Қара сексеуілдің құпия сыры

146

Тақырыбы: Қара сексеуілдің құпия сыры

 

ПІКІР

 

Қасиетті де, киелі әулиелер мекені Қаратал ауданы тарихы мен оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайлы мәліметтер мен зерттеулер көпшілік қауымды, соның ішінде география пәні мұғалімдері мен өлкетану зерттеушілерін  қызықтыратын тақырып болып саналады. Сондай қызығы мен қырлары бастау алатын мәселе – осы ауданның бренді «қара секеуілдің» құпиялылығы болып табылады. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды. Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған кіріспе, 3 тараудан тұратын негізгі бөлім, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады. Оларда сексеуілдің бүгінгі жай – күйі, қасиеттері, даму болашағы жан-жақты қарастырылған. Жобада сексеуілдің түрлері мен қара сексеуіл жайлы көптеген мәліметтер, деректер сарапталған. Автордың тілі жатық, сөз қоры мол. Әр тарауға тұнымды ой пікір, түйін жасалған жоба өзіндік зерттеу мүшелігі бар туынды болып қалыптасқан. Сондықтан мен бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалап, оны облыстық, республикалық жарыстарға ұсынуға әбден лайық деп санаймын.

 

Пікір беруші:

І.Жансүгіров атындағы Жетісу

Мемлекеттік университетінің

география және экология

кафедрасының доценті, г.ғ.к.                                                         Тоқпанов Е.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

І.  Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Сексеуіл өсімдігіне сипаттама

Б) Сексеуілдің түрлері

В) Сабын жасау технологиясы

Д) Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары

Е)  Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы

ІІІ. Қорытынды

IV.Пайдалынған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Сексеуілдің құпиялылығын оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру,  білім беруді сексеуіл  жөнінде оқушылардың  біліктілігін   арттыру, оның елге, халыққа тигізер  пайдасын сабақ  өткізу барысында оқушыларға ақпарат бере  отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

 

Annotation

To develop ecological tourism in Almaty region, to develop quantity of knowledge in education as a tourism, to develop pupil’s interest giving information through lesson benefit of tourism for people and nation.

 

Аннотация

Повышение образования путем внедрения этой проблемы в учебный процесс: совершенствование знаний учащихся в области экологии. Повышение интерес к уроку на основе использования информации о значении «саксаула»  для страны, для народа.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеудің мақсаты:

Халқымыздың атадан балаға мирас болып жеткен, ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – қара сексеуілден «қара сабын» жасау салтын жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп дамыту.

Зерттеудің міндеті:

Қара сексеуілдің  құпиясы жайлы білу;

Сабынның жасалуы  жайлы мағлұмат беру;

«Қара сабын» жасау  технологиясын үйрену;

Қазақтың дәстүрлерін қастерлеу және бұл істің шеберлерімен кездесу.

Зерттеудің болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.

Зерттеудің нысаны: қара сексеуілдің құпия сырын  зерттеу, анықтау;

Зерттеудің нәтижелері:

Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек.

Қара сексеуіл туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жеттім. Біріншіден, қара сексеуілді зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым.

Екіншіден, сабын жасау технологиясын  үйрендім.

Зерттеудің кезеңдері:

Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен таныстым.

Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, сабын жасауды үйрендім.

Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдадым.

Сексеуіл – қасиетті ағаш. Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімдікті беретін көрінеді.

Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге жанашырлық жасау, адамдар санасынан кемшілік көруде.

Шөл дала көркі болып саналатын Сексеуілге биология тарапынан зерттеу жүргізетін болсақ, мынадай нәтижені көруге болады.

 

 

Негізгі бөлім

А) Сексеуіл өсімдігіне сипаттама

Сексеуіл – бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сексеуілдің «галаксилон» деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан.

Сексеуіл көпжылдық бұта тектес өсімдіктер қатарына жатқызылады.

Ә) Мүшелер құрылысына сипаттама:

  1. Тамыры: Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10 – 11 метрге дейін таралған.
  2. Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.
  3. Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады.

Гүлсеріктің күлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы – біреу.

  1. Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді.
  2. Гүлдеу мерзімі: Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.
  3. Жемісі: — қанатты жаңғақша.
  4. Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында пісіп жетіліп, қараша айларында жерге төгіледі.
  5. Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.
  6. Өсуі: Сексеуіл жас өркендерінен, өсіп жетіледі.

