Жоңғар (Жетісу) Алатауы

 

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»  ММ

География пәні мұғалімі Тлеулиева Даметкенннің  8«Ә»

сыныбына арналған география  пәнінен қысқа  мерзімдік ашық сабақ жоспары

 4-күн         24.04.2014ж        4 сабақ
Сабақтың тақырыбы:Жоңғар (Жетісу) Алатауы
Ресурстар:8-сынып оқулығы, интерактивті  тақта ,маркер,  стикерлер, Білім ағашы суреті плакат,А3, А4, ресурстар, Қазақстанның физикалық картасы.
Мақсаты: 1. Білімділік:  Оқушылардың алған білімдерінің тиянақты, нақтылы, сапалы болуымен пысықтай түсіндіре отырып, ынтасын арттыру.

2.Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілеттерін өздігінен ізденісін дамыту.

3. Тәрбиелік:Таулармен таныстыра отырып, табиғатына,  туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, бірін-бірі тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі:· Жоңғар (Жетісу) Алатауы туралы білімдері толығады.

· Оқушы  жеке  өз  бетімен  жұмыс  жасайды, пәнге  деген   қызығушылығын,

жауапкершілігін   арттырады.

· Сұрақтарды талқылауға  қатыса  алады, бір – бірін  тыңдай  біледі;

· Жалпы  ой – өрісі  дамып,  сабақтың  тәрбиелік  мәні  ұлғаяды.

· Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, сыни тұрғыдан ойлауы

дамиды.

Негізгі идеяларЖаңа сабақты меңгерту.Бірлескен топтық жұмыстың тапсырманы қорғау кезіндегі ынтымақтастығы
Тапсырмалар1 Үйге тапсырма. «Кім тапқыр» ойыны

1.Зайсан ойпатының оңтүстік шекарасы қай тау жүйесіне тіреледі? Сауыр мен Тарбағатай.

2.Сауыр жотасының ең биік нүктесі? Мұзтау 3816м

3. Тарбағатайдың ең биік нүктесі? Тастау 2992м

4. Сауыр-Тарбағатай қандай таулы өлке? Қатпарланған

5.Сауыр-Тарбағатай өңірінің жауын-шашын мөлшері неше мм?  350-500 мм.

6.Сауыр-Тарбағатай өңірінің қаңтар айымен шілде айының температурасы неше градус? Қаңтар -200С   Шілдеде 220С

7. Тарбағатай даласының өсімдіктері қандай болып келеді? Бұталы, қарағайлы

7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.  6 минут

 Қима картиналармен топқа бөлу.

1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 3 минут

Топ ережесін бекіту 2 минут

 

2-тапсырма. Мағынаны ашу.  Кубизм әдісі

Сипатта, баянда, зертте , салыстыр мәтінмен жұмыс

Топтағы оқушылар  джигсо әдісі арқылы мәтінмен танысып, сол мәтіннен түсінгенін постерге салып қорғайды.

7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

5-модуль Талантты және дарынды балаларды оқыту.

10 минут

 

3-тапсырма.

Топтық жұмыс «Талдау»

Жоңғар (Жетісу) Алатауы

Географиялық орны-

Геологиялық құрылысы-

Жер бедері-

Пайдалы  қазбалары-

Климаты-

Өзендері мен көлдері-

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлау.  5 минут

4-тапсырма.

Кескін картамен жұмыс Жоңғар (Жетісу)Алатауын кескін картаға түсіру.

6- модуль. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 3 минут

 

3 минут Сергіту сәті

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта 3минут

 

5- тапсырма. Қорытындылау.

«Мен саған, сен маған» ойыны

Топтар бір-біріне сұрақ қойып жауап беріп отырады.

 6 минут

7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық

 

4- модуль.АКТ. интерактивті тақта

 

 Кейінгі тапсырма  Үйге тапсырма: §46 Жоңғар (Жетісу) Алатауы.

Сөзжұмбақ, ребус құрап келу.  1 минут

БағалауМадақтау, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы . 3 минут
Кері байланысБілім ағашына сабақтан алған әсерлерін, пікірлерін жазып жабыстыру. 3 минут