Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

77

№30

Күні:23.12.2013                       Сыныбы: 9А

Сабақтың  тақырыбы.

 Сабақтың  мақсаты: §29-30 Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

  • Білімділік: Қазақстан территориясында  машина  жасау  өнеркәсібінің  орналастыруда  негізге  алынатын  факторлар  туралы  түсіндіру.
  • Тәрбиелік: отансүйгіштікке баулу, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу
  • Дамытушылық: картамен жұмыс  жасау, өз  бетінше тапсырмалар  орындауға  дағдыландыру

Сабақтың  түрі: Дәстүрден тыс

Сабақ  типі: аралас  сабақ

Сабақ  әдісі: картамен  жұмыс, өз бетінше  тапсырмалар  орындау, тест

Көрнекілігі:  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  картасы

Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылармен  амандасу, олардың  сабаққа  қатысын  тексеру. Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару.

Үйге  тапсырманы  тексеру.

Машина жасаудың экономикадағы рөлі, оның құрылымы, мамандануы және кооперативтендіру.

Тест:

  1. Өнеркәсіп  өнімдері  арасындағы  машина  жасау  кешені  өнімдерінің  үлесі:

А) 1%     Ә)50%    Б) 40%    В)4%     Г)60%

  1. Қорғасын зауыттарының азаматтық  өнімдер  шығаруға  түрленуі:

А)прогресс      Ә)депрессия   Б)конверсия   В)мамандану    Г)кооперация

  1. Өнім түрлеріне мамандану:

А)технологиялық  мамандану        Ә)бөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану        Г)бұйымдық  мамандану

  1. Егер зауыт жылдамдықты  өлшегіш  құрал  шығарса, бұл  қандай  мамандануға  жатады? А)технологиялық  мамандану        Ә)бөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану        Г)бұйымдық  мамандану

  1. Машина жасаудағы технологиялық  процестің  бірінші  кезеңі:

А)құрастыру    Ә)дайындау    Б)өңдеу     В)бояу       Г)сынақтан  өткізу

Сенің  көзқарасың:

Дүние  жүзінде  халқының  өмір  сүру  деңгейі  жоғары, бірақ  машина  жасайтын  өндірісі  жоқ  елдер  бар (Сауд  Арабиясы, Біріккен  Араб  Әмірліктері, Кувейт). Олар  барлық  қажеттіліктерді  мұнай  сату  арқылы  өтейді.Мүмкін  Қазақстанға  да  сондай  ету  керек  шығар. Сен  қалай  ойлайсың?

Жаңа  сабақ:

Жоспар:

  1. Ауыр  машина  жасау  саласы
  2. Химиялық  және  мұнай  машина  жасау  кәсіпорындары
  3. Көлікті  жасау  туралы  түсінік
  4. Теміржол, кеме, авиациялық  машина, электротехникалық  машина  жасау  өндіріс  орындары.

 

Қазақстан  машина  жасау  өнімінің  2/3  астамын  3  негізгі  орталық  береді: Астана, Алматы, Өскемен.Ірі  аймақатар: Солтүстік  Қазақстан, Оңтүстік  және  Шығыс  Қазақстан  ерекшеленеді.

Машина  жасау  кешендерін  орналастыру  ерекшеліктері:

  • металлургия орталықтарына  жақын  орналастырылады.
  • Тұтынушыға жақын  орналастырылады.
  • Жол торабы  бойында орналастырады.
                                               Ауыр  машина  жасау
Қарағанды Шахаталарды  бекітуге  арналған  құрастырма, көмір  қазатын  машина, вагонетка, бу  қазандықтары
­Өскемен Түсті  металлургия  кәсіпорындары  мен  кен  байытуға  арналған  құрал  жабдықтар
Павлодар Кран
Алматы ТМД  бойынша  мыстан, болаттан  сымдар  жасайтын  прокатты  станок  шығарады
Химиялық  және  мұнай  машина  жасау
Алматы Мұнай  және  газ  сақтайтын  алып  резервуар, цистерналар, үлкен  тереңдіктен  мұнай  өндіруге  арналған  насостар
Петропавл үлкен  тереңдіктен  мұнай  өндіруге  арналған  насостар
Атырау Насостарды  қозғалысқа  келтіретін  тербелмелі  станок
Ақтөбе, Өскемен Құбырларды  бекітетін  жабдықтар  шығаратын  арматура
Көліктік  машина  жасау

Тәуелсіздік  алған  соң  пайда  болған  жаңа  сала, әзірге  құрастырушы  кәсіпорындар  болып  саналады. Елдегі  көптеген  машина  жасау  зауыттары  оларды  бөлшектерін  шығарумен  айналысады.

