Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.Халқы

128

 

Сабақ тақырыбы:  Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы.         Табиғат жағдайлары  мен ресурстары.Халқы

Сабақ мақсаты:

1.Білімдік: Ұлыбритания экономикалық-географиялық жағдайы туралы түсінік беру.    

2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. 

 3.Дамытушылық:  Балалардың өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,  картамен жұмыс,   кітаппен жұмыс,  жеке жұмыс.

 Құрал-жабдықтар:Дүние жүзінің саяси картасы, мектеп атласы, кескін карта, интерактивті тақта.

Барысы:  І. Ұйымдастыру.

                 1 І. Өткен сабақты шолу

Сұрақтар:1.Германия өнеркәсібі салаларын атаңдар. Олардың өркендеуіне қандай алғышарттар  болды?

2.Рур өнеркәсіпті ауданындағы өнеркәсіп салалары және олардың орталықтарын ата.

  ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ұлыбритания ( Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі  — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. ҚұрлықтанЛа-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар,уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі —пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.[6]

Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):

  • Англиядан(45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон),
  • Уэльстен(8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф),
  • Шотландиядан(12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург),
  • Солтүстік Ирландиядан(26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады. Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) менНорманд аралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:

  • Еуропада— Гибралтар,
  • Америкада— Ангилья,
  • Бермуд аралдары,
  • Британдық Виргин аралдары,
  • Кайманаралдары,
  • Монтесеррат,
  • Теркспен Кайкос,
  • Фолкленд(Мальвин) аралдары,
  • Африкада— Әулие Елена аралы,
  • Океанияда— Питкэрн аралы бар.

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі).

. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м).

Үйге тапсырма:1.Ұлттық құрамына диаграмма сызу.

2.Кескін картаға 4 әкімшілік-саяси бөліктерін түсіу.

3.Стоунхендж жайлы мақаламен танысу.