Қазақстанның ішкі сулары. Өзендері

46

 

Сабақтың тақырыбы : Қазақстанның ішкі сулары.Өзендері

 

Мақсаты : Қазақстанның ішкі сулары туралы білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары ,өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын , қоректенуі  туралы түсінік қалыптастыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.

 

Сабақты өткізу әдісі: Activ Inspire бағдарламасы бойынша

Сабақтың түрі: Өткен материалды бекіту, жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі: Интернет ресурстарын пайдалану: Қазақстанның физикалық картасы,сабақ тақырыбына байланысты суреттер мен видеокөрсетілімдер.

Дидактикалық  және шығармашылық тапсырмалар: Activ Inspire бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеріп, зейіндерін жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Тез жауап»

  1. ҚР жер көлемі
  2. Шекара ұзындығы
  3. Шығысындағы мемлекет
  4. Батыстағы ойпат
  5. Ең биік шың
  6. Ауа массаларын ата
  7. Күн радияциясының түрлері
  8. Қандай ауа массалары әсер етеді?
  9. Ең жауын-шашын мол түсетін жер
  10. Уранның қоры жөнінен нешінші орында?
  11. Климат қалыптастырушы факторларды ата

 

Қызығушылықты ояту .Жұмбақ шешу

 

А)Жылт-жылт етеді,жылғадан өтеді.

ә)Қылышпен шауып, турай алмадым.

Бір шайқап қалып, жинай алмадым.

Б)Дәмі де ,иісі де жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ

 

Су туралы қызықты мәліметтер :

1.Жердегі ең жылы теңіз –Қызыл теңіз.

  1. Чилидегі Калама қалашығында мүлде жаңбыр жаумайды
  2. Жердің 70 пайызы су,оның тек 2 пайызы ішуге жарамды .
  3. Жердің 10 пайызын мұз жауып жатыр.
  4. Мұздың тығыздығы мен бетонның тығыздығы тең.
  5. Ыстық су суық суға қарағанда ауырлау.

7.Сауд Арабиясында бір бе бір өзен жоқ.

8.Оңтүстік Американың тек екі мемлекеті ғана мұхитпен шектеспейді .

9.Барлық мұхиттан қашық жатқан нүкте Қытайда.

10.Сыртқы мәліметке байланысты су құрамы өзгереді .

  1. Амазонканың 500ден астам саласы бар.
  2. Қазақ ырымында түнде су алуға тиым салынған.Қажет жағдайда су атасы Сүлейменнен рұқсат сұраған:

Су атасы-Сүлеймен

Айдыныңа тас аттым.

Рұқсат ет балаңа

Су алуға бола ма ?

Түн ұйқыңнан ояттым.

 

Өткенді еске түсіру

Жердің су қабығы Гидросфераны құрайтын бөліктерді атайық:

Мұхиттар,өзендер,көлдер,теңіздер ,жер асты сулары бөгендер,каналдар,батпақтар.

 Су –құрлықтағы сұйық,қатты,газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден –бір минерал.Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлі болуына байланысты ішкі сулары да әртүрлі. Олар бірнеше түрге бөленеді :өзендер,көлдер,жер асты сулары,мұздықтар,бөгендер,каналдар.

Жұмбақ:

 

 

Жаңа тақырып: Қазақстанның ішкі сулары.Өзендері

Қазақстанның 7 ірі өзендерінің картасы мен суреттерін,видеороликтерін көрсету.

Қазақстан аумағында 85022 өзен бар.Оның 84694-шағын(100км),305-і орташа(500км)23-і ірі (500-1000км).1000 км ден асатын 7 өзен бар.

Олар Ертіс,Тобыл,Есіл,Жайық,Сырдария,Іле ,Шу)

Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алабына құяды .Солтүстік мұзды мұхит алабына Ертіс(Есіл,Тобыл салаларымен) Ішкі тұйық алап;

Каспий теңізі алабы :Жайық.Жем,Сағыз,Ойыл,Сары өзен,Қара өзен

Арал теңізі алабы: Сырдария,Арыс,Шу,,Сарысу,Торғай,Ырғыз,Талас

Балқаш-Қаратал,Лепсі,Ақсу,Іле,Тентек,Сарқан,Басқан.

 

Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі : Жасы әртүрлі. Жазық бөліктерінің өзен жүйелері ескі,даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Бүйірлік шаю күшті,тереңдік шаю баяу.Тау өзендері керісінше

 

Өзеннің су шығыны -өзеннің су қимасы арқылы 1 жыл ішінде ағып шығатын су.

Жылдық ағын-Жыл бойы ағып шығатын су шығыны.

Өзендердің қоректенуі мен режимі: Жазық өзендері: қар және қар-жаңбыр суымен қоректенеді.Қар жаңбыр:Есіл,Тобыл;Қар-Нұра,Жайық,Сағыз,Жем ,Торғай,Ырғыз.

Тау өзендері Қар суымен және мұздықтармен қоректенеді : Сырдария,Іле, Қаратал,Ертіс.

 

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары :

 Географиялық номенклатура  бойынша білім бекіту.

  1. Сұрау белгісімен белгіленген нысандарды анықтау.

2.Олардың атауын жазу

 «Өз орнын тап»

Өзендерді өз алаптарына орналастыру

 

 

 

 

 

 

 

Ойыл,Талас,Торғай,Сырдария,Сағыз,Жем,Жайық ,Қаратал,Лепсі

 

«Сандар сөйлейді »

 

1698 км-Ертіс

1084-Жайық

1400-Есіл

800-Тобыл

815-Іле

1186-Шу

Сергіту сәті.

1 топқа су туралы мақал -мәтел,2 топқа су туралы тиым сөздер, 3 топқа-су туралы өлеңдер айту.

 

Activ ote тестілеу құрылғысын пайдалану .

1.ҚР Қанша өзен бар?

А)85 мың                    б)80мың

В)50мың                    г)40 мың

  1. 1000 км-ден асатын өзен саны

А)5                          б)7                     в)9                 г)10

  1. ҚР өзендері неше алапқа жатады ?

А)5                     б)4                     в)3                         г)2

4.Каспий теңізі алабына жататын өзендер:

А)Жайық,Жем,Сағыз                            ә)Қаратал,Лепсі,Ақсу

Б)Шу ,Сарысу ,Торғай                            г)Жайық,Шу,Лепсі

  1. Жазықтардағы өзендер солтүстіктен оңтүстікке қарай…….

А)артады                           ә)Кемиді

Б)Өзгермейді                 г) Өзгереді

  1. Өзеннің су қимасы арқылы 1 сек ішінде ағып өтетеін су мөлшері:

А)Жылдық ағын                            ә)Көп жылдық ағын

Б)Су шығыны                      г) көп жылдық шығын

  1. Қар және мұздықтармен қоректенетін өзендер

А)Іле ,Қаратал,Ертіс                     б)Жем,Торғай ,Сарысу

Б)Ертіс,Торғай ,Сарысу                в)Жайық,Сағыз,Қаратал

8.ҚР ішкі суларына  жатады

А)Өзен,көл,жер асты суы,бөген,канал,мұздық

Б) теңіз,өзен .көл,мұхит                   в)Теңіз,өзен,көл,жер асты суы

Г) Мұхит ,көл ,өзен

  1. ҚР ең ұзын өзен :

А) Есіл                       б)Жайық

В)Жем                         г)Сырдария

10.Жергілікті жердегі ірі өзен:

А) Есіл                       б)Жайық

В)Жем                         г)Сырдария

Қорытындылау

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма :Қосымша ақпарат құралдарынан өзендер туралы деректерді қарап келу