Географиялық карталар, олардың жіктелуі

209

 

Пәні: Физикалық  география

Сыныбы: 6А

Сабақтың тақырыбы: Географиялық  карталар, олардың  жіктелуі

Сабақтың  мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды  географиялық  карталар  түрлерімен  таныстыра  отырып,

«жалпы  географиялық»  және  «тақырыптық  карталар», карталардың  масштабқа  қарай  бөлінуі  туралы  ұғым  қалыптастыру.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды  шапшаң  әрі  дұрыс нақты  жауап  беруге  баулу.
  2. Дамытушылық: Карталардың  адам  өміріндегі  маңызы  түсіндіре  отырып, картамен  жұмыс  жасауға  дағдыландыру

Көрнекіліктер: Интерактивті  тақта, Дүние  жүзінің  физикалық  картасы, дүниежүзінің  климаттық  белдеулер  картасы, дүниежүзінің  саяси  картасы, биіктік  және  тереңдік  шкаласы

Сабақ  түрі: дәстүрден  тыс

Сабақ  типі: аралас

Сабақ  әдісі: терминдермен  жұмыс, сұрақ- жауап, адасқан  әріптер, сызбамен  жұмыс, сематикалық  карта, сәйкестендіру, кескін  картамен  жұмыс

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі: Оқушылармен  амандасу, оларды  түгендеу. Оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару

Үйге  тапсырма:   Глобус — Жердің  моделі

А)Сұрақ  жауап: (оқушылар  сұрақтарға  ауызша  жауап  береді).

  1. Глобус дегеніміз  не?
  2. Глобус торы  қалай  түзіледі?
  3. Қай меридиан  бастапқы  меридиан  деп  аталады?
  4. 1°эвкатор мен  меридина  доғасының  ұзындығы  шамамаен 111 км-ге  келетінін  қалай  есептеп  шығаруға  болады?

Ә)Терминдермен  жұмыс (интерактивті  тақтадағы  терминдерді  анықтамасын  жатқа  айтуы  керек.)

  1. Географиялық бойлық-               План-
  2. Географиялық ендік-                    Абсолюттік  биіктік-
  3. Экватор-                                   Салыстырмалы  биіктік-
  4. Географиялық координата-         Горизонталь
  5. Градус торы —                                 Глобус
  6. География- Бергштрих
  7. Орбита-                 Азимут-
  8. Кібісе жыл-                                  Масштаб-

Б)Адасқан  әріптер: оқушылар  ретсіз  орналасқан  әріптерден  географиялық  ұғымдарды  дұрыс  құрастыра  білуі  қажет.

МТУЗИА-                      АЛЛЬЛЕПРА-            СЛБУОГ-

ТАРКА-                         ЛПНА-                        ШМАБСАТ-

РЕЖ-                              РТОКВЭА-                 БИОРТА-

ИАНМЕДРИ-               ЕМТИРАК-                 ЕГОФГИЯРА-

В)Сызбаны  толтыр:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа  сабақ:

Жоспар:

1.Карталардың  мазмұнына  қарай  жіктелуі

  1. Карталардың масштабына қарай  жіктелуі

3.Жер  бедерінің,сулардың, елді-мекендердің  бейнеленуі

 

 

 

 

 

 

Дүние  жүзінің

саяси  картасы,

климаттық  белдеулер

картасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топографиялық  карталар  1: 100 000, 1:50 000, 1: 25000, 1: 10 000  масштабтарда  жасалады. Жер  бетінің  одан  ірі  масштабта  жасалатын  сызбасы  план  деп  аталады. Пландардың  масштабы  1:5000, 1: 2000, 1:1000 одан  да  ірі  болып  келеді.

 

Атластардағы  жарты  шарлар  картасында  горизонтальдар  0,200,500,2000,3000,5000 м сайын  жүргізілген. 0- метрден  төмен  жатқан  жерлер  қою  жасыл, 0-200м  аралығы  солғын  жасыл, 200-500м  аралығы  сарғыш  түске  боялған. Әртүрлі  бояудң  қандай  биіктіктерге  сәйкес  келетіндігі  картаның  төменгі  жағындағы  биіктік  шкаласында  көрсетілген. Биіктік  шкаласын  пайдаланғанда  ерекше  ескеретін  жағдай-бір  бояудың  шегінде  биіктік  көрсетілетін  барлық  жерде  бірдей  болмайды-төменгі  горизонтальдан  жоғарғы  горизонталға  қарай  бірте-бірте  өсе  береді.

 

Мұхиттар, теңіздер, көлдер  көгілдір  түске  боялады. Бояудың  реңкі  тереңдікке  байланысты  өзгереді. Тереңдік  шамалары  картаның  түріне, қойған  мақсатына  орай  түрлі  мөлшерде  алынады. Әрбір  мұхиттағы  немесе теңіздегі  ең  терең  шұңғымалар  цифр  қою  арқылы  анықталады. Өзендердің  ұзындығы  өзінің  нақты  мөлшеріне  қарағанда  қысқа  болып  түседі. Елді  мекендердің  алып  жатқан  орнына  дөңгелек  белгі  қойылады.

Картамен  жұмыс:

Оқушылар  физикалық  картадан    Тянь-Шань  тауының ең  биік  нүктесі  Хан  Тәңірі  шыңын  (6995 м) , Алтайдағы  Мұзтау  шыңын (4506 м), Маңғыстаудағы  Қарақия  ойысын  (-132 м)  көрсете  отырып, ооларды  Қазақстанның  кескін  картасына  түсіруі  керек.

 

 

 

 

Білімді  бекіту:

Сематикалық  карта:

Ұсақ  масштабты Топографиялық  карта Ірі  масштабты Орта  масштабты
1: 100 000     +  
1:1000 000 +      
1:200 000

1:1000 000

      +
1: 100 000

1:50 000

1: 25000

1: 10 000

  +    

Сәйкестендіру:

Тақырыптық  карталар               топографиялық  карталар  жатады. Мұнда  жер  бедері, жер

бетіндегі  сулар, (өзендер, көлдер, теңіздер), өсімдіктер, елді

мекендер  т.б.  бейнеленеді.

Жалпы  географиялық               Дүниежүзілік  саяси  карта, климаттық  белдеулер  картасы жатады.

карталар                                     яғни  мұнда  табиғат  құбылысының, шаруашылық  салаларының

жеке  бір  түрі  ерекшеленеді.

Үйге  тапсырма: Географиялық  карталар, олардың  жіктелуі  тақырыбын  оқу.

41  беттегі  4  тапсырма.  орындау

Қорытынды: Сабақты  қорытындылау,оқушыларды  бағалау