Солтүстік Қазақ жазығы

110

Солтүстік Қазақ жазығы

 

Сабақтың мақсаты:

                                 Білімділік — Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, тектоникалық құрылымы, геологиялық құрылысы, жер бедерінің, климатының қалыптасуы, ішкі суы, фаунасы, табиғат зонасы туралы білім беру.

                                Дамытушылық — Қазақстан табиғаты туралы білімдерін кеңейтуді көздей \

отырып, оқушының дүниетанымдық қабілетін дамыту;

                                Тәрбиелік — Отанын сүюге, адамгершілікке, табиғат байлықтарын ұтымды

пайдалануға тәрбиелеу

 

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, пайдалы қазба үлгілері, атлас.  М.Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасы, кескін карта, грфикалық тест, ақын жазушылар портреттері, кеппе шөптер.

 

Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих, халықтық педагогика, сурет-сызу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

 

Өткен материалдарды еске түсіруге арналған сұрақтар

  • Тұран жазығының географиялық орны?
  • Тұран ойпытының негізгі тұғыры қай кезеңде қалыптасқан?
  • Тұран жазығына қандай аймақ кіреді?
  • Маңғыстау аласа таулы өлкесінің ең биік нүктесі, оның биіктігі?
  • Торғай үстіртінің орталық бөлігінде кең ойысты неге Торғай қолаты деп атайды?
  • Тұран жазығының пайдалы қазбалары?
  • Неге қыста ауа температурасы кейде -30 -40 С жетеді?
  • Ірі өзендерді атап, картадан көрсет.
  • Қандай табиғат зоналар тән?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

 

ЖОСПАР

  1. Географиялық орны
  2. Жнр бедері мен геологиялық құрылысы
  3. Пайдалы қазбалары
  4. Климаты
  5. Өзендері мен көлдері
  6. Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары

 

М. Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасының үзінді оқу арқылы жаңа сабаққа ену.

Армысың, Атырауым бозаң далам,

Каспий мен Жайықтан көз алмаған

Ұмыттыңба сонау бір кездеріңді

Құлан жорытса құмыңды кезе алмаған

Бұл қай өңір? (Шығыс Европа жазығы)

 

 

О, Жетісу! Сандық тау, сандал белім

Шоқтығы өсіп, жал бітіп, жанданды елім

Байлықты айтып несіне мақтанамын

Балақ, қойнын несіне ақтарамын.

Жетісудің байлығын білмек болсаң

Бір уыс топырағын ал қарағым.

Тоқтар емес толастап бөгесінде

Сырдың елі ғарыштың кемесіндей

Жатыр шалқып Аралым ақ айдыным

Ырыс құйған қазақтың тегешіндей.

Бұл үзінді қай өлкеге сипатталған? (Тұран жазығы)

 

Жап-жалпақ жауырынды жатыр дала

Ақын дала алапат батыр дала

Ақмола мен Қостанай арасында

Дән өскен тақырға да тотырға да

Ерекше –ау жаралыпсың затың дала!

Ох, неткен айдынды өңір, алып өңір

Астықты омырауына салып өңір.

Бұл қай өңір? (Солтүстік Қазақ жазығы)

 

-Міне балалар, Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі жазықты, астықты алқап та Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан. Осы Солтүстік Қазақ жазығының географиялық орны, тектоникалық құрылымы, өсімдіктер, жануарлар дүниесі туралы білетін боламыз.

 

Солтүстік Қазақ жазығының физикалық-географиялық орны. Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км алапты алып жатыр. (Қазақстанның физикалық картасы бойынша түсіндіріледі. Оқушылар картадан көрсетеді, оқулықтағы,картадағы тектоникалық, геологиялық карталар арқылы геологиялық картасы оқылады.)

-Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері полеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінді жыныстарынан тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан . Жер беті тегіс, өзендері сирек, сондықтан көп тілімденген, тұйық қазан шұңқырлар кездеседі

 

 

 

 

Есілдің жазық орманды-Есіл өзенінің 2 жағын бойлай Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан көлді жазық. Жері сазды және өзен шөгіндісі, палеоген жыныстары басқан көлдер көп, топырағы қара, ормандары қайың мен теректен тұрады. Тобыл-Обағанның жазық даласы-бұл да көлді жазық. Жазық саздардан түзілген, бетін нешген, глиоцен жыныстары жапқан. Тұщы көл аз, тұзды көл көп, өара топырақты. Тұщы көлдері-Құсмұрын.

Есіл-Ертіс даласы. Есілдің-қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығы ортасында жатыр. Неоген саз балшығы, оның бетін полеоген құмдары мен балшықтары басқан. Батысында көл көп, көбі тұщы, үлкені-Шағалалытеңіз. Ертіс –Құлынды жазығы-Павлодар облысының күңгірт қара топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзені жағалауы бірнеше террасадан тұрады. Ертістің сол жағасы мен солтүстік батысында көл және көл табандары көп.Үлкені-Жалаулы, Шүрексор, Сілетітеңіз.

 

Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары (өлең оқу)

Соколов-Сарыбай, Қашар кен орындарында темір рудасы өндіріледі. Рудныйда байыту комбинаты бар. Әйет, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің мол қоры бар. Хромит, кобальт кені барланған. Құрылыс материалдары да мол..

 

Солтүстік Қазақ жазығының климаты.

Континентті, Орта Азияның ыстық ауасы еркін енеді, жауын-шашын мөлшері 350 мм

Көбіне жаз айларында түседі. Шілденің орташа температурасы +18 +20 С, қаңтардың орташа температурасы -17 -19 С. Қар қалың түседі, 30-50см.

 

Солтүстік Қазақ жазығының өзен –көлдері

Ірі өзені: Ертіс, Есіл, Тобыл. Есіл өзені бойында бас қаламыз Астана қаласы орналасқан. Шағын өзендері: Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Сілеті, Өлеңті, т.б.

Көлдері: Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке және т.б. Суы ащы, ұсақ көл көп.

 

Солтүстік Қазақ жазығының табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары кіреді. (гербарийден өсімдіктер дүниесін көрсету және Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі кітабынан жануарлардың суретін көрсету)

 

Қорық деген не? Қазақстанда неше қорық бар?

Табиғаты әсем, аң жануарға бай. Өлкенің табиғи ландшафтысын сақтау мақсатында түрлі қорық пен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Соның бірі-Наурызым қорығы. 1929 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысы Наурызым ауданында.

Солтүстік қазақ жазығының шаруашылық маңызы. Солтүстік қазақ жазығы республиканың егіншілік аймақтарына жатады. Орманды даладан басқа жерінде ылғал аз. Жылдық ылғал тапшылығы, топырақтың жел әсерінен құрғауы, шаңды борандар жел эрозиясын туғызуда. Ауданның жер байлығын сақтау үшін белгілі шара қолдану қажет.

 

ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау

 

Қалақ халқының ұлттық ойын үлгілерін негізге алып, білім сайысына түсеміз.

  1. Сырықа шығу- «Әркімнің өзі шығар биігі бар» Телевизор арқылы тест сұрақтарына жауап

беру.

 

  1. Алтын қабақ ату- «Өнер ағып тұрған бұлақ, білім жанып тұрған шырақ » Сурет сұрақтар

 

  1. Кескін картамен жұмыс.

А) Кескін картаға Солтүстік қазақ жазығын орналастыру

Ә) Ірі өзендерін түсіру

 

  1. Арқан тартыс- «Асу бермес асқар жоқ »
  2. Венн диаграмасы

 

Ү. Бағалау

 

ҮІ.Үйге тапсырма беру. §42. Солтүстік қазақ жазығы.

Кескін картаға пайдалы қазбалары, өзен көлдерін түсіру. Графикалық тест.

 

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

 

-Табиғат- Анаға аялы алақан, жүрек жылуын арнау әрбірсаналы адамның парасатты парызы.

Белгілі ақын М. Әлімбаев:

Туған жерді сүю — парыз

Қасиетін ұғу парыз

Күзетінде тұру парыз-деп сабағымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар.