Қазыналы аралға саяхат

57

Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы  (аудан, қала, ауыл), Жаңашаруа қазақ орта мектебі, ашық сабақ(5-сыныбы) Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы.

Пәні:Жаратылыстану

 

Сабақтың тақырыбы: Қазыналы аралға саяхат

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі- «Дүниежүзілік мұхит» тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру.

Тәрбиелілігі-Экологиялық тәрбие беру мақсатында, оқушыларды су обьектілерін қорғай білуге, ластамауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы-Табиғат обьектілері мен табиғи құбылыстар арасындағы себеп-салдар  байланыстарды онықтай білуге үйрете отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, үлестірмелер, т.б

Дидактикалық материалдар: үлестірмелер

Пәнаралық байланыс: Биология, экология, қазақ әдебиеті.

Сабақтың түрі: Қайталау, дәстүрлі емес саяхат-сабақ.

Сабақ беру әдісі: Ойын сабақ

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Кабинеттің, сынып оқушыларының сабаққа дайындықтарын тексеріп, сабақты бастау.

ІІ. Өткен материалды қайталау жұмыстары.

Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында бүгінгі сабақты Дүниежүзілік мұхит тақырыбынан алған білімдеріңді таңғажайып  саяхат түрінде өтеді. Олар «Білім мұхитын» кесіп өтіп, қазыналы аралға баруымыз тиіс. Мұғалім кеменің капитаны, оқушылар жас теңізшілер. Ол үшін  аялдамалардан өтуіміз керек. Әр аялдама екі тапсырмадан тұрады.

1-аялдама «Атаулар бұғазы»

Ағыстардың қаттылығынан кемеміз шайқалып, картамыз жерге түсіп қалды. Картадағы барлық атаулар араласып кеткендіктен әрбір атауды өз орнына дұрыс қою керек. Ол үшін «Лото» ойынын ойнаймыз. Мына әр түрлі обьектілердің өз орындарын табу керек және «Семантикалық картаны» толтыру.

Адасқан обьектілер: «Мадагаскар»,«Амазонка»,«Гренландия»,«Атлант»,«Тынық»,«Антарктида»,«Каспий»,«Үнді»,«Солтүстік мұзды»,«Қызыл теңіз»,«Баренц теңізі»,«Ніл,«Жаңа зелендия».

«Семантикалық карта»

Р/С Тақырыбы Мұхит Теңіз Көл Өзен Арал Шығанақ Бұғаз Түбек
1 Гренландия +
2 Байкал +
3 Саргасс +
4 Үнді +
5 Ертіс +
6 Баренц +
7 Мозамбик +
8 Парсы +
9 Тынық +
10 Каспий +
11 Аравия +
12 Дрейк +

 

2-аялдама «Байланысшылар жағалауы»

Кемемізде түщы су қоры аз. Біз байланысшыларға көмектессек қана олар бізге су береді. Сондықтан қазір «Теңестіру тапсырмасы» орындаймыз.

 

1.Мұхит                  а) Құрлыққа сұғына енген көл, теңіз, мұхит суларының

бір бөлігі

2.Өзен                    ә) Биіктен төмен қарай құлай аққан су

3.Теңіз                    б) Құрлық үстіне жинақталған мұз

4.Арал                   в) Судың газ күйінен сұйық күйге ауысуы.

5.Арасан                с)Жербетінде табиғи ойыстарға жинақталған су

6.Архипелаг            д) Мұхиттардың ең терең жері

7.Шұңғыма             г) Бір –біріне жақын, жалғас аралдар тобы.

8.Көл                      е) Емдік сулардың шығып жатқан жері.

9.Конденсация          ж) Айналасын сумен қоршалған құрлықтың кішігірім

бөлігі.

10.Мұздық                к) Материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан

мұхиттың бір бөлігі.

11.Сарқырама           қ) Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.

12.Шығанақ              л) Айналасын материктер қоршап жатқан ең үлкен су

Қоймасы.

Жауабы: 1-л, 2-қ, 3-к, 4-ж, 5-е, 6-г, 7-д, 8-с, 9-в, 10-б, 11-ә, 12-а.

 

«Математикалық» тапсырма.

Бұған негізінен төрт таңбалы сан алынады. Тізбекті құрастыру-сандарды сөйлету.  Мұхиттардың ең терең жерін табу керек.

