“Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім”.

33

Жаттығу-10  “Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім”.

Оқушыларды 4 оқушыдан топтарға бөлеміз.Әрбір оқушы парақ алады.Күн салып, ортасына өзінің атын жазады. Күн сәулелерінің орнына өзінің жақсы қасиеттерін жазады. Сосын бір-бірлеріне беріп ауыстырады. Көршісінің жазғандарымен келісетіндерінің  ғана астын сызады т.б.қасиеттері қалып қалса қосып жазады. Сосын әрі қарай береді.

Үй жұмысын тексеру және өткенді қайталаудың

түрлі формаларын пайдалану.

 

  1. “Сұрақты таңда” деңгейлік тапсырмасы.

Мұғалім тақтаға төмендегі кестені іледі.

1           1 2            1 3            3 4            2 5            2
6           3 7            3 8            3 9            1 10            2
11           2 12            3 13            1 14            2 15            2
16           2 17            2 18            1 19            2 20            3

Жоғарғы бұрышта сұрақ нөмірі, төменгі бұрышта сұрақтың деңгейі жазылған. Мұғалім алдын ала үш деңгейде сұрақтар дайындайды. Оқушы өзі деңгейді таңдап, сұрақ нөмірін айтып, жауабын береді.

 

  1. “Ассоциациялар қатары”.

Мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алады.

 

. „Ою-өрнек“ перфокартасы.

Мұғалім 16 сұрақтан тұратын тест дайындайды. Оқушылар алдын ала 16 төркөзден тұратын перфокарта дайындайды. Мұғалім тест сұрақтарын оқиды (немесе оқушыға жазба түрінде таратады). Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Жұмыс соңында алдыңғы келісім бойынша бірдей әріптерді (а,б немесе с) бір сызықпен сызады. Нәтижесінде бір ою-өрнек шығу керек. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалімдегі кілт бойынша ою-өрнек бірдей болып шығады. Мысалы:

 

б а а с
а с б а
а б с а
с а а б

 

 

 

. „Сиқырлы таяқша“.

„Сиқырлы таяқша“ (ручка, қалам, сызғыш және т.б.) сыныпта кез-келген ретте беріледі. Бір-біріне сиқырлы таяқшаны бергенде, белгілі келісілген ережені айтады. Мысалы: таяқшаны беріп жатқан оқушы  математикада кез-келген санның көбейтіндісін сұрайды, таяқшаны алған оқушы жауабын береді (5х6=30),орыс тілінде: имя существительное – прилагательное к нему; қазақ тілінде: антоним немесе синоним сөздер, химияда: зат – оның сипаттамасы (органикалық – бейорганикалық, металл – металл емес), тарихта: қоғам қайраткерінің фамилиясы – оның аты (немесе өмірінің датасы), әдебиетте: ертегі, әңгіме, повестің аты – оның кейіпкері.

 

„Шым-шытырман“.

І нұсқа. Кез-келген тақырып бойынша сөздік немесе терминологиялық жұмыстың бір түрі. Оқушылар 5-6-дан бірнеше топқа бөлінеді. Мұғалім тақтаға алдын ала дайындалған плакат іледі. Мұнда түрлі түспен, үлкен және майда (бірақ алыстан көрінетін) шрифтпен, тіке және көлденең 15-20 сөз жазылған. Келісілген уақыттан соң плакат алынып, топтар есінде қалған сөздерді жазады. Кейін топтар жазуларын алмасып, плакат бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді.

ІІ нұсқа.  Плакатты топтар өздері дайындайды. Мұғалім алдын ала тақырыпты айтады. Әрбір топ 5-8 минут көлемінде өз плакатын дайындайды. Плакат дайын болған соң, топтар өз орындарынан тұрып, басқа топтың плакатын қоршап, ондағы сөздерді оқып, естеріне сақтайды. Өз орнына оралып, көргендерін жазады. Соңында бір-бірінің жұмысын тексереді. Тақырыптар төмендегідей болуы мүмкін:

«Ия немесе жоқ».

Мұғалім үш сөйлемнен оқиды. Егер сөйлем дұрыс болса, оқушы «1» санын, егер дұрыс болмаса, «2» санын жазады. Нәтижесінде үш таңбалы сан шығу керек. Оны мұғалімдегі кілт бойынша тексереді. Мысалы:

  1. Зат есім қандай деген сұраққа жауап береді.
  2. Етістік деп іс-қимылды білдіретін сөздерді айтамыз.
  3. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

212

  1. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі дейміз.
  2. Етістік кім?кімдер?не?нелер?деген сұраққа жауап береді.
  3. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.121

 

«График» тапсырмасы.

