А.Құнанбаев «Адам болам десеңіз…»

159

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Адам болам десеңіз…»

Сабақтың мақсаты: 1. А.Құнанбаев туралы мағлұмат беру,өлеңмен таныстыру,мазмұнын меңгерту,негізгі идеясын ашу. 2.Оқушының ой-өрісін,танымдық қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту;өз пікірін саналы,шебер ортаға сала білуге үйрету,шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашу. 3.Жақсы мен жаман әдет — қылықтарды ажырата білуге,өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау,Венн көрсетуі,баяндау,тіл дамыту

Сабақтың формасы: жеке,топтық,ұжыммен

Сабақтың көрнекілігі:Абайдың суреті,кітаптар көрмесі,тірек-сызба схемалар,Венн диаграммасы,тест сұрақтары,ребус,сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер,нақыл сөздер

Техникалық құрал:үнтаспа

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар,бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр.Қонақтарға не көрсетуіміз керек?

— Қонақжайлығымызды қалай көрсетеміз?

— Жақсы білімімізбен тәртібімізді көрсетсек,қонақтардың көңілдері марқайып қайтады.

-Мына тақтадағы ребусқа көңіл бөліп шешейік.

 

      .,,,              ..,               .,.,               ,..,

— Қандай сөз шықты?   /Ана тілі/

Қазақ тілім-өз тілім-ана тілім

Абай,Мұқтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім

-Міне, балалар,қазір кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз-қазақ-яғни,ана тілі сабағы.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. /Жақсы адам,жаман адам тақырыбына мақал-мәтелдер жаттап келу./ Мазмұнын талдау.Оқушылар ойын тыңдау,толықтыру.

— Жаман адамға қандай қасиеттер тән?

— Ал,жаман адамға қандай қасиеттер тән?

Жақсы адам                      Жаман адам

Адал,еңбекқор, қайырымды, мейірімді,елгезек,

білімді,ақылды

Өтірікші,мақтаншақеріншек,тәртіпсіз,

білімсіз,күншіл

   

 

 

 

 

 

 

III.Білімдерін тексеру кезеңі.Тест арқылы өтілген материалдар бойынша білімдері

тексеріледі.

1.«Алмас қылышты ардагер» әңгімесіндегі батыр кім?

а) Бөгембай батыр    в) Наурызбай батыр    с) Қарасай батыр

  1. «Жақия» кімнің баласы?

а) Махамбеттің       в) Исатайдың         с) Амангелдінің

  1. 1945 ж. 30 сәуірде 6 сағ.30мин. « Жеңіс туын » кім тікті?

а) Бауыржан Момышұлы       в) Махмет Қайырбаев      с) Рахымжан Қошқарбаев

  1. «Ол ақын болар ма еді?» — бұл ой кім туралы айтылған?

а) Ербол Сыпатаев      в) Ляззат Асанова       с) Қайрат Рысқұлов

  1. Төрт жасында мектеп есігін ашқан кім?

а) Міржақып Дулатов    в) Шоқан Уәлиханов      с) Мағжан Жұмабаев

IV.Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын ашып алуымыз керек.Сол үшін «Кім тапқыр?» ойынын жүргізіп,сөзтізбекті шешеміз.

 

1. А я з
2. б ұ л т
3. а с п
н

а

а й

1.Қос қолы жоқ,Көзі жоқ,Сурет салар өзі көп.Ол не?

2.Асқар таумен таласа,Ұшады бір алаша.Бұл не?

3.Төңірегі терең көрініп,Теген жатыр төңкеріліп.Жас та

сыйған,кәрі сыйған,Астына оның бәрі сыйған. Бұл не?

4.Бір тілім болып туады,Күннен күнге толады,Дөп-

дөңгелек болады.Бұл не?

— Балалар,біз нелерді атадық? / табиғат құбылыстарын /

— Енді сөзтізбекті тігінен,алғашқы жолына қараңдаршы,қандай сөз шықты?

— Олай болса,біз бүгін Абай атамыздың «Адам болам десеңіз…» деген өлеңімен

танысамыз.

V.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. 1. Кіріспе.

а/ Негізгі кейіпкеріміз Абай болғандықтан,Абай атамыздың өмір жолдарынан кім қысқаша мағлұмат береді? Біз Абай ата туралы не білеміз? /оқушылардың есте қалғандарын тыңдау ә/ Тірек-сызба схема арқылы оқушылардың білімдерін толықтыра кетемін.Абайдың суреті тақтаға ілініп,кітап көрмесімен таныстырамын.

