Заттың санынын білдіретін сөздер.

72

Ана тілі

    Тақырыбы:  Заттың санынын білдіретін сөздер.

                              133 – 135 – жаттығу. Домалақ ана.

Мақсаты:

 а) Оқушыларға Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтары заттың санын дұрыс игертіп үйрету, түсінік беру, халқымыздың мақтанышы «Әулие анамыз» туралы мәлімет беру.

ә) Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б) Қасиетті адамдық құдіретіне деген сенімін арттыру, іскерлік шеберліктерін дамыту.

Көрнектілігі: «Домалақ ана» кесенесі ( суреті), сөзжұмбақ, ойын кесте. Үнтаспа « Домалақ ана»

Түрі: ертегі сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап түсіндіру.

Пән аралық байланыс: математика, ән, әдеп.

Типі: жаңа сабақ

Стратегиясы: «Ойқозғау» « Топтастыру», «Өзің үшін жазу»

 

Барысы: 

  1. Ұйымдастыру: (психолгоиялық дайындық)
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  • Өнерлі жігіт мәтінінде кім туралы айтылған?
  • Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
  • Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?

                             III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақты « Шалқан» ертегісі бойынша өтеміз.

                                   Заттың

    Аты                        Қимылы             Сыны               Саны

    Аю                          Не істеді?         Қандай?           Неше?

    Не                             қуды                  айбарлы            бір    

а) Айбарлы Аю ( талдау) 136 – жаттығу

Көп нүтенін орнына сөз қосып жазу

ә) Үнтаспадан « Домалақ ана» өлеңін тыңдау.

б) Мұғалім түсіндіруі: Ақылды, көрген, халық анасы

— Нурила қасиетті Түркістан топырағында дүниеге келген. Шыққан тегі – атақты Қожа Ахмет Иассауидың алтыншы ұрпағы. 10 жасында көріпкел Әулие атанған. Оның кесенесі Қаратаудың күнгей бетінде Балабөген  өзені аңғарында.

в) Оқулықпен жұмыс:

    «Домалақ ана» ( мәнерлеп оқу)

г) Өзіндік жұмыс:

    137 – жаттығу

Сұрақ – жауап арқылы пысықтау

IV.Үйге тапсырма:

134-жаттығу, ереже жаттау, өлең жаттау.

V.Қорытынды:

Білімдерін бағалау, мадақтау.

 

Тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер .               

Мақсаты: Жазба жұмысы арқылы балалардың сын тұрғысынан қалыптастыру, өздіктерінен қортынды  шығара білуге дағдыландыру, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбелеу.Логикалық ойлау сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта слайд топтамалары.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, диогностикалық карта.

Пән аралық байланыс: әдеп, бейнелеу, СӨС

Түрі: интерактивті сабақ

Стратегиясы: «Ойқозғау»,» Өзің үшін жазу»

Ұйымдастыру: психологиялық дайындық.

                         Кірісейік сабаққа

                         Кірісейік жазуға

                         Жазудан 5 алайық

                         Үйге қуанып барайық

Жаңа сабақ: мұғалім әңгімесі.

                    Бұлтты айдай желдеткен,

                    Нөсерлеткен селдеткен

                    Шамшық келіп ойнайтын

                    Қай мезгіл  деп ойлайсың?

                                                           (көктем)

 — Оқушылар,(көктем)-слайдтар арқылы

 — Көктемде  ауа райы қандай болады?

 —  Жарқырап күн шығады,

 — Күн бұлттанады,

 -Жаңбыр жауады.

 -Кемпір қосақ шығады.

     Оқушы:  Дариға «Жаңбыр жауып  басылды»

     Дәптермен жұмыс: Өлең көшіру,(заттың сынын білдіретін сөздерді табу)

  Сергіту сәті:

                                 (Көктем туралы өлеңдер оқылады).

  1. Ақерке: Ата-бабам тойлаған?…
  2. Аятан: Көрсен енді қояндар…
  3. Батырхан: Қар ериді, су ақты….
  4. Балнұр: Мерекені байырғы…..

   Өзіндік жұмыс: Мына заттардың сынын білдіретін сөздерді жазыңдар.

                             Алма қандай? Қарындаштар қандай?

    Жұмбақтар (шешуін жазу)

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.                         

                                                         (Қой)

  1. Өзі жап-жас мұрты бар,

    Ет пен сүтке ұмтылар,

     Тастамайды жылы үйде

    Түкті тонын шұп-шұбар.  

                                               (Мысық)

  1. Орғыған қорқақ, көзі қыли,

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.

                                                  (Қоян)

  1. Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл,

Түссе сары.

                                     (Жапырақ)

Сөздік диктант:

Жасыл, қоңыр, үлкен, тәтті, ащы, тұщы,  әдемі, биік, жоғары, төмен.

Пысықтау: -Біз қандай сөздер жаздық?

                   — Оларға қандай сұрақтар қойылды?

Қорытынды: мадақтай отырып бағалау.

Мұғалім: Бәрекелді, балалар!

                Бәріңе бестік баға бар,

                Азамат боп өсіңдер,

                Ес қадірін бағалар.

    Міне,бала қаншаға,

    Кеңейді өріс-өреміз.

    Әр сабақтан тамсана

    Інжу-маржан тереміз.

    Келесіде қалғанын