Б)  Сексеуілдің түрлері

Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі. Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар:

  1. Ақ сексеуіл
  2. Қара сексеуіл
  3. Зайсан сексеуіл

Сексеуіл туысы көбіне Маңғышлақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі.

Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталайық.

Ақ сексеуіл (Саксаул белый). Биіктігі 6 метрге жететін бұта немесе ағаш  тектес өсімдік. Діңінің диаметрі 10-20 см-ге жетеді. Қабығы жылтыр.

Діңіндегі қыртысының түсі сұрғылт, сары болып келеді. Дихотомиялы бұтақтанып кеткен морт және буындаған жас өркендері күзде қатаяды да, түсіп қалады. Ұзындығы 2 миллиметрдей ғана қабыршақ немесе ине тәріздес ұсақ жапырақтары сұрғылт жасылдау бұтақшаларға қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты, гүлдері қысқарған өркенге шығады.

Кездесетін жері: Ақ сексеуіл Арал теңізінің, Алакөл және Балқаш көлінің Сырдария, Іле өзендерінің жағалауларында, Бетпақдалада, Қызылқұмда және Мойынқұмда, құмды шөлдерде, көшпелі құмдарда өседі. Қара сексеуілге қарағанда ол құм басуға, құрғақшылыққа төзімді, бірақ тұзға аса шыдамды емес, сондықтан ойпат жерлерде аз кездеседі. Қатты және үгітілгіш ағашы отқа жақсы жанады. Шөлді аудандарда егістің айналасына, ауыл шетіне құмнан қорғану үшін өсіруге болады.

  1. Қара сексеуіл (Саксаул черный).

Биіктігі 10-12 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см.

Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептеуір шырынды жас бұтақтары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Жер асты суы жақын бекіген тығыз құмы бар. Жазық алқаптағы ойпаттарда жақсы жетіліп, онда көбіне тығыз тоғай құра алады. Әсіресе, республиканың құмды, сорлы және тақыр жерлерінде өседі.

Таралу аймағы: Қара сексеуіл Үстіртте, Арал теңізі, сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында, Бетпақдала мен Қызылқұмда тараған.

Республиканың солтүстігінде және таулы аудандарда кездеспейді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Өте мықты қатты ағаштары сұрғылт қоңыр түсті. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы қақырап сынады.

Отын үшін пайдаланылады. Бұтақтары ерекше болғандықтан одан әр түрлі бейнелер жасауға болады.

Шөлді аудандардағы ауылдарды құм басудан сақтау үшін өсіруге болады.

  1. Зайсан сексеуілі (Саксаул зайсанский) немесе бұта сексеуіл.

Биіктігі 4,5 метрге жететін бұта тектес өсімдік. Кәрі діңінің түсі ашық қоңыр, жас бұтақтары ақ сұр түсті, Редукцияға ұшыраған жапырақтарының пішіні сүйел немесе үш бұрышты төмпешік тәрізді. Олар бұтақта қарама – қарсы орналасады.

Таралу аймағы: Қазақстанда Зайсан көлінің жағасы мен Алматы облысындағы Торайғыр тауының құмды және тасты топырақтарында өседі. Жергілікті жерде отынға пайдаланылады.

Сексеуілдің бұл түрі республикада өте аз жерде өседі, сондықтан оның табиғи тоғайын қорғап өсіруді кеңейту қажет.

Бағзы заманда халқымыз көшіп-қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Оған себеп, байырғы қазақ халық өзі қолдан «қара сабынын» жасаған. Қара сабын кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше болған. Атадан балаға мирас болып жеткен бұл шаруа бүгінде күн санап көмескіленіп, мүлде ұмыт болуға айналғаны жасырын емес.

