Көлік кешені.

39

 

Тақырыбы: Көлік  кешені.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның көлік  кешені, салалары, құрылымы  жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

 

Болжамдап отырған нәтиже:1. Қазақстанның көлік  кешенімен  танысқан тұлға.

                                                     2.Картамен,кестемен жұмыс істеп қорытынды жасай білетін тұлға

3.Болашақ еліне пайдасын тигізуді ойлайтын патриот

Сабақтың әдісі: СТО/  сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

 

Сабақтың жоспары:

І.  Қызығушылығын ояту

1.Номенклатурамен жұмыс

2.проблемалық сұрақтар

ІІ.Мағынаны тану

  1. Электронды оқулық арқылы дәріс
  2. Түртіп алу стратегиясымен оқулық мәтінімен танысу
  3. Кестемен жұмыс.
  4. Тірек-сызбамен жұмыс.

IІІ. Ой толғау.

  1. Б.Ү.Ү. кестесі.
  2. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

 

Сабақтың барысы:

І.  Қызығушылығын ояту  Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.Оқушыларға сұрақ Қазақ жерінде бұрын қалалар болды ма.?Ұлы Жібек жолы неліктен қазақ жерімен өткен? Қазақстанның қалаларын картадан кім көрсете алады?Жолдардың маңызы туралы не айта аласыңдар.

ІІ.Мағынаны тану. Қазақстанның көлік кешені туралы электронды оқулықпен танысайық.Топтарға бөлініп түртіп алу стратегиясын қолданып оқулық мәтінімен танысайық.

 Топтастыру.

            Топтастыру арқылы көлік кешенінің салаларын  түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кестемен жұмыс.

            Кесте арқылы көлік кешені салаларының ірі магистральдарын түсіндіру.

 

Көлік кешені салалары Ірі магистральдары
 

Автомобиль жолы.

Алматы-Астана, Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент, Қарағанды-Теміртау-Астана, Семей-Павлодар-Омбы, Алматы-Шелек-Нарынқол, Орал-Атырау т.б.
Теміржол. Түркісіб, Оңтүстік Сібір, Орта Сібір, ТрансҚазақстан т.б.
Су көлігі. Каспий теңізі, Орал, Іле, Ертіс өзендері боиы т.б.
Әуе көлігі. 51 әуежай жұмыс істейді, 21 республикалық маңызы бар.
Құбыр желісі. Доссор-Ракуша, Өзен-Жетібай-Ақтау, Өзен-Атыру-Самара, Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу т.б.

 

Тірек-сызбамен жұмыс.

            Тірек-сызба арқылы көлік кешені салаларының жүк тасымалы, ұзвндығы түсіндіріледі.

Ұзындығы-14,6 мың км, 57,5% жүк, 56%жолау-шытасымал-данады.
Маңызды жол ұзындығы-12,4 мың км,
Ұзындығы-6 мың км,
19  шетелдік әуе компания-

ларының 9-ы алыс шетелге

жүк тасиды.

Мұнайдың 60%, газ толығымен тасымал-данады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау.

 

IІІ. Ой толғау

1.Қазақстан,көлік,жол,ұлы жібек жолы, түрксіб,әлем сөздерін пайдаланып қысқаша эссе немесе төрт шумақ өлең жазу.

  1. Б.Ү.Ү. кестесі.

 

Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді
 

 

 

 

 

 

   

 

ІV. Қорытындылау, бағалау.

  1. Үйге тапсырма беру.

            Үйге: Қазақстанның көлік  кешені.