Жер бедері мен пайдалы қазбалары

43

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

 

Сабақтың оқыту мақсаты: Материктің жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы сыни және рефлективті қатынас жасай алуға төселдіріп, шығармашылыққа жетелеу.

Міндеттері:      — Оқушылардың  бірлесе оқу  машықтарын жетілдіру;

— мәтіндегі негізгі ойды анықтату  арқылы  танымдық  іс —  әрекетке тарту;

— топтық жұмыстағы жауапкершілікті  орнықтыру.

Қолданылатын модулдер: Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Бағалау, АКТ

Сабақтың әдіс тәсілдері:  сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.

Стратегиялар:  «Блум  таксономиясы»,  «Көпір», Венн диаграммасы,    «Ой салу», «Ментальды карта»,   «Рефлексия»

Бөлімдері Эпизод Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті Ресурстар

 

Кіріспе 7

 

Амандасу

Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау

«Көпір»

Үй тапсырмасын пысықтау

 

 

 

 

 

Топтастыру

15  баланы   3-топқа  бөлемін.

 

 

 

1.     Еуразияның ең биік нүктесі?

2.     Ең төмен жатқан нүктесі?

3.     Материк жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?

 

 

 

Оқушылар топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

Тұсаукесер

 

10  Теория бойынша « Білу»

(тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)

 

Еуразияның жер бедері алуан түрлі.

Материктің теңіз деңгейінен  орташа биіктігі 840м

Материктегі 14 шыңның абсолют биіктігі 8000 м-ден жоғары.

Ең биігі- Джомолунгма 8848м

Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан  Өлі теңіз (-403м)

Ең ежелгі – Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, және Оңтүстік Қытай платформалары.

Еуразия литосфералық тақтасының соқтыңысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді.

Аса биік, құрылымы күрделі тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты.

Альпі –Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік батысынан Азияның оңтүстік – шығысына дейін созылып жатыр.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады.

Жер сілкіну орталықтарынан жан – жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі.

Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән

Оңтүстіктегі Альпі – Гималай белдеуінде материктің ең биік таулары шоғырланған.

Памир тауында материктегі ең ірі тау мұздығы Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан.

Қолдан жасалған материал

Атлас

Оқулық

Негізгі бөлім 5 Теория бойынша « Түсіну»

(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)

1.Неліктен Еуразия материгі пайдалы қазбаларға бай болып келеді?

Ж: себебі. Материктің даму тарихының ұзақтығы, жер қыртысы құрылымдарының күрделілігі.

2. Неліктен Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуді «Отты шеңбер» деп атайды?

3. Неліктен  биік таулпардағы шыңдарын альпілік жер бедері деп атайды?

Таратпа материал

оқулық

15

 

 

 

 

 

 

 

 

Теория бойынша « Талдау»

1.      Салыстыр

2.      Айырмашылығы неде?

3.      Ұқсастығы неде?

Венн диаграммасы арқылы қамту

Венн диаграммасы арқылы Арабия және Үндістан түбектерінің пайдалы қазбаларын салыстырыңдар.

Арабия                   Ұқсастығы                    Үндістан

 

Атлас

Ватман

флипчарт

Теория бойынша « Жинақтау»

(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны құрастыру   тапсырмалары оқушының басты идеясына жазған жауабына қойылады)

Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп, толтыру

 

Ватман
Қорытынды 5 Практика бойынша: «Қолдану»

 

Кескін картаға Еуразия аумағындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазыңдар.

 

 

Кескін карта

флипчарт

Атлас

Бағалау парағы

 

3 Рефлексия.

Эссе жазу

Оқушылар сабақ барысында  не ұнағанын, ұсыныстарын, пікірлерін жазады . стикерлер