«Аламан бәйге»

96

«Аламан бәйге»

Өтетін күні :

Қатысатын сынып – 9 қазақ

Мақсаты: Білімділік- Жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің апталығын қортындылау. Химия, биология, география, физика, математика, информатика пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалана білуі.

Дамытушылық- Топпен жұмыс жасауға белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік – Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Түрі: сыныптан тыс іс –шара

Әдіс – тәсілі: жарыс, ойын, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдыстыру кезеңі
  • Оқушыларды жарысқа дайындау
  • Әділ – қазылар алқасын сайлау
  • Сыныпты топқа бөлу

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адам, қалай ғана қатігездік жасайсың ?

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

  1. топтар: «Тайбурыл»,          «Құлагер»
  2. Әр топтың ат бапкері болады.

Мұғалім сөзі:

  • Қазақ халқы жылқы малын ертеден аса қадірлеген. жылқының арасынан жүйріктерін таңдап, оларды баптап, бәйге жарыстырға қатыстырған. Ең алдымен мына сұрақтарға жауап беріп алайық:
    1. Қазақ халқының ұлттық ат ойындарының қандай түрлерін білесіңдер? ( Көкпар, Жорға, Бәйге, Теңге алу, аударыспақ, Қыз қуу)

— Ат ойындарының тәрбиелік мәні зор. Қазақ батырлары мен сал – серілерінің жапан – түзде мұңдасар серігі жылқы болған.

  • Бүгінгі біздің аламан бәйгемізде әр топ өзінің білімін көрсетеді деген сенімдеміз. Топ жарып шығар жеңімпазды анықтау үшін әділ- қазылар алқасын сайлап алайық.
  • Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі – аламан бәйгені бастаймыз. Жарысымыз мына кезеңдерден тұрады:
    1. «Жорға жарыс»
    2. «Аударыспақ» жарысы
    3. «Көкпар» жарысы
    4. «Теңге алу»
    5. «Кім жылдам »
    6. «Бәйге төбе»
  1. «Жорға жарыс»

Бұл жарыста жылқы өзінің жұмсақ, жайлы жүрісімен көзге түседі. Жарыс кезінде де жорғасынан таймайды. Жарыс 2-3 шақырым қашықтықта өтеді.

Бұл жарыста ат бапкерлеріне сұрақ қойылады. (биология)

1 топ Тайбурыл 2 топ Құлагер
1.«Өсімдік  пионері» деп қай өсімдікті атайды? (Қына)

2. Қай құста мүлде ұя болмайды (Көкек )

3. Инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл ауруды халық арасында құрт ауруы деп атайды. Бұл тек жұқпалы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік ауруға жатады. Науқас адам, ауру жануарлардың сүтін, етін жегенде, ауа арқылы да жұғады. Бұл ауру қалай аталады? ( туберкулез )

4.Менделеев кестесіндегі қай элементі алхимиктер  «Жанартау құдайыының өті» деп атады ? (Күкірт )

 

1. Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әшекейлеген ? (Картоп гүлі )

2. Диірмен тасын теуп сындырыпты дейтін аңызда айтылатын құс? (Ителгі )

3. Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан болған, сонда да, жаппай авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі неде? ( ауа, су, топырақ, өсімдік таза болған )

4. Қандай химиялық элементтің атына екі әріп қосса Монголиядағы өзен аты шығады?   (Селен- Селенга )

 

 

  1. «Аударыспақ» жарысы

Бұл да ат үстіндегі ойынның бір түрі. Аударыспақта аттың үстінде жүріп екі адам білектесіп, күреседі. Күресте кім жықса сол жеңіске жетеді. (информатика)

Оқушылар қоржындағы сұрақтарды алып, ауызша жауап береді.

  1. Алгоритм дегеніміз не?(берілген мәліметтерді пайдаланып, ізделінетін нәтижеге жеткізетін командалар тізбегі)
  2. Алгоритм түрлері(сызықтық, тармақталған, циклдік)
  3. Алгоритмде қолданылатын блок-схемалар(овал, тік төртбұрыш, көпбұрыш, ромб, параллелеограм)
  4. Тік төртбұрыштың атқаратын қызметі?(енгізу/шығару)
  5. Арифметикалық амалдар(қосу, азайту, көбейту, бөлу)
  6. Дербес ЭЕМ-дер дегеніміз не? (жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер)
  7. Дербес ЭЕМ-дер дегеніміз не?(жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер)

8..Қазақстандағы қандай елді мекендер химиялық элемент мтымен аталады?

(Хромтау, Теміртау, )

9.. Грек құдайы  атына байланысты қойылған металл? (Титан)

  1. Қарағайлы орманмен аттас қандай элемент? (Бор)
  2. Немісшеден «қасқыр көбігі » деп аударлатын элемент?

(Вольфрам,  вольф-қасқыр,  ран- көбік)

  1. Ғарышкерлердің костюмдері неге ақшыл түсті болады ?

Жауап: Ақшыл түсті күн сәулесін жақсы шағылдырады.

3.«Көкпар» жарысы

Ойынның шарты бойынша ортаға семіз марқаны қойып, бір ойыншы марқаны аттың қанжығасына өңгеріп шаба жөнеледі. Қалған ойыншылар жаңағы ойыншыныартынан атпен қуады. Қайсысы бұрын жетсе, сол ойыншы марқаға жармасып, екі ойыншы марқаға таласады. Бұл ойында ойыншылардың бірі додаға түскен марқаны жеңіп алады.

