Неліктен Ай-Жердің серегі- дейді?Бірге айнала қозғалады. Неге? Себебі, Ай Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады.

2.Серкітердің жалпы саны қанша? 60

3.Қандай ғаламшарларда серіктері  жоқ? Меркурий, Шолпан

4.Толысу дегеніміз не? Теңіз деңгейінің көтерілуі

  1. Күннің тұтылуы деген не? Уақыты2-3 минут .Ай Күнмен Жер ортасында қалып, Жерге Айдың көленкесі түседі. 1,5 жылда Жаңа Ай туғанда қайталанады.жер бетінің бір уақытында болмайды.(кодоскоппен көрсету)
  2. Айдың тұтылуы деген не? Уақыты-2 сағат. (кодоскоппен көрсету)

Кеспе қағазбен жұмыс.(жинап алу)

ІІ .Мағынаны тану.

Болжау.

Балалар, біз саяхатқа ғарышқа  ұшамыз. Мақсатымыз:Жерді ғарыштан зерттеу. Зерттеу жұмысы болғасын біз ғарыштық экспедиция мүшелері боламыз.

Немен ұшамыз және қайдан ұшамыз?  Байқанурдан-слайд

Ғарышта қайда тұрамыз?

1.

Ғарыштық экспедиция жердің айналасына немесе одан да алыс қашықтарға сапар шегуді білдіреді. Адамдарды ғарышқа жіберуі көп қаражат пен үлкен еңбекті қажет етеді. Қазіргі кезде ғарышқа аттандырудың бірден-бір жолы үлкен зымырандарды ұшыру болып табылады. Ғарышкерлер Жердің төңірегіндегі орбита бойынша айналып тұратын ғарыш стансаларында тұрып жұмыс істейді. ( кодоскоп №14 ) плакат -1

Ғарыштық экспедицияға алғашқы рет 1968 жылы Апполон кемесі ұшырылды. (  энцикл -19 бет,Суретті көрсету)

  1. Біз сол кемемен ұшамыз. Көздеріңді жұмып елестетіңіз. Бұл кеменің басты мақсаты суретке түсіру. Ұшып кележатып біз Марс, Шолпан, Меркурийді де суретке түсірдік. слайд

Жердің көрнісін толық суретке  түсіру. (Жердің суретің көрсету атластан немесе плакаттан, кодоскоптан №46)плакт-2- слайд

Сол суреттерді түсіру нәтижесінде ғалымдар ( геологтар, геофизикатер, океонологтар, ауыл шаруашылық мамандары) әр қайсысы өзінің жұмыс бағытында жаңалықтар алып зерттеулерін жүргізеді. Мысалы, ауыл шаруашылық мамандары топырақтың жағдайын, океонологтар-жылы және салқын ағыстардың қарым-қатынасын зерттейді, геологтар- болашақта пайдалы қазбалардын орнын болжауда.

  1. Жердің жасанды серіктері- дегеніміз Жер жанындағы орбитасы бойынша қозғалатын ғарыш аппараты.

Бірінші жасанды серік

Жердің екінші  жасанды серігі орбита  1957 жылы ұшырылды. Жасанды серік Жерді 2369 рет айналып шығып 100 млн, шақырым өткен. Орбитада бұл серік 14 сәуірге дейін болған, ал онымен алғаш ұшқан ит. ( плакттардан жасанды серіктерді көрсету).

Жасанды серіктер:1. «Космос 26», «Космос-29»

Мақсатары: атмосфераның жоғарғы қабатын, күн сәулелерін, микрометеорлар, магниттік толқындарды зерттеу

  1. «Молния» -алыста орналасқан мекен жайларға теле бағдарламалармен қамтиды.

Тарелка-сол жасанды серіктер арқылы біз көртеген каналдар қарап, басқада жердің бағдарламаларын көре аламыз

4.

Яғни, жасанды серіктер Ғарыштық байланысты қамтамассыз етеді. Ғарыш кеңістігіндегі жердің үстінен жүздеген серіктер ұшып жүр. Олардың біреулері радио және телевизиялық байланысты, басқалары Жерге ауа-райы туралы ақпарат жібереді, ал үшіншілерін ғылыми зерттеулер немесе әскери мақсаттарда қолданады. Кейбір серіктер секундына 8 шықырым жылдамдықпен ұшып, ұдайы қозғалыста болады. Ал басқалары Жердің тек бір ауданының үстінде орналасады.

Байланыс Жасанды серіктер  радио толқындарды жіберу арқылы  телеграмма-сообщение, телефонограмма,  ұялы телефондармен сөйлесулер жүреді, факстер, интернетке шығуға болады.  ( плакат-4) (ақпарат және байланыс кітабы-16 бет-27 бет)

Ал ақпарат ғарыштан бізге қалай келеді.

Жасанды серкітер толқындары арқылы хабарды жерде орналасқан өлшейтін пунктке – хабарлама талқылау орталығына – ғылыми ақпаратты қажет етітін мекемелер.

Осымен саяхатымыз аяқталды.

Осындай үлкен жұмыстардың арқасында Қазақстанда  дүние жүзіне танымал болды. Бұл қазақстандық ғарышкелердің еңбектері-слайд.

Ағылшынша ағаларымыздың атын кім  тақтаға жазып береді.

Біздің мектептеде кешкентай болсада осы бағытта зерттеу жұмыстары жүргізіледі.11-сынып оқушысы Ахметова Ж. Мен Изгалиева А «Ғарышты игерудегі жетістіктер» тақырыбында ғылыми жұмыс жүргізіп, жұмыстары журнал бетінде жарияланды Жетекішісі: физика пәнінің мұғалімі Балмекен Шадаевна.

Ғарыштан Жерді зерттеу үлкен жұмыс болса, сол жұмыстың зардабтары да сезілуде. Бұл экологиялық мәселе.

ІІІ. Толғаныс:

 Бес жолдық өлең

Зат есім. Не?

Сын есім. Қандай?

Етістік. Не істейді?

Мағынасын ашатын сөз.

Синоним.

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: Кітапханадағы әдебиеттермен жұмыстану. Жұлдызды аспан. Күннің батуын бақылау.

Рефлексия.