Д.Қасенов «Адалдық»

55

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы

Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

ХАЙЫРЛИЕВА ГҮЛНӘР СЕРІКҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: Д.Қасенов «Адалдық».

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Мәтін мазмұнын түсініп, идеясын ашуға негіз жасау, қолайсыз жағдаяттың алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін тәрбиенің бірі – адалдық екенін ұғындыру.

Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу, қорытынды жасау, салыстыру, пысықтау, негізгі ойды түйіндеу, сипаттау дағдыларын дамыту, өзінше ойлау, сөйлеу мүмкіндігіне еркіндік беру.

Тәрбиелігі: Өмірдегі қарама-қайшылықтар мен жағымды-жағымсыз деген түсініктерді ажыратып, баға беру арқылы адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Түрі: жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқу құралдарын дайындау.
  2. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» \бір-біріне жақсы тілек айтады\.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
3 оқушы мәтінді жалғастыра отырып, әңгімелейді Беріктің қылығына өз көзқарастарын білдіру Мәтінді қандай мақал-мәтелдермен түйіндеуге болады
  1. Мұғалімнің қорытуы: Өмірде адам бойында өкіндіретін кейбір жаман әдеттермен қатар, жақсы қылықтарда (қасиеттерде) көп кездеседі.

ІІІ.Мағынаны тану. 1. – Олай болса, адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап көрелік.(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Топтастыру стратегиясы.

 

қайырымды                             Ақылды                           дарынды

 

 

Жақсы қасиеттер

 

 

ынталы                         достық                 лайық                   алғыр

 

  • Ал енді сағат тілінің бағытымен әр сөздің басқы әріптерінен сөз құрап оқиық.
  • Адалдық.
  • Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы шытырман оқиғаны баяндайтын, мектеп өмірінен көрініс беретін шығарма Д.Қасеновтың «Адалдық» мәтіні.
  1. Мәтінмен жұмыс:
  • Мәтінді кідіріспен оқу: Орыс тілі сабағы еді…5000 теңгелік…… шыға келді.
  • Әрі қарай балалар не істеуі мүмкін? (Өз ойларын ауызша айтады).
  • Қарай гөр мұның адалын……. өткен сабақты сұрауға кірісті.
  • Әрі қарай оқиға қалай болуы мүмкін? (Өз ойларын дәптерге жазбаша жазу).
  • Міне, мұндай шытырман оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма дейміз. Яғни бұл шығармада үш баланың мектеп өміріндегі басынан өткен бір оқиғасы әңгімеленеді.
  1. Сөздік жұмыс.
  2. Оқулықпен жұмыс: бірлескен оқу.
1-қатар 2-қатар 3-қатар
Мәтіннің басын оқиды Рөлге бөліп оқу Мәтіннің соңын оқиды

ІV. Ой толғау.

  • Балалар біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
  • Әңгіме неліктен «Адалдық» деп аталған?
  • Осы шығарманың негізгі түйіні, айтайын деген ойы не?
  • Жалпы адалдық деп, адал болу деп нені айтуға болады?
  • Осы мәтінге сай қандай мақал-мәтелдер айтуға болады?

Пайда ойлама, ар ойла.

Ақ жүрген адам азбас.

Адалдық — өмірден де қымбат.

  • Олай болса, бүгінгі сабағымызды мына өлең жолдарымен түйіндесек:

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Балбұлақтай мөп-мөлдір, таза болғым келеді.

  1. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау. Үш ұлды сипаттап жазу.

VІ. Бағалау.Мадақтау