«Облыс аумағында кәсіпорындарды орналастыру жобаларын қорғау» тақырыбындағы іскерлік ойын

Күні, сыныбы, сабақ №9 сынып21 сабақ
Сабақтың тақырыбы:«Облыс аумағында кәсіпорындарды орналастыру жобаларын қорғау» тақырыбындағы іскерлік ойын
Сабақтың типіКіріктірілген (химия, биология, экология) іскерлік ойын cабағы
Мақсаты:Оқушыларды жобалау жұмыстарына бағыттау арқылы таным белсенділіктерін арттыру.Іскерлік ойын арқылы мамандық таңдауға ықпал ету,экологиялық-экономикалық дүниетанымдарын қалыптастыру. Топтық бірлескен жұмыс арқылы өзара сыйластыққа, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері:·        Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде оқушылардың ұжымдық жауапкершілігң қалыптасады.

·        Рольдік ойындар арқылы қызығушылықтары артып, танымдық және коммуникативтік интерактивті құзіреттіліктері дамиды;

·        Оқушылардың талдау, жобалау, зерттеу және шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды.

·        Мәселені шешудің практикалық дағдылары қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер:рольдік ойын, топтық жобалау жұмысы, аукцион, АКТ,  рефлексия
Ойынның кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатысушылар:

 

 

 

1кезең- дайындық кезеңі. Ойынның мақсатын айқындау,ойынның сюжетін талқылау,рольдерді бөлу.

2кезең- аукцион-ойын түйіні. (Кәсіпорындардың жобаларын сату)

3кезең- топтық жобалау жұмыстары.

4кезең- кәсіпорындарды орналастыру жобаларын қорғау және топтардың жұмыстардын эксперттердің бағалауы.

5кезең- қорытынды.

 

Бизнесмен- сатып алушылар: кәсіпорындарды сатып алады, содан соң оларды облыс аумағында орналастыру жобаларын құрады.

Бизнесмен-сатушылар:кәсіпорындардың артықшылығы мен болашақтағы маңызын дәлелдеп, аукционда сатады.

Экономикалық-географиялық комитет орналастыру факторларын ескере отырып, кәсіпорындарды тиімді орналастыруға баға береді және бақылау жүргізеді.

Табиғат қорғау комитеті- кәсіпорындардың экологиялық нормалар мен заңдарға байланысты орналастырылуын бақылайды.

Химиялық-технологиялық комитет-кәсіпорындардағы технологиялық үрдістердің дұрыс жүргізілуін бақылайды және баға береді.

Журналистер- барлық топтардың жұмыстары туралы очерк немесе мақала жазады. Ойын кезінде қабырға газетін шығарады.

Биржалық агенттер(2)-аукцион өткізеді.        

Жобалаушы-болашақта кәсіпорындар орналасатын аумақтардың толық сипаттамасын жасайды.

Облыс әкімдігінің өкілі-аукцион мен ойынның жүрісіне бақылау жасайды, сұрақтар береді, даулы мәселелерге байланысты шешуші дауыс беруге құқы бар.

Бағалау комиссиясы(пән мұғалімдері)-ойын барысында сұрақтар береді, ойын соңында топтардың жұмысына баға береді.

Ойын барысы:    1 кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

2кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4кезең

 

 

 

 

 

 

5кезең

Мұғалім ойынның мақсаты мен шарттарын, ойынға қатысушыларды  таныстырады.

Ойынның міндеттері:

1.     Бір немесе бірнеше кәсіпорындардың жобаларын таныстырып,аукционда сату.

2.     Облыс аумағында  оларды тиімді орналастыру.

3.     Оларды орналастыруды бағалау.

4.     Ойын қорытындысымен газет шығару.

 

Кәсіпорындардың жобаларын аукционда сату.

Аукционды 2 биржалық агенттер  өткізеді.

 

Аукционға ұсынылған кәсіпорындар жобалары:

—       Күкірт қышқылын өндіру зауыты

—       Синтетикалық талшықтар зауыты

—       Жүннен шұға маталар тоқу фабрикасы

—       Цемент зауыты

—       Тері -былғары фабрикасы

—       Ет өнімдері комбинаты

—       Кірпіш зауыты

Бизнесмен-сатушылар  кәсіпорындардың жобаларын қорғайды(5-7 мин).

Бизнесмен- сатып алушылар(4 топ) кәсіпорындарды сатып алу үшін биржалық агенттердің сұрақтарына жауап береді.

Егер сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берген жағдайда топтар кәсіпорынды сатып алады.

Егер жоба бизнесмендерді қызықтырмаса, лот сатылымнан алынып тасталады.

 

Аукционда берілетін сұрақтар:

ü Атырау облысының маманданған салаларын ата?

ü ОЭК саласының облыс экономикасындағы үлесі қандай?

ü ОЭК-тің орналасу принциптерін ата?

ü Облыста химия өнеркәсібінің қандай салалары дамыған?

ü Неліктен күкірт қышқылы өндірісі елдердің экономикалық дамуының өлшеуіші боп есептеледі?

ü Облыста күкірт қайда өндіріледі?

ü Синтетикалық талшықтар өндірісі қандай факторларға бағдарланған?

ü Облыста кірпіш шикізаты қай жерде орналасқан?

ü Облыста мал шаруашылығымен айналысатын қандай қожалықтар бар?

ü Цемент шикізаттарын ата?

ü  Мал шаруашылығының қандай салалары дамыған?

ü Мал шаруашылығы өнімдерінің қандай түрлері өндіріледі?

ü Облыста жеңіл өнеркәсіп салалары қаншалықты дамыған?

ü Жеңіл өнеркәсіптің орналасу принциптерін ата?

 

Аукцион тоқтатылады. Кәсіпорындар  сатылады. Сөз  эксперттерге беріледі.

 

Сатып алынған кәсіпорындарды облыс аумағында орналастыру жобаларын құру (топтық жұмыстар):

ü Бизнесмен- сатып алушылар орналасу факторларын ескере отырып, кәсіпорындарды орналастыру жобаларын ойластырады.

ü Экономистер, географтар, экологтар мен химик-технологтар кәсіпорынның болашақ орналасатын аумағымен танысады, бизнесмендерге сұрақтар қояды, журналистердің сұрақтарына жауап береді.

ü Журналистер сұрақтар беріп отырады.

ü Жарнама агенті бизнесмендердің тапсырысымен болашақ кәсіпорындарға жарнамалар дайындайды.

Кәсіпорындарды орналастыру жобаларын қорғау.

Жобалаушылар болашақ кәсіпорындардың орналасатын аумақтары туралы толық сипаттама беріп, жобаны қорғайды.

Қорғау барысында басқа топтар мен мамандар сұрақтар қояды.

Комиттер  жақсы қорғаған жобаларды орналастыруға рұқсат етіп, лицензиялар береді.

 

Қорытынды.

ü Сөз кезегі облыс әкімдігі өкіліне беріледі.

ü Журналистер газеттерін таныстырады, тақтаға іледі.

Ресурстар:

 

Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның химия өнеркәсібінің картасы, Атырау облысының кешенді картасы, атластар, оқушылардың визиткалары мен  үстелдерге қойылатын табличкалар, Аукционға қажетті кәсіпорындардың жобалары салынған постерлер, техникалық құралдар.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі:Бағалау комиссиясы( пән мұғалімдері)  жұмысқа талдау жасайды. Олар оқушылардың білімін, жобалау құзіреттілігін бағалайды. Эксперт-оқушылар топтардың жұмысына баға береді.