Оқушылар дәптерге координаталық бұрыш сызады. ОХ өсіне 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жазады. ОУ өсіне белгілі классификацияларды жазады. Мысалы, география пәні бойынша ОУ өсіне мемлекеттер атауларын жазады. Мұғалім сол мемлекеттер астаналарын нөмірлік ретпен атайды, оқушылар мемлекет пен тиісті санның қиылысында нүкте қояды. Сосын нүктелерді сызықпен қосып, диаграмма сызылады. Диаграмманы мұғалімдегі кілтпен салыстырады.

 

.   «Антивирус».

Мұғалім 20-30 сөзден тұратын тізбекті оқиды, мысалы:

Ана, жылдам , парта, отыр, күлді, қашан, нан, тез, компьютер, терді, ерте, қалам, сынып, бор, жатыр, әдемі, қарайды, қызыл, дастархан, сөйлем, ата.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тізбектегі тек зат есімдерді (сан есімдерді, етістіктерді, т.б.) есіне сақтау керек. Есінде қалғанды дәптерге жазады.

 

Кластерлер-(«жүзімнің шоқтары» деген мағынада) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.

 

«Мәтін құра» оқыта үйрету ойыны.

Оқушылар мәтінді тыңдайды. Қолдарына қалам мен қағаз алады. Әрбір оқушы мәтінге сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді. Бірақ мұның алдында мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады.

Енді оқушылар жауаптарын өзара бір-бірімен талдасып, мәтіндегі тәртібі бойынша түзеді. Осы түзеген тәртіппен олар мәтінді әңгімелеп, соңынан оны оқу мәтінімен  салыстырады.

. «Жарысты жалғастыр» оқыта үйрету ойыны.

  1. Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі.
  2. Мұғалім оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды (5-7 минут).
  3. Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай ғана уақыт беріледі.
  4. Ойынның қорытындысын шығару. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткені; қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтайды.
  5. “Ара ұясы” техникасы
  6. Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауды тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар жауап береді.
  7. . «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны
  8. Мәтінді оқимыз, неғұрлым жақсы түсінуге тырысамыз, мәтінді конспектілейміз. Конспектілерде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен (сөздерді мүлдем қолданбауға тырысамыз) береміз. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге болады.
  9. Сызбаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреміз, ал басқалары оны бағалап, озық ойыншыны тандайды. Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігін есептейміз.
  10. Жүргізуші жеңімпазды құттықтайды. Ойын аяқталды.
  11. Семантикалық карта стратегиясы .
  12. Бұл стратегия оқушының бойындағыны жандандыру және дамытуға арналған семантикалық қасиеттерді талдау. Оқушылардың оқып жатқан тақырыпқа байланысты білімі бар болған жағдайда бұл стратегияны пайдаланған тиімді. Бұл стратегияның мақсаты белгілі бір тақырыпқа байланысты жаңа білім мен оқушыларға бар білімнің деңгейін салыстыру. Семантикалық картада оқушылар үшін немесе төрт обьектіні талқылаудан бастайды. Әр тақырыптың қасына дұрыс деп санаған қосу белгісін қояды.
  13. Семантикалық карта ой толғаныс кезеңінде қолданады.
Тұлғалар Саяхатшы Жазушы Ғарышкер Материк ашқан Ғарышкер зерттеуші Жазушы зерттеуші
 1. 2. 3.  Ю.Гагарин М.Поло Х. Колумб      +    + +      + +    +        

 

Ойлан, Жұптас, Пікірлес — оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бақытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғанан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Оқытушының екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл аудиторияға жариялауын сұрауына болады.

Бұл тісілді тек шағын топтарда ғана емес, сонымен бірге оқушылардың саны көп лекциялық лектерде (100 және одан да көп) қолдануға тиімді.

Алдын ала берілген атаулар – оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасымен байланысты туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін оқытушының бірнеше оқушының ойы мен мен пікірін тыңдауға болады.

Бұл тапсырманы күрделендіруге де болады. Ол үшін алдын ала берілген ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен биология сабағында «фотосинтез, флорофилл, дәптер» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау, сонда да оқушылар жоғарғы да келтіргендей олардың өзара қатынасы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.

 

Географиялық  диктант.

Мақсаты:

а) Оқушылар алған білімін қолдана отырып, қалған сөздерді таба білуге үйрету.

б) Ойлау қабілетін дамыту.

в) Өздерін осындай диктант құруға үйрету.

Шарты ;   Тақтаға қалдырылған сөздері бар диктант жазылады. Оқушылар

оқып шығып сөздерді  тауып жазады. Тапсырманы орындауға 10 мин беріледі. Тексеріліп бағаланады.

Тапсырма:

  1. Кардильер тауындағы . . . . . шыңы, оның биіктігі -6193 м.
  2. Солтүстік Америка . . . . . шарда ,  орналасқан.
  3. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал______________Солтүстік Америка материгіне енеді.
  4. Солтүстік Америка Еуразия материгінен ___________арқылы бөлініп тұрады,

Атлант Мұхиты алабына ____________________