Ал, бізде мұны қазіргілер «кір сабын» деп атайды. Сабын жасау үрдісін бүгіндері ауыл-аймақтағы ақ жаулықты әжелеріміз ғана білуі мүмкін деп ойлаймыз. Әжелеріміздің айтуынша, әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған сексеуілді бір жерге жинап өртейді. Кейінгі кезде күнбағыстың майы мен күлін пайдаланатын болған. Сексеуілдің күлін әбден қайнатып, оны бір күн тұндырады. Содан соң әлгі бір қалыпты маздап жанған отқа қойып әбден қайнағаннан кейін күлдің суы құрғап сақарға айналады. Сақар – сабын құрамының негізгі қоспасы. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт-бес қалта күлден, жарты қалта сақар алынады. Сақар сабынға айналдыру үшін қойдың немесе сиырдың майын қосады. Бұрын әжелеріміз күз келсе болды, сабын қайнатуды әдетке айналдыратын болған. Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де бар. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеген. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алған. Сондай-ақ, ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыптын болған. Қара сабынды сексеуілден басқа алабота, сарқурай, дермене өсімдіктерінің күлінен де жасалған. Ертеде қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған, түспеген.

Халқымыз қара сабынды киелі санаған. Сондықтан да оған қатысты жекелеген ырым-тиымдар бар. Мәселен, сабын жақсы қайнамаса, тасып-төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, қалап-сұрайтыны тағы бар. Оған қатысты ырымның бірі жасау кезіндегі аластау.

Бүгінде қара сабынды жасаумен пайдалану қытай мен моңғолиядағы қандастарымыз арасында жақсы сақталған. Алайда, бүгінгі осы сақар жасау жағы мүлдем жоқ. Алда осы бағыттағы осы жұмысты жандандырып қазақтың брендіне неге айналдырмасқа. Бұл жайлы ойланғанымыз дұрыс болар.

Халық мұрасын жаңғыртушы Тұрымқан Оспанқызы – қазақтың қара сабынын қайнату ісінің шебері. Атадан балаға мирас болып жеткен бұл шаруа бүгінде күн санап көмескіленіп, мүлде ұмыт болуға айналғаны жасырын емес.

«Сақар жасау үшін алдымен сексеуілдің күлін қайнатамыз. Оны бір күн тұндырғаннан кейін сақар пайда болады. Сақар болғаннан кейін май құйып қара сабын әзірлейміз. Сақарды дәстүрлі сабынға айналдыру үшін көбінесе қойдың немесе сиырдың майын қосып қайнатамыз. Себебі олар табиғи шикізат қайнар көзі болып саналады. Ал оны қайнатудың тиісті шарттары бар», – дейді Тұрымқан апа. Бұдан кейін бұл кісі сабынның әзірлену барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіре бастады. Сұйық май қосылса, сабынның езілгіш, тез ерігіш келетінін айтады ол. Қазан отын жағудың да өз ережесі, бабы бар көрінеді. Алғашында оттың қызуын арттырып алып, сосын қызу ақырындап бәсеңдетіледі. Ал қазандағы сақар үздіксіз араластырылады. Дұрыс араласпаса, түбі қазанға жабысып қалады. «Жасаған сабын жақсы дайындалғанда аппақ көбік шығады. Ескеретін тағы бір жайт, сақар мен құйылатын майдың анық өлшемін сақтағанымыз абзал. Бір кесе сақарға екі кесе май құямыз. Майы көп болса, майға шашалып қалады, майы аз болса, сабын қатты болып шығады», – дейді көненің көзін сақтаушы.

«Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас», – деп Бұхар жырау жырына қосқан сабын сөзі Шал ақынның өлеңінен де байқалады:

«Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін». Демек, қара сабынның қазақ арасындығы қолданысы арыда жатыр. Оған қара сабынның VII-VIII ғасырдағы әдебиеттерден кезіккені дәлел. Кейбір деректер Ресейде сабынның ХІХ ғасырдың ортасына дейін орыс ақсүйектеріне ғана белгілі болғанын алға тартады.

Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолдан¬ылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберек¬термен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.

Бұзаушықты білесіз бе?

Тұрымқан апай «Сабынды дайындап біткенде әке-шешелеріміз ыстықтай беліне орап алатын. Денеге өткен ыстығы пайдалы деп. Мұның жас балаларға пайдасы бар, бөрткен, қотыр шықпайды» дейді. Кішкене нәрестелердің іші кеуіп ауырғанда кіндік бөлімін қара сабынмен сыласа пайдалы. Қара сабыннан қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай етіп, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны «бұзаушық» деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда жұмсалады. «Мынау сенің бұзаушығың» деп қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған.

