Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

88

 

Тақырыбы: Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен   теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды Африка материгімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, Отанын, жерін сүюге оны құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздену, оқулық, картамен жұмыстар

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар, жұмыс дәптері – 7-с, слайд, интерактивті тақта, электрондық оқулық, флипчарттар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі: — Оқушылармен  амандасу,

  • Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.
  • Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Өткенді қайталау: Біз бүгін Африка материгі туралы жаңа материкпен танысамыз. Сондықтан өткен Оңтүстік Америка материгін қайталап өтейік. Ол үшін төмендегі жасырылған сұрақтарға жауап берейік.

 

Географиялық орны. Жер бедері, пайдалы қазбалары 20 30 40
Климаты. Табиғат зоналары

 

20 30 40
Ішкі сулары

 

20 30 40
Халқы және елдері

 

20 30 40

Географиялық орны. Жер бедері, пайдалы қазбалары.

20 — Ең биік нүктесі?  (Аконкагуа)

30 — Анд тауларын ежелгі инктер қалай атаған? (мысты таулар)

40 — Оңтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауындағы теңіздерді көрсет!

Климаты. Табиғат зоналары

20 — Жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Атакама шөлі)

30 — Сельвас деген не? (Ит тұмсығы батпайтын ну орман)

40 — Сәйкестендір

Ұғымдар Анықтамасы
 1 Гевея А Ылғалды экваторлық ормандар
2 Гаруа Ә Құс саңғырығынан пайда болатын аса бағалы азотты тыңайтқыш
3 Гуано Б Бриз желдері қалыптастыратын “соқыр”тұмандар
4 Гилея В Табиғи каучук алынатын ағаш

Ішкі сулары.

20 — Дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен? (Амазонка)

30 — Ең биік сарқырамасы? (Анхель)

40 — Аймара үндістерінің тілінде “қалайы алаңы” дегенді білдіретін көлі? (Титикака)

Халқы және елдері.

20 — Оңтүстік Американың байырғы халқы (Үндістер)

30 — Аталған елдерден Оңтүстік Амеркаға қатыстысын анықта!

Канада, Бразилия, Испания, Перу, Эквадор, Нигерия, Оман, Боливия, Чили, Сомали, Колумбия, Иран, Аргентина, Парагвай.

40 —  Еуропа+үндістер=? (метистер)

Еуропа+негрлер =?  (мулаттар)

Үндістер+негрлер =? (самболар)

Жаңа сабақты түсіндіру:    Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

І.  Ең алдымен Африка материгінің географиялық орны мен жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді электрондық оқулық арқылы көрсету.

ІІ.  Бұдан соң Африка материгінің ерекшеліктеріне тоқталу(слайд бойынша таныстыру).

ІІІ. Зерттелу тарихын оқушылар төмендегі кестені толтыра отырып, өздері орындайды. (Интерактивті тақтада)

Африка құрлығын айнала жүзіп шыққан
Әбу ибн Батута
1497-1499
Замбези өзені Виктория сарқырамасын ашқан
Генри Стенли
ХІХғ аяғы
Эфиопия жері қатты бидайдың отаны екенін анықтады, 6000-нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтаған

 

 

Жаңа сабақты бекіту:

1)интерактивті тақтада электрондық оқулықтың тапсырмасын орындау.

2) жұмыс дәптері тапсырмалары.

 

Қорытынды: Қазіргі кезде Африканың ұлттық парктері мен қорықтарында көптеген елдердің ғалымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғаламшардағы табиғаты ерекше аймақтар ретінде ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфера Алтын Қорына» енгізілген Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халақаралық ұйымдардың қатысуымен жоспарлы түрде зерттелуде.

 

Үйге тапсырма: кескін катаға түсіру (Африканың шеткі нүктелері мен жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді).