Күрделі сөздер

56

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы

 

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың  біріккен сөз, қос сөз туралы білетіндерін пысықтап, білімдерін кеңейту.

2.тапсырмаларды тиянақты орындап, өз бетінше ойланып,шығармашылықпен  жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  1. ұқыптылыққа, ынтымақшылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ребус, сызба, таблица, Венн диаг.интер.тақта

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

                 II Сабаққа даярлық

Мұғ. –Балалар, бүгінгі сабақты  2 топқа бөлініп, жарыс түрінде  өткенді қайталау мақсатында  өткіземіз.Ол үшін топтың атын белгілеп алайық.

1-топқа тапсырма:

Әлемнің төрт бұрышын араладым,

Палуанның неше түрін жараладым.

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан

Туған жердей ыстық жер таба алмадым.

(өлең шумағы интерактивті тақтада)

-Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Топ солай аталады.(Біріккен сөз)

2- топқа  тапсырма:  Ребус  шешу

 

( ребусты  шешкенде  Айгүл сөзі  шығады)

 

 

 

 

-Ребустың шешуі қай күрделі сөзге жатады?Топ солай аталады. (Қос сөз)

  III. Жаңа сабақ

 

А. Ой толғау. Топтың атын қорғау.   Ойын :«Мен саған, сен маған»

1-топ:-Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріп айтыңдар.

2-топ: — Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.

Ә. Ойын «Әрі қарай жалғастыр»

1-топ: «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан…»

-Бұл кімнің өлеңі?Түсіндір. Өлеңде қандай күрделі сөз бар?

2- топ «Ат, айғырлар, биелер,

Шалғыннан  жүні қылтылдап..

Арасында  құлын – тай,

Айнала  шауып бұлтылдап.

Жоғары –төмен  үйрек-қаз

Ұшып  тұрса  сымпылдап.»

-Бұл өлең қалай аталады? Қандай  күрделі сөз бар? Түсіндір.

(екі топ өздері тапқан күрделі сөздерді  Венн диаграммасына  түсіреді.Соңынан таблица бойынша анықтама айтады.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б. Таблица  бойынша  жұмыс.

 

 

 

В. Оқулықпен жұмыс:  

586-жаттығу (екі топ күрделі сөздердің өздеріне тиесілісін теріп жазады, қалай жасалғанын түсіндіреді.)

Г. Сергіту сәті:  «Кім  тапқыр?»

1-топ .біріккен сөзден тұратын 10кісі атын табу.

2-топ.қос сөздің әр түрінен тұратын   10  мысал табу.

 

 Ғ. Шығармашылық жұмыс:

Өздері ойлаған  күрделі  сөздерді пайдаланып шағын мәтін құрап жазу.

Әр топтың жұмысы оқытылып, тексеріледі.

  1. Сабақты бекіту.

-Сонымен, балалар, күрделі сөздің 3 түрі бар еді, (сызбасын көрсетіп) біз бүгін  соның 2түрін қайталап, білетіндерімізді еске түсірдік. Анықтамасын қорыттық. Ал келесіде қысқарған сөз туралы қайталаймыз.

  1. Үйге тапсырма: 587-жаттығу.Күрделі сөздер туралы пысықтау

VII. Оқушылар  білімі  бағалау парағы  бойынша  бағаланады.