Өскемен «Азия  Авто»  кәсіпорыны- нива, Шкода, Шевроле, Киа  құрастырады.
Қостанай Корейлік  жеңіл  автомобильдер
Көкшетау Жүк  автомобильдері, Камаз  құрастырады.
Семей ДЭУ  компаниясымен  бірлесіп  автобустар  құрастырады.
Теміржол  машиналарын  жасау
Астана АҚШ-пен  бірлесіп  тепловоздар  шығарады.
Шу Шағын  тепловоздар  шығарады.
Екібастұз Көмір, кен  тасымалдайтын жүк  вагондар  шығарады.
Петропавл Астық  тасымалдайтын  вагондар  шығарады.
Степногор Подшипник  зауыты  еліміздің  локомотив  және  вагон  шығаратын  зауыттардың  қажетін  қамтамасыз  етеді.
                                                              Кеме  жасау
Орал әскери  кемелер  шығару  бағытында, жылдам  жүретін  ракета  катерлері
Каспий (Баутино) Кеме  жөндейтін  азаматтық  кеме  жасау  құрылуда
Құрықта

болашақта

Толық  масштабты  верфь  салу  жоспарлауда.
Авиациялық  машина  жасау
Қазақстанда ТУ  маркалы  Ресей  ұшақтарына  жекелеген  бөлшектер  шығарады
Астана «Еурокоптер»   әскери  тікұшақтарын  шығарады.
Қарағанды «Фермер»  деп  аталатын  шағын  ауыл  шаруашылығы  ұшақтарын  шығаратын  зауыт  құрылған
Павлодар Трактор  зауыты «Қазақсельмаш»
Астана «Целинсельмаш» трактор  зауыты
Семей Белорусь  тракторлары  құрастырылады.
Қостанай «Есіл  астық  жинау»  комабайндары  шығарылады
Петропавл Теледидар
Алматы Теледидар, компьютер
Электротехникалық  өндіріс
Талдықорған Автомобиль  аккумуляторы
Өскемен Конденсатор
Кентау Трансформатор
Алматы төменгі  вольтті  аппаратура: электр  есептегіш, сөндіргіштер
Ақтөбе Рентген  аппаратурасы, автомобильдік  флюрографиялық  зертханалар
Көкшетау Оттегімен  дем  алу  аппаратуралары
Қорғаныс-өндірістік   кешен

Ұлттық  «Қазақстан  Инжиниринг»  компаниясы  құрамында

Петропавл Жаппай  атылатын  «Найза  ракеталық  жүйесі»
Семей Бронетанктық  техника
Алматы Барлық  соғыс  кемелерінің  құрал-жабдықтары
Астана әскери  тікұшақтар

 

Өз  бетінше  жұмыс:

Оқулықтың  222  бетіндегі  1-2  тапсымаларды  өз  бетінше  орындау.

  • беттегі тест  тапсымасын  орындау.

Картамен  жұмыс:Оқулық  мәтінімен  жұмыс  жасай  отырып:

1)автобус; 2)жүк  машинасын  құрастыру; 3) рентген  құрал  жабдықтары;4)троллейбус  шығаратын; 5)астық  жинайтын  комбайндар  өндірісі  бойынша; 6)мұнай  құралдары; 7)тау-шахталық  құрал-жабдықтар  зауыттары  орналасқан  қалаларды  картаға  түсіру.

Білімді  бекіту:

  1. Машина  жасау  өнеркәсібін  не  себепті  ерікті  орналасу  саласына  жатқызады?
  2. Машина  жасау  зауыттарын  орналастыруға  қандай  факторлар  әсер  етеді?
  3. Қазақстандағы  келешек  машина  жасау  өнеркәсібін  қалай  елестетесің?
  4. Консервациялау, бұйымдық, тетіктік, бөлшектік, технологиялық  мамандану  деген  не?

Үйге  тапсырма:
§29-30 Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары  оқу.

Сабақты  қорытындылау, оқушыларды  бағалау,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаМұхиттар
Келесі жазбаМұхиттар