Абай Құнанбаев-1845 жылы қазіргі ШығысҚазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Халқымыз «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» дегендей,Абайдың әкесі-Құнанбай,анасы-Ұлжан ақыл мен парасатының иесі болған адамдар.Әкесі ел билеген көсем,шешен адам болған.Әкесі Абайды жас кезінде өзімен отырыстарға апарып,әділ биліктері мен шешендік сөздерін үлгі еткен.Абай жас кезінен-ақ зерек бала атанған.Абайдың жазған өлеңдері жастарды білімді,ғылымды сүюге шақырады.Асыл сөзді ідесең Абайды оқы,ерінбе демекші,Абайды біз өзімізге алғаш әріп үйреткен әліппе оқулығынан да өлеңдерін танып білеміз.

 

                   Құнанбай                                Зере                          Ұлжан

 

 

 

Ибрагим                                                                    Ұлы ақын  

                                                              Абай

                

                   Жазғытұрым                                                              Қыс

 

                

                    Әсемпаз болма                                                     Ғылым таппай

                        әрнеге                                                                    мақтанба

— Абай атамыздың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

— Сонымен балалар, Абай Құнанбаев дегеніміз кім? (Ақын,сазгер,аудармашы,ойшыл,данышпан)

— Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз «Адам болам десеңіз…»

  1. Оқулықпен жұмыс. а/ Өлеңді дауыстап,мәнерлеп жатқа айтып беремін. ә/ Өлеңді тізбекпен оқушыларға оқыту. б/ Өлең бойынша әңгіме жүргізіледі.Бес асыл іс,бес дұшпанды атайды. в/ Венн диаграммасын құруға ұсынамын. г/ Осы сөздерге сөздік жұмыс ұйымдастырылады. ғ/ Өлеңде бұрынғы оқығандарынан басқа тағы қандай жаңа жолдар қосылғанын сұрап,оны қалай түсінетіндіктері сұралады? д/ Абай атамыз тек қана ақын емес,сонымен қатар сазгер де болған.Оның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түде тау қалқып» т.б. көптеген әндері де бар.

— Сендер Абай аталарыңның қандай әндерін жатқа білесіңдер?/ Орындатқызу: (Желсіз түнде жарық ай) /

е/ Үнтаспадан «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату.

  1. Жаңа сабақты бекіту. – Балалар,біз бүгін кіммен таныстық? Абай ата кім болған?

1.Тірек-сызба схема арқылы баяндайды.

Данышпан

Сазгер                                                            Ақын

Абай

 

 

 

Аудармашы                                                        Ойшыл

 

— Басқа тілдерден аударған Абайдың қандай өлең мысалдарын жатқа білесіңдер? (И.А.Крылов «Шегіртке мен құмырсқа»)

— Абайдың қандай қара сөздерін білесіңдер?

2.- Абай атамыз өзінің өлеңінде бізді неге шақырады?

 Жақсыдан үйренуге                                              Жаманнан жиренуге

А

Д

А

м

А

Д

А

м

                       Білімді                                                                          Білімсіз

Талапты                                                                  Ұятсыз

Ізденгіш                                                                    Рақымсыз

Инабатты                                                                 Күншіл

Адал                                                                         Хайуан

Еңбекқор                                                                  Надан

Парасатты                                                                Залым

Қайырымды                                                             Мақтаншақ

Терең ойлы                                                               Қанағатсыз

Ақылды                                                                            Еріншек

 

3.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі сабақтан алған білімдерін саралауға ұсынамын.Кестені толтыру.

INSERT – әдісі : « V » — білемін,   « + » — жаңа білдім,   « ? » — таңқалдым, зерттеймін.

 

VII.Қорытынды.Тест сұрақтарының нәтижесін қарап шығып,қорытынды жасалынып, балалардың білімдері сараланып,мадақтаулар айтылып,қатесіз,дәл жауап берген оқушылардың білімдері бағаланады.

Жалпы сабақта белсенді атсалысқан оқушыларды мадақтау,бағалау.

VIII.Үйге: 1.«Адам болам десеңіз» өлеңін жаттау. 2.Интернет желісінен,оқулықтардан Абайдың бір қара сөзін табу,жаттау.