Табиғатты тани білейік

42

Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Табиғатты тани білейік.

Мақсаты:

а) Оқушылардың табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастыру, өлі, тірі табиғат туралы, табиғатқа қамқорлықты білімімен, өз істерімен нақты көрсетуін қадағалау.

ә) Өз жерін, Отанын, табиғатын сүйе білетін азамат етіп тәрбиелеу.

б) Ойын арқылы білімділіктерін, тапқырлықтарын, белсенділік, қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: бүктемелер, ойынға керекті мазмұнды суреттер, аң іздері бейнеленген кестелер.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, демонстрациялық ойын.

Барысы:

            Ұйымдастыру:

А) Мұғалім әліппесі

— Балалар, бүгінгі сағатымызды ойын түрінде өткізейік. Ойынымыздың аты – жұлдызды сағат.

Кімде – кім табиғат тану пәні бойынша барлық сынақтардан өтіп, сұрақтарға дұрыс жауап бере алса, ол оқушы тау шыңына шыққанмен бірдей. Ол балаға – бүгінгі күн жұлдызды күн, жұлдызды сағат болып есептеледі. Жеңімпаз балаға белгілі бір уақытта, өз ойын, өз тілегін ортаға салуға мүмкіндік беріледі.

Ал ойынымыздың тақырыбы:

Табиғатты тани білесің бе?

1-ші жұпқа 6 бала қатысады. Әр тур 5 сұрақтан тұрады. Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаға ие болады. Кім ең көп жұлдызшаға ие болса, сол оқушы финалға шығады, яғни жеңімпаз атанады. Кімде жұлдызша аз болса, сұраққа жауап бере алмаса ойыннан шығады. Екі турдан екі жеңімпазды анықтап аламыз да екеуін сынақтан өткіземіз. Олардың тапсырмасы өзгеше болады.

Сонымен 1-ші турдың 6 оқушысы ойынды бастайды. (табиғат туралы не білеміз?)

  1. Жұлдыз, күн, машина, жер, үй-табиғат деп аталады. (қатесін тап)
  2. Тау, тас, өсімдік, жануар, су-тірі табиғат. (қатесін тап)
  3. Қыста күн ұзарады, түн қысқарады. (қатесін тап)
  4. Алма, қарбыз,шие, қияр – бақшалық өсімдіктер? (қатесін тап)
  5. Үй жануарлары: сиыр, аю, жылқы, қасқыр.

Жанкүйерлерге сұрақ:

  1. Жыл мезгілдерін ата.
  2. Бір жылда неше ай бар?
  3. 4 мезгілдің айларын ата.
  4. Қыс мезгілі туралы тақпақ айт.
  5. Жыл мезгілдерінің суретін көрсетіп, мезгілдің өлеңін оқып бер. Бұл қай кезде болады?

ІІ тур.

  1. Қар, мұз еріп

Су  көбейіп

Сай-салада ағады

Бұршақ шашып

Жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Қой маңырап,

Төл жамырап

Жайлау малға толады.

Мұндай жағдай әрине

Қыс айында болады.

(қатесін тап)

  1. Қыс айының белгілерін ата:

Күн суиды. Мұз қатады. Өзен көлдің суы ериді,

Қаңтардың 21-күні күн мен түн теңеледі. Дұрыс па?

  1. Қыстайтын құстар: (тоқылдақ, ұзақ, сауысқан)
  2. Қысқы ұйқы: (кірпі, қоян, қасқыр қыста ұйықтайды)
  3. «Не жазылған?» (2 параққа аң іздері бейнеленген: түлкі, аю, сілеусін, күзен, қасқыр.)(жаңылыспай табу)

 

Жанкүйерлерге тапсырма:

 

  1. Мәдени өсімдіктер дегеніміз не?
  2. Жыл мезгілдері қалай ауысып тұрады?
  3. Құстар үшін қысқы, суық  қауіпті ме, қауіпсіз бе?
  4. Қай аңдар қысқы азығын дайындамайды?
  5. Қардың қандай пайдасы бар?

 

Жеңімпаздарға тапсырма:

Қайырымдылық:

  1. ырым 1. қыр
  2. қыл 2. ай
  3. қайыр 3. айыр
  4. лақ 4. қадақ
  5. дақ 5. дымқыл
  6. қар 6. май
  7. лай.

 

Сыйлықтар беру.

а) Жеңімпаздарға сыйлық

ә) бағалау.

б) бүктеме бойынша әңгіме

в) Хор: ән: «Қыс»

г) Қорытынды.