Тамақ өнеркәсібі

53

Сыныбы: 9 «В»                                          Пән атауы:  География

Сабақтың тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның тамақ өнеркәсібі құрылымы, салалары, таралу аймақтары  жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Бірлескен топтық жұмыс негізінде өз беттерімен  ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру, сыни ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, сөйлей білу, коммуникабельділік  мәдениетін арттыру, топ ішінде өзара сыйластыққа, бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, оқыту үшін және оқуды бағалау,сыни ойлауға үйрету, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялық іс- әрекет: «ой шақыру»,  «ротациялық» әдіс, СТО, рефлексия, «кластер» әдісі, топтық бағалау.

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс әрекеті Оқушылардың     іс-әрекеті Ресурстар
1 мин  Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

Шағын топтарға бөлу

Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді.Сабаққа ынталары оянады.

5 топқа бөлініп отырады.

5 мин «Тұсаукесер» Топтардың өздерін таныстыруын  сұрайды. Әр топ тақырыпқа сай өз тобының таңдап алған топ атауын таныстырады және  дайындап әкелген тағамдарын таныстырып, ол туралы мағлұмат беріп өтеді. Топ атаулары жазылған табличкалар:

1.      «Ет тағамдары»,

2.      «Сүт тағамдары»,

3.      «Кондитер өнімдері»,

4.      «Жеміс көкөністер»,

5.      «Нан тағамдары».

Оқушылар дайындап әкелген тағам түрлері.

5 мин «Ой  шақыру»

Кестемен жұмыс

Топтарға  тамақ өнеркәсібінің салаларының орталықтары мен орналасу принциптерін еске түсіруге арналған үлестірме кестелерді таратады. Топтағы оқушылар бірлескен жұмыс арқылы өз тобының атауына сай тамақ өнеркәсібінің салаларының орналасу принциптерін еске түсіреді және орталықтарын атап, кестені толтырады. Топтан бір оқушы шығып топ жұмысын таныстырады және картадан көрсетеді. ҚР экономикалық картасы,

Кесте:

Тамақ өнеркәсібінің салалары Орналасу принципі Орталықтары
10 мин «Автобус аялдамасы»

Ротациялық әдіс

«Өз облысыңда тамақ өнеркәсібінің қандай салалары дамыған?» деген сұраққа кластер құру тапсырылады. Әр топ тақырыпқа сай флипчартқа кластер құрады.

Содан соң оқушылар орындарында қалады да, флипчарттар ауысады. Басқа топ оқушылары сызбаны толықтырып отырады.

Осылайша толықтырылған флипчарт алғашқы топқа қайтып келген кезде, топтан бір оқушы шығып, оны қорғайды.

Кластерлер құруға арналған флипчарттар, маркерлер, т.б.
14 мин «Мозаика»

Шығармашылық кезең

«Қазақ халқының ұлттық тағамдары» тақырыбына оқушыларға  алдын ала берілген шығармашылық тапсырмаларын орындауға кезек береді. 1.      «Ет тағамдары»  «Наурыз» мерекесі тақырыбы,

2.      «Сүт тағамдары»- «Ұлттық ойындар» тақырыбы,

3.      «Кондитер өнімдері»—  «Мақал-мәтелдер» тақырыбы,

4.      «Жеміс көкөністер»- ән, өлең

5.      «Нан тағамдары»- «Салт-дәстүр» тақырыбы.

 Әр топ өз тақырыбына сай көрнекіліктер дайындайы.  Сахналық көрініске қажетті киімдер, бұйымдар, музыка, презентациялар,т.б.
5 мин «Қалай ойлайсың?»

Сыни ойлауға арналған тапсырма

«Хрюн мен Степа дүкенде» тақырыбындағы бейнефильмді көрсетеді. Оны топта талқылауды ұсынады. Топта талқылайды және тұжырым жасайды.

Фильм мазмұнына байланысты ой қорытады және топтан бір оқушы өз ойын айтады.

Бейнефильмнен алынған фактілер Өзіндік пікірі
Бейнефильм
1 мин Үйге тапсырма «Тамақ өнеркәсібі» тақырыбын оқу, кескін картаға тамақ өнеркәсібінің орталықтарын белгілеу. Күнделіктеріне жазып алу. Үй тапсырмасы жазылған слайд
2  мин Бағалау Сабақ барысында сабаққа  жауап берген оқушыларға жүрекшелер таратып жүреді және сол арқылы формативті бағалау жүйесін қолданады.

Толтырылған парақшалар арқылы суммативті бағалайды.

Әр топтың көшбасшысы оқушылардың жауап беруін қадағалап отырады және топ топ мүшелерімен ақылдаса отырып қорытынды бағасын бағалау парағына толтырады. Бағалау парағы.

Оқушының атыжөні Тұсаукесер «Ой  шақыру»

 

«Автобу

с аялдамасы»

 

«Мерекелер фестивалі» «Қалай ойлайсың?»

 

Қорытынды баға
2 мин «Рефлексия»

 

— Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады? Нені жақсарту қажет деп ойлайсыңдар? Стикерлерге сабақтан алған әсерлері бойынша «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы рефлексия жасайды. Рефлексияға арналған плакат және стикерлер

= екі ұнаған нәрсе;

– жақсартуды қажет ететін

нәрсе.