Енді көкпар жарысының сауалдарына жауап берейік:  (физика )

  1. . Неге шабандоз шапқан кезде ұшақтағы жолаушыдан гөрі қозғалыс жылдамдығын анық сезінеді?

Жауап: Атқа мінген адамның бетіне ауа әсер етеді, сондықтан да қозғалысы жақсы байқалады. Айналасындағы заттар(бұталар,төбешіктер,киіз үйлер) жақында орналысқандықтан қозғалыс ара қашықтығы тез өзгеріп жылдамдық жақсы сезінеді. Оған қатысты ұшақ жерден алыста ұшады және оған қатысты санақ жүйесінің жоқ болуынан үлкен жылдамдық сезілмейді.

  1. Қай кезде энергия көп болады-қол соққанда ма,әлде күн күркірегенде ме?

Жауап: Күннің күркіреуі, қол соққанға қарағанда қатты, сондықтан онда энергия көп болады.

  1. Дауыс қаттылығы немен өлшенеді?

Жауап: Дыбыс децибельмен өлшенеді.

  1. Адам ультрадыбысты ести алады. Осы тұжырым дұрыс па?

Жауап: Адам ультрадыбысты ести алмайды.

  1. Ашық космоста ешқандай дыбыс жоқ. Осы тұжырым дұрыс па?

Жауап: Дұрыс. Ашық космоста ешқандай дыбыс жоқ. Өйткені дыбыс толқындары ауасыз кеңістікте тарала алмайды.

6.Автотрактор рульдері неге қара түсті?

Жауап: Күн не басқа сәулелер шағылмауы үшін.

7.Жол белгілері неге сарғыш-көгілдір түсті ?

Жауап: Бұл түстер жарықты жақсы шағылдырады.

8.Автокөліктердің фонарының жарық шашыратқышты қандай металмен қапталған ?

Жауап: Шағылу коэффициенті жоғары затпен, мысалы,гальваникалық радиймен.

9.Неге автокөліктердің фарының шынысы тегіс жасалмайды ?

Жауап: Жарықтың сыну заңына негізделіп, біртұтас бағытталған жарық ағыныналу үшін.

  1. Қандай металл болашақтың металы деп аталған ? (Алюминий)
  2. Сұйық оксид ? (Су . Н2О)
  3. Мидың орташа салмағы. ( 1300-1400г. )

 

 4.«Теңге алу»

Теңге алу да ат спортына жататын ұлттық ойындардың бір түрі. Бұл ойынға жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады. Бірақ, теңге жетқан келгенде баяулауға болмайды, шапқан бетінде, аттың үстінен жерде жатқан теңгені алу керек.

1- сұрақ. Қазақтың өлшем бірліктерін түсіндіріп айтыңдар.

1-тапсырма. ҚҰЛАШ (Екі қол ұшы)

2-тапсырма. СҮЙЕМ (бас бармақ пен сұқ саусақ арасы)

2- сұрақ. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар. (10)

3- сұрақ. Тек қана үш рет пайдаланып амалдар қолдана отырып 30 санын өрнекте. (6*6)-6=30. ( 6 санын пайдаланып)

4- сұрақ.100 жылдың басқа атауы(1 ғасыр)

5- сұрақ Ең кіші 3 таңбалы сан(100)

6- сұрақ Доп емес, дөңгелек емес

Ұқсас бірақ  достарым

Фигура ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

7- сұрақ Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында. (рационал сандар)

8- сұрақ Бір бұрышы 90 градусқа тең үшбұрыш қалай аталады?(тікбұрышты үшбұрыш)

9- сұрақ  5 санына қарама-қарсы сан(-5)

10— сұрақ, Медиана дегеніміз не?(бұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді.)

11..Миф бойынша Тантал патшаның қызының атымен аталған металл?

(Ниобий )

  1. Оқ –дәрі құрамы қай заттардан тұрады ? (Селитра ,күкірт, көмір )

5.«Кім жылдам »

  1. Алғаш қырғыз «Манасын » жазып алған,

Қашқарияға өзгеден бұрын барған.

Кім еді орыстың география қоғамына,

Қазақтан тұңғыш рет мүше болған ?

(Шоқан Уалиханов)

  1. Қазақстанның ең төман жері ( Қарақия ойысы -132 метр )
  2. Жер бетінің кескінін

Түрлі – түспен көрсеткен

Болсада өзі құрметті,

Тиіпті орын ең шеттен ( шартты белгі )

  1. Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

Өзі бірақ көрмейді.                        ( тұсбағдар)

  1. Әлемді алғаш айналып,

Жерді шар деп жар салып.

Кім еді тұңғыш жиһанкез

Ойын айтқан аңғарып ? ( Фернан Магеллан )

 

6.Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? (Аяз атаның мекені )

  1. Жер шарының ең төмен нүктесі ( Өлі теңіз -405 метр )

8.Қазақстан Республикасында неше облыс бар. (14)

  1. Қазақстан неше экономикалық ауданға бөлінеді. (5)
  2. Қарағандының негізгі пайдалы қазбасы: (тас көмір)
  3. Орталық Қазақстандағы көне қала (Қарқаралы)
  4. Торсық атауы нені білдіреді?(қымыз құятын теріден жасалған ыдыс)
  5. Әбу-Насыр әл Фарабидің өмір сүрген кезі?(870-950ж)
  6. Ең терең көл. (Байкал)
  7. Қазақстанда неше қорық бар?(9)
  8. Ең ұзын өзен(Ніл)

 

6.«Бәйге төбе»

Әділ қазылар алқасының шешіміммен жеңімпаз топ анықталады.