Түлік төлден өседі

2 «А» сынып

Тақырыбы: Түлік төлден өседі.

Мақсаты: Халқымыздың кәсібімен таныстыру, төрт түліктің аттарын, олардың төлдерін шақыра білу, төрт түліктің пайдасы жайлы түсінік.

Көрнекілігі: альбом, мақал-мәтелдер, түрлі жіптер,жүн, ұршық, киіз үй макеті, буклеттер.

І. Әдеби музыкалық монтаж.

1 – оқушы:

Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр шашар.

Алдарыңа жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз, балғын шақты балалар!

2- оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

3 – оқушы:

Даланың көркі – мал,

Өзеннің көркі – тал.

Хор: Бүгінгі тәрбие сағатында

Айтылады төрт түлік мал!

4 – оқушы:

Қой баласы – қоңырым,

Қойдай жуас – момыным,

Шопан ата түлігі –

Қошақаным, қайдасың?

— Пұшайт, пұшайт!

5 – оқушы:

Жауын жауса, бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың?

— Шөре, шөре!

6 – оқушы:

Жолға  шықсам – көлігім,

Жапанда жүрсем – серігім,

Қамбар ата өсірген,

Құлыным менің, қайдасың?

 

7- оқушы:

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған,

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған,

Зеңбі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

  • Аухау, аухау!

 

8 – оқушы:

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы –

Ботақаным, қайдасың?

  • Көс, көс!

 

9 – оқушы:

Барлық төлдер өз үнін,

Ұмытқанды сүймейді

Ал кей бала өз тілін

Көрші жүрміз білмейді.

«Төлдер» әні

 

10 – оқушы:

Ботақаным иіліп,

Бұзау мұрнын шүйіріп,

Қошақандар құлтыңдап,

Лақ секірер сүйіліп.

11 – оқушы:

Әп — әдемі, ақ бөрте

Туды ешкім екі лақ

Анасынан аумаған,

Қасқа маңдай тік құлақ,

Қарақаттай  мөп-мөлдір

Көзі бейне шамшырақ,

Жасыл шөптің үстінде,

Ойнақтайды асыр сап.

«Төлдердің сайысы» сахналық қойылым.

2 сынып, «Ана тілі» оқулығы.

«Қошақаным» әні.

Жұмбақтар шешу.

 

  1. Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан

Төрт аяғын тең басқан,

Алабота, теріскен,

Тілін тікен теспеген.

Мұрындығы келіскен,

Шөк дегенде «бық» деген,

Шешіп үйін жүктеген.

— Бұл не?           (түйе)

                     «Көкпар» биі

  1. Екі айнасы бар,

Екі пайдасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

— Бұл не?      (сиыр)

  1. Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған.

Қозысынан айрылса,

Қоймай, ұзақ аңыраған.

Аппақ қою сүті бар,

Ақ шағала құрты бар.

— Бұл не?     (қой)

  1. Тік көтеріп құйрығын,

Шауып келді жүйрігім.

—  Бұл не?      (құлын)

 

«Күшігім менің саққұлақ» әні.

Киіз үй атам қазақ көшіп қонған,

Демеңдер оты оның өшіп қалған.

Киіз үй алты қанат, сегіз қанат.

Абай мен Шоқанға да бесік болған.

 

Болса да жаңбыр, шілде, құрғақшылық,

Киіз үй құрған қазақ қырға ап шығып.

Тірлікті жалғастырған етік тігіп,

Ши тоқып, киіз басып, сырмақ сырып.

 

Кешегі қадым заман толқындары

Тарихым үйретуде ол туралы.

Жасалған киіз үй де күні, шекпен,

Бабамның саптама етік, ер-тұрманы.

                  «Киіз басу» биі.

Өгіз – семіз,

Жылқы – қоңды.

Түйе – қомды,

Ешкі майлы, шажырқайлы,

Сиырым – сүтті.

Саулығым – құтты.

                    «Ақ тайлақ» әні.

          «Ғажайып қоржын» ойыны.

Тақтаға «Қошақан», «Бота» сөздері жасырылады.  Қоржынға салынған нөмірлі асықтар алынып, әріп аталады. Музыкалы белгі салынған сары асық түссе, ән орындайды. Жасырылған сөздерді дұрыс тауып, жеңімпаз атанған оқушыға домбыра суреті жапсырылған открытка сыйлыққа беріледі.

Қорытынды:

Шопан ата баласы,

Қойлар бассын үйіңді,

 

Сексек ата баласы –

Ешкі бассын үйіңді,

Зеңгі баба баласы –

Сиыр бассын үйіңді.

 

Ойсыл қара баласы –

Түйе бассын үйіңді,

Қамбар ата баласы –

Жылқы бассын үйіңді.

Байлықтың көзі, қарағым,

Төрт түлік бассын үйіңді.