77295527874211022

Жауабы:  7729-Үнді мұхиты. Зонд шұңғымасы.

5527-Солтүстік мұзды мұхиты. Гренланд шұңғымасы.

8742-Атлант мұхиты. Пуэрто-Рико шұңғымасы.

11022-Тынық мұхиты. Марианна шұңғымасы.

 

                                3-аялдама «Суретшілер шығанағы»
  Дүниежүзілік мұхитта тіршілік ететін жан-жануарлардың суреттері қойылады. Суреттердің соңында сұрақтар бар. Оқушылар сол сұрақтарға жауап береді және кескін картаға мұхиттармен теңіздерді  белгілеңдер.

1.Судың химиялық формулдасын ата? (Н2О)

Табиғаттағы су айнылымы дегеніміз не?

2.Өзенді барлық салаларымен қоса не деп атайды? (Өзен алабы)

Дүниежүзілік мұхит суының орташа тұздылығы қаншаға тең? (35%)

  1. Көл дегеніміз не?(Табиғи ойпаңға жинақталған су)

Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71%-су, 29%-құрлық)

4.Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жерін не деп атайды?(сағасы)

Гидросфера қабығын нелер құрайды?

  1. Өзен бөліктерін ата?

Табиғаттағы су неше күйде болады және тұщы су қоры қанша? (3 күйде, 3%)

6.Гидросфера дегеніміз не?

Мұхит суы ішуге жарамды ма?

 

4-аялдама «Сынақ түбегі»

Саяхатты жалғастыру үшін сіздер міндетті түрде сынақтан өтулеріңіз керек. Мынау жағаға келіп, соғылып жатқан алып толқындар бізді өткізбейді. Ол үшін қазір «Ең, ең…» деген сұрақтарға жауап бересіңдер.

  1. Ең мол сулы өзен (Амазонка)
  2. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (Қызыл теңізде)
  3. Дүниежүзіндегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал)
  4. Ең үлкен таңіз және жағасы жоқ теңіз? (Саргасс)
  5. Қазақстандағы ең ұзын, суы мол өзен (Ертіс)
  6. Дүние жүзіндегі ең үлкен бұғаз (Мозамбик)
  7. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)
  8. Ең терең өзен (Конго)
  9. Ең ұзын өзен (Ніл)
  10. Ең үлкен әрі терең мұхит (Тынық)
  11. Дүние жүзіндегі ең лас теңіз (Жерорта)
  12. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал (Гренландия)
  13. Ең терең шұңғыма (Мариан)
  14. Ең жылы мұхит (Үнді)
  15. Ең кіші, мұзды мұхит (Солтүстік мұзды)
  16. Солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полиярлық аймаққа дейін созылып жатқан мұхит (Атлант)
  17. Ең үлкен түбек (Аравия)
  18. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
  19. Ең аралы көп мұхит (Тынық)
  20. Сенің тұрған жеріңе ең жақыны

5-аялдама

«Өзендер» туралы өлең шумақтарының авторларын табу керек.

Өзен                     Ыбырай Алтынсарин

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап, тау мен тасты арқыраған.

 

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген, оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары

Шуылдап желмен бірге бас ұрады…

 

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.

Ел қыстап күн көреді жанабында,

Дәм болар алуан-алуан балығында…

Тас таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында.

Теңіз жыры. 

Қазақтың белгілі ақындарының бірі Қалижан Бекхожин

 

Ертісте тудым мен өзім,

Туған күні мені анам-

Шомылдырған өзеннің,

Толқынына тулаған.

 

Содан бері толқынның

Қуаты енген жаныма,

Желді күні жармасқан

Көк ала толқын жалына.

 

Дауылды күні жас қыран

Аспанын аңсап ұшатын.

Сондай-ақ ортақ басқадан

Досым толқын құшатын.

 

Арқырап аққан ақ өзен,

Жүрегіме дауыл сап,

Өрге шауып жөнеген

Жалындаған жастық шақ.

Сонымен ең соңғы нүкте «Қазыналы аралға» келіп жеттік. Сабақ соңында алған жұлдызшаларының санына қарай белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: 19-25 қайталау.

Суға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер жаттап келу.

Бағалау: Сабақ бойынша

«5»

— «4»

— «3»