Бұл сабынның балаларға қолданылатыны – химиялық қоспасыз, табиғи болғандықтан. «Баланы біз қырқынан шыққанша, бір күні тұзды суға, енді бір күні сабынды суға саламыз, біріншісінде тұз сіңіп, терінің пысуына көмектеседі, ал екінші күні қара сабынмен жуады. Бұл қазақ медицинасында терінің жетілуіне, бұлшық еттердің жақсы дамуына көмегі тиеді деп есептелінеді», – дейді Жарқын Сәленұлы.

Мақсат ӘБДІҚАДЫРҰЛЫ, дәрігер:

– Қара сабын – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі құрамы – сексеуілдің күлі. Онда натрий, тотықты гидрат бар. Ол жануар майымен араластырып жасалады. Мұны қазақ медицинасында ежелден балалардың, ересектердің сыртқы терілерін, киім-кешегін жууға пайдаланған. Негізінен, тері ауруы, жел-құз, ет пен терінің ортасындағы қара желге өте жақсы көмегі болған. Терідегі түрлі қышыма ауруларына ешқандай дәрі-дәрмексыз қара сабынмен ішкі киімдерін жуып, өзі шомылдырғанда-ақ жақсы болып кеткен деседі жұрт. Қара сабынды суық тигенде сылайтын май ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады

В) Сексеуіл өсімдігінің энтомологиялық  жаулары.

Биология ғылымында «энтомология» сөзі бұнақдене деген мағына береді.

Сондықтан Сексеуілдің ең бірінші жауы Сүген қоңызы (жук-усач) болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамырмойнының айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да жыл сайын көбейе береді. Оның тескен «туннельдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы  борпылдап  жұмсарады. Енді күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады

Г) Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жаулары

Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жатады. Құм тышқандары жер астында сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды . Құм тышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды: Жемісі жер бетінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан тышқан  оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді . Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құм тышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да  қиып түсіреді де, сусынын қандырады . Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны  да кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.

Д) Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары

Ал сексеуілдің  үшінші антропогендік жауларына адамдар  жатқызылады екен.

Сексеуілді отап, құртып жоюдан арыға аса алмайтын пенделер арамызда аз емес көрінеді . Нақты кезеңде Жаңақорған  ауданында 549000 гектар аймақта тоғайлы сексеуілді алқап бар Әрине бұның өзі аз көрінеді

Жаппай жаңа шаруашылықтар  ашыла бастаған 1964 жылдан бастап 2001 жыл аралығында осы өңірдің өзінде 11 мың гектар жердің сексеуілі құртылған деген қорытынды келтірілген: Құртылуының себебі сол кезеңдерде құрылыстар салу мал қораларымен ыстауларды орналастыру кезінде табтғатпен санасқан ешкім болмағаны көрініп тұр. Бүгінгі таңға дейін сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді ұрлап сататын қарақшылар азаймаса күннен  күнге көбею үстінде

Е)  Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы

  1. Құмды шөлдің қорғаны болып табылады.  Олай дейтініміз  құмды бекітіп ұстап  тұрады.
  2. Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық  органикалық заттар болады. Және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын.
  3. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі Отқа жаққандағы қызуы  жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді.
  4. Сондықтан да Қазақстан мен Орта Азия халықтары сексеуілді мақтанышпен  жасыл көмір деп те атайды.  Сексеуіл ағашынан сапалы көмір дайындайды
  5. Сексеуіл күлінен сақар ( тыңайтқыш) өндіріледі

Қорғау шаралары

  1. Сексеуілді ұрлап сататын қарақшыларға тиым салу
  2. Әлі жас өскін сексеуілден 4 түлік малдарды алшақ жаю
  3. Шөлді жерге әр гектарға қалып бойынша 5 келіден сексеуіл ұрығын себу
  4. Сексеуілді сындырып бүлдірушілерге орман қорғау мемлекеттік мекемесі бекіткен штраф ( айыппұл) салу
  5. Орман қорғау мекемесі жұмысшыларына құм ішінде еркін жүре алатын көліктер (мотоцикл) бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы, 2004ж;

2.Қ.Сыбанбеков “Биология ғажаптары”, Алматы, Қайнар, 1993ж;

3.Биқұмар Кәмәләшұлы “Ауа райының” қазақи дәстүрлі болжамдары”, Алматы, Өнер, 2006ж;

  1. Қаратал күндіз – күміс, түнде – алтын.
  2. Интернет материалдары.