Буынаяқтылар әлеміне саяхат.

71

Буынаяқтылар әлеміне саяхат.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жануарлар әлемінің саналуандылығы мен біркелкілігі туралы қалыптасқан білімдерін әрі қарай дамыту.

Дамытушылық: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері мен айырмашылылықтарын табуға үйрету.

Тәрбиелілік: Алған білімді күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету. Ауыл шаруашылығына пайдалы және зиянды жәндіктер түрін оқып үйрену.

Жәндіктердің сан алуандығы негізінде оқушылардың  табиғатқа, ондағы жан -жануарларға қамқорлығы мен мейірбандығын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс.

Сабақтың әдісі: талдау, қорыту, топтау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өнер.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, таблицалар, муляж.

1-топқа. Буынаяқтылар типінің негізгі кластарын атаңдар.

Жауабы: Негізгі үш класс: шаянтектестер, өрмекшітектестер, бунақденелілер.

2-топқа. Буынаяқтылар типінің негізгі кластарының өкілдерін атаңдар.

Шаянтектестер : өзен шаяны, асшаяны, қыршаяны.

Өрмекшітектестер: өрмекші, бүйі, қарақұрт, мизан.

Бунақденелілер: тарақан, көбелек, маса, шегіртке, инелік, қоңыз, дәуіт, т.б.

Топшамалармен жұмыс:

  1. Өрмекшінің құрылысын айт.
  2. Өрмекшітектестер мен бунақденелілердің дене құрылыстарын салыстыр.

Терминдерді анықта: Егер осы терминдер анықтасаңдар, өз топтарыңыздағы ыдыстарыңызды таза сумен толтырасыз. Қай топтың ыдысында су көп болса, сол топ жеңімпаз.

1-топқа:               2-топқа:    

Хитин                  Сорғыш қыран

Көкірек                Баскөкірек

Бас                        Тұтаяқ

Құсақ                    Кене

Имаго                    Өрмек бездер

Энтомология        Қуыршақ

1-топқа.             

Мынадай тапсырма: Жасырылған жәндікті табу.

Кенелер ұқсас жәндік. Олар топырақта, орман төсемінде, індерде, өсімдіктерде, теңіздерде, тұщы суларда тіршілік етеді. Олардың жиырмадан астам түрі бар. Тұрқы 00,5-13 мм. шамасынан аспайды, тек қанға тойғанда ғана көлемінің 30 мм ге жетуі мүмкін. Олар бірқатар қауіпті ауруларды жануарлардан адамға тасымалдауға бейімделген.

2-топқа.

Шегіртке өте қауіпті зиянкес жәндік. Бір аналықтан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды. Олардың үйірлері бір екі сағатта жүздеген, типті мыңдаған гектар егістікті тып типыл етеді. Олар өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.

Әр топқа кез келген жәндіктердің пантомимосын көрсетуге және қызықты сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі.

Қызықты сұрақтар. «Кім жылдам?»

  1. Көл шаянының неше аяғы бар? (бес жұп аяқ)
  2. Дәуіттің құлағы қай жерде орналасқан? (алдыңғы аяғында)
  3. Дәуіт ненің көмегімен шырылдайды? (алдыңғы аяқтарының көмегімен)
  4. Бал аралары бір бірін қалай ұғысады? (билері арқылы)
  5. Құмырсқаның илеуі неліктен күмбез тәріздес болады? (күннің шуағын күні бойы жан жағынан қыздыру үшін)
  6. Жұмысшы құмырсқалар неліктен көбеюге қатыспайды? (аналық құмырсқа жұмысшы құмырсқа мен араның жыныс бездерінің дамуына зиянды заттар бөліп шағарады)
  7. Бунақденелілердің пайдасы мен зияны қандай? (Зиянды кенелер адамның терісіне, жабайы және үй жануарларына зиянды, орамжапырақ құрты және колорад қоңызы. Пайдасы бал арасы өсімдіктерді тозаңдандырады, бунақденелілердің кейбір түрлері тазалықшы, қураған ағаштардың бұтақтары мен өлі жануарлардың денелерін қарашіріндіге айналдыралдырады.)

Адам денсаулығына зиянды: маса, бит, бүрге, шегіртке.

Денесіне кене түскен мал арық, азымтал болады. Қой малын кенеден сақтандыру үшін, олардың жүндерін қырқып, әдейі әзірленген ерітіндіде тоғытады.

  1. Шнгірткелердің үйірімен ұшуының қандай зияны бар? (бір, екі сағатта жүздеген, типті мыңдаған гектар егістікті тып типыл етеді )

Дегенмен кейбір бунақденелілер «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ақтеңбіл дәуіт ең қомағай дәуіт. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың дернәсілі 85 күн дамығанда бір кг үш жүз грамм бунақденелілермен қоректенеді. Аналық ақ теңбіл дәуіттің қомағайлығы ерекше, олар аталық ақтеңбіл дәуітті  де жеп қояды.

Білімпаздарға сұрақтар.

  1. Мамыр қоңызының қандай сезім мүшелері бар, қай жерінде орналасқан және қандай маңызы бар?
  2. Шаянның көздері бар ма, көздерінің қандай ерекшеліктері бар? (өзінің айналасын да түгел көре алмайды)
  3. Шыбындар неге ызылдайды? (тепе теңдікті сақтау үшін)
  4. Шыбын бір жазда қанша жұмыртқа салады? (алты жүз)
  5. Масалардың қайсысы қансорғыш, қай түрі шағады аталығы ма әлде аналығы ма? (аналығы шағады)
  6. Бал арасы қандай түстерді айыра алады, қандай түстерді айыра алмайды? (жасыл және көк түстерді көреді, ал қызыл түсті көрмейді)

 

Қорытынды:

Биологиялық білімді меңгерту өмірлік тәжірибеде пайдаға асады, ұсақ түйек тіршілік иелері туралы білген табиғатты қорғауға, сонымен қатар өзіңді қоршаған ортаға деген сезімталдықты қалыптастыруға көмектеседі.