Жер құрылысының жалпы сипаты

152

Тақырып: §14 Жер құрылысының жалпы сипаты

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты: Картадан материктерді, мұхиттарды, теңіздерді, көрсете білу және сипаттай алу. Тақырыптағы өзекті мәселе жердің әрбір қабығы өзіне тән заттардын тұратындығы. Олардың үнемі қосғалыста болуы, ондағы болатын құбылыстардың ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.

Білімділігі:  Оқушыларға «Пангея», «Панталасса», «Гондвана», «Лавразия» ұғымдары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды  қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: СТО, баяндау, сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, сабақта АКТ-ны пайдалану, семантикалық карта.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.  Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)

  1. Табиғатты оқып-үйренудің әдістерін ата?
  2. Астрономия дегеніміз не?
  3. Биология дегеніміз не?
  4. Жұлдыз дегеніміз не?
  5. Күн дегеніміз не?
  6. Галактика дегеніміз не?

ІІ. Үйге берілген тапсырма. §13 Ай-Жердің серігі

«Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.

Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.

  1. Аспан денелерінің арасындағы Жерге ең жақыны не?
  2. Жер мен Айдың ара қашықтығы неше?
  3. Айдың диаметрі Жерден неше еседей аз?
  4. Ай Жерді қанша тәулікте айналып өтеді?
  5. Күн жүйесіндегі қай ғаламшарлардың серігі жоқ?
  6. Ай бетіндегі ғарышкерлердің іздері не себепті ғасырлар бойына сақталған?
  7. Толысу дегеніміз не?

 

Содан соң, постер арқылы үйге берілген тапсырманы әр топ қорғайды.

 

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын,

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

География – қызыққа тоймайтұғын- деп,

сабағымызды бастаймыз.

Біздің ғаламшарымыз ортасындағы ядросынан бастап атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірнеше қабаттардан тұрады (атлас 1-бет) Литосфераның жоғарғы қабаты (жер құртысы) жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз.

Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғат кешендері-материктер мен мұхиттар қалыптасты. Дүние жүзінде алты материк немесе  алты құрлық бар. Еуразия, Африка, солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Ал, мұхиттардың саны төртеу. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны мен пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз қалған Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақытта болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке ажыраған. Олардың арасында Тетис теңізі (мұхиты) пайда болған. Кейіннен ірі материктердің одан әрі бөлінуінен Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхит пайда болды. Ал Тынық мұхит ежелгі Панталассаның қалдығы. Қазіргі таңда материктер біртіндеп Тынық мұхитқа қарай жылжуда.

Пангея

 

 

Лавразия
Гондвана

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Америка
Африка
Солтүстік Америка
Еуразия

 

 

 

Аустралия
Антарктида

 

 

 

 

 

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

  • Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты, одан кішігірім құрлықты не деп атаймыз?
  • Жан-жағын бірдей 4 мұхит қоршап жатқан материк?
  • Мәңгі мұз жамылған материк?
  • Онда қандай адамдар тұрады?

Оқушылардан сұраққа жауап алғаннан соң жаңа сабақты бекіту мақсатында географиялық диктант таратылады.

 

Алтын сақа. (Географиялық диктант түрінде)

1  Географиялық қабық дегеніміз не …………………………………………………………… ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

2……………………………………………………………………………….ежелгі біртұтас құрлық

  1. Географиялық қабықтың дамуынан ірі табиғат кешендері………………………….

………………………………………қалыптасты.

  1. Панталасса дегеніміз не…………………………………………………………………………….
  2. Лавразияның құрамына кіретін материктер……………………………………………….
  3. Гондвананың құрамына кіретін материктерді ата……………………………………….

…………………………………………………………………………………………………………………….

7 Дүние жүзінде неше материк бар және  оларды ата. …………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

8 …………………………………………………………………………Тынық мұхит деп атаймыз.

9 Дүниежүзінде неше мұхит бар, оларды ата ………………………………………………………………………………………………………………..

 

 

Семантикалық карта.

 

Атауы Материк Арал Астана Ғалым Тау Жануар Көл Өзен
Ш. Уәлиханов +
Еуразия +
Кенгуру +
Ертіс +
Байкал +
Гренландия +
Астана +
Гималай +

 

  1. Сабақты қорытындылау.
  2. Жер қай уақытта пайда болған?
  3. Жердің Күннен арақашықтығы қанша?
  4. Экватор дегеніміз не?

VІ. Үйге тапсырма. «Карта  еліне саяхат»  Кескін картадан материктер мен мұхиттарды тауып, аттарын жазып келу.

VІІ. Оқушыларды бағалау.