Жердің глобуста және картада бейнеленуі.

Жердің глобуста және картада бейнеленуі.

Жалпы мақсаты:

* Жердің глобуста және картада бейнеленуінің ерекшеліктері туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге  ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге  топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, музыка, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы, глобус, карта, атлас, топқа бөлу парақшасы.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) таңдау арқылы 3 топқа бөлу.

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Аққала» клипі бойынша.

 Оқушыларға бүгінгі сабақтың өту барысы туралы қысқаша тоқталу. Бүгінгі бағалау жетондармен болатындығын ескертіп, әрбір дұрыс жауаптарға жетон берілетіндігін айтып, сабаққа белсенді қатысуларын ескерту.

ІІІ. Өткенді қайталау:

1.«Автор орындығы» стратегиясында үйге берілген тақырып «Айға сапар» бойынша жазылған эсселерін әр топтан таңдалған бір оқушы оқиды.

  1. «Семантикалық карта» бойынша жұмыс.
384000 км28 тәулік4 есе кіші2-3 минутқа созылады2 сағатқа жуық созылады
Күннің тұтылуы
Ай мен Жер арақашықтығы
Айдың диаметрі Жерден
Айдың тұтылуы
Ай Жерді айналып шығады

 

ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы

Картаны, глобусты  көрсете отырып, сабақтың тақырыбын шығару, яғни Жердің глобуста және картада бейнеленуі.

Жердің ғарыштан түсірілген суретінде Жердің көрінісі қандай түспен бейнеленген? Ал мұхит, теңіздер ше? Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

Ал олай болса біз бүгін  Жердің глобуста және картада бейнеленуінің ерекшеліктерін білетін боламыз.

Ү. Мағынаны тану. «Галареяда ой шарлау» стратегиясы

Ең алдымен бұл тақырып бойынша әр топ оқулық мәтінін пайдалана отырып, өз ойларын постерге түсіреді. Содан кейін галареяда ой шарлау арқылы топтар бірін-бірі толықтырады. Соңынан әр т оптан 1 оқушы шығып, ортада қорғайды.

ҮІ. Ой толғаныс.  «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) ойыны арқылы. Әр топ өзінің белгісіндегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берсе , өз белгілерін қояды. Ал жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп өз белгілерін қоюға болады. Қай топтың белгісі көп жиналса сол топ жеңіске жетеді.

Крестиктер «Х»Нөлдіктер «О»Үшбұрыштар «Δ»
101010
202020
303030

 

Крестиктер тобының сұрақтары:

10 –  Карта мен глобуста өзен, көл, теңіздерді қандай түспен белгілейді?

20 – географиялық карталар пайдалануына қарай қалай бөлінеді?

30белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан?

Нөлдіктер тобының сұрақтары:

10 – кез келген картада жоғарғы жағы қандай бағытты көрсетеді?

20 –  картаның глобустан айырмашылығы?

30 – 1:10000 немесе 1:50000. Бұл қандай масштаб?

Үшбұрыштар тобының сұрақтары:

10 – картада биік таулар қандай түспен бейнеленеді?

20 – кез келген картада оң жағы қандай бағытты көрсетеді?

30 – 1 см-де 1000 м немесе 1 см-де 5000 м деп көрсетілсе бұл қандай масштаб болады?

ҮІІ. Бағалау: оқушылардың жинаған жетондары бойынша бағалау.

ҮІІ. Кері байланыс. Көңіл-күй парағындағы суретті таңдау арқылы білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар