Африка . Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

 

                                                                      Дайындаған:  №15 орта мектептің              география пәні мұғалімі

Сейтова Гулсара Орпабековна

Ақтау қаласы-2013ж

Күні: 03.10.2013ж

Уақыты: 13:30

Тақырып: Африка . Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты: Картадан материктерді, мұхиттарды, теңіздерді, көрсете білу және сипаттай алу.

Білімділігі:  Географиялық орны, олардың зерттелу       тарихы және жағалауындағы мұхиттар   мен теңіздердің орналасуын түсіндіру.

Дамытушылығы: Африка материгінің орналасуы мен   зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, маңызды деген басты объектілеріне жалпылама шолу; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын, оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан — жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілігі: Африканың зерттелу тарихы мен өзіндік   табиғатына байланысты тарихи және экологиялық білім беру; Оқушыларды  қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: СТО, баяндау, сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, қатемен жұмыс, сандар сөйлейдісабақта АКТ-ны пайдалану.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.  Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)

  1. Ежелгі біртұтас құрлық
  2. Ең үлкен материк
  3. Жер шары бетінің жалпы ауданы
  4. Ежелгі солтүстік материк

ІІ. Үйге берілген тапсырма.

«Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.

Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Постер арқылы жаңа тақырыпты әр топ қорғайды.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді. Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтіледі.

Оқушылар топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасайды:

  1. Төраға
  2. Таймкипер
  3. Хатшы
  4. Баяндамашы

Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді.

ІІІ. Содан соң мұғалім қорытынды жасап, оқушыларға Африка материгі туралы видеоролик көрсетеді.

Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон,Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.

ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

1-тапсырма

Ең, ең, еңЖауаптары
1Ең ұзын өзен 
2Ең тертең көл 
3Ең биік жері 
4Ең жоғарғы температура 
5Ең ірі жануар 
6Ең ірі шөл 
7Ең ірі көл 
8Ең ірі арал 
9Ең ірі сарқырама 

2-тапсырма

Атлас картадан төмендегі обьектілерді тауып көрсетіңдер.

  1. Ассаль көлі
  2. Виктория көлі
  3. Виктория сарқырамасы
  4. Гвинея шығанағы
  5. Гибралтар бұғазы
  6. Замбези өзені
  7. Канар аралы
  8. Килиманджаро тауы
  9. Конго өзені
  10. Мадагаскар аралы
  11. Танганьика көлі
  12. Сахара шөлі
  13. Ніл өзені

3 — тапсырма.
Сандар сөйлейді
Осы сандардың нені білдіретінін    табыңыз. 


933м;
6671 км,
+58˚;
1470м;
30,3 млн;
5895м;
-153;
12 км;

7,5 тонна;

4-тапсырма. Резюме

Материктің аты:___________________________________________________

Жер көлемі:_______________________________________________________

Ең биік нүктесі:____________________________________________________

Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________

Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________

Жағалайын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____________________

Мінездеме:________________________________________________________

VІ. Үйге тапсырма. Африка . Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы оқып келу. «Карта  еліне саяхат»  Кескін картадан материктер мен мұхиттарды тауып, аттарын жазып келу.

 

VІІ. Оқушыларды бағалау. Кері байланыс смайликтер арқылы

Топтың ынтымақтастығыПостерТапсырмалардың орындалуыҚорытынды баға
І топ 
ІІ топ 
ІІІ топ 
ІV топ