Сөйлем. «Балаларға.»

95

Ана тілі (интерактивті сабақ)

Тақырыбы: Сөйлем. «Балаларға.» 150 – 152 жаттығулар.

Мақсаты:

а) Сөйлем және оның тыныс белгілері, жыр алыбы – Жамбыл атамыздың өнері туралы мағлұмат беру.

ә) Сауаттылыққа, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

б) Логикалық шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, суреттер, буклеттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сызбалық мазмұнды суреттермен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдеп, ән.

Түрі: дамытушылық

Типі: Жаңа сабақ

Стратегиясы: «Ойқозғау», «Топтастыру», «Өзің үшін жазу»

Барысы:

І. Ұйымдастыру: (психологиялық дайындық)

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сізге сәлем береміз

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй  тапсырмасын сұрау:

Мұғалім: өткен тақырыптарды мына слайдтағы суреттер бойынша еске түсірейік.

1с. Көктем.  2с.. Күн.     3с. Бұлт.   4с. Жаңбыр.  5с. Кемпірқосақ

                                   (сөзге сөйлем құрау)

Мұғалім: — Сөйлем деген не?

  • Сөйлемдегі сөздер қалай жазылған?

Ереже: 6 слайд:

Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Сөйлемнің 1-ші сөзі бас әріппен басталып жазылады. Сөйлемнің соңына (.), (?), (!) қойылады.

Дәптермен жұмыс.

150-жаттығу. (жатқа жазу)

7-слайд. Әрқашан болсын анам,

 

               Болайын мен де аман.

          Сергіту сәті: Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

                                                  (бейбітшілік туралы)

Дәптермен  жұмыс: 151 – жаттығу.

                       (инетрактивті тақтаға жаздыру)

«Құралай терезені ашты»

8 – слайд. «Сөзжұмбақ»

     Жұмбақтар.

  1. Зер, зер кілем, зер кілем,

Көтерейік десем зор кілем. (жер)

 

  1. Өзі қатты, сондай тәтті.

Татқан жанды таңырқатты. (алма)

 

  1. Өзі пысық, көзі қысық.

Ол не?  (мысық)

 

  1. Аузы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ.

Қанаты бар ұшпайды

Су астында қыстайды.    (балық)

  

  1. Ешкінің төлі.  (лақ)

Мұғалім: — Балалар, біз бүгін 1 ғасыр өмір сүрген 99 жасында өмірден өткен жыр алыбы – Жамбыл атамыздың «Балаларға» өлеңін өтеміз.

9 – слайд. Ж.Жабаев портреті. (өмірі, өнерімен таныстыру)

         Мұғалім түсіндіруі:Ж.Жабаев Шу өзенінің бойында Хан және Жамбыл деген екі тау бар. Әкесі Жабай  бір кездері сол тауда көшіп қонып жүрген. Сол таудың етегінде қақаған қыста аталарың дүниеге келіпті. Аталарыңа сол таудың есімі қойылыпты.  (1846ж)

         Әкесі Жабай шоқпыт шапанды кедей болған. Киіз үйде өскен. Туған жері құларған жазық дала болған. Балалық шағында егісті, бақты, арықты да көрмеген. Жазық кең дала Отаны болған.

          Бала кезінде тентектеу болған. Қозы бағуға, отын теруге жұмсайтын, бармаған. Домбыра тартуға, ән салуға әуес болған.

      Әкесінің інісі домбырашы болған. 12 жасында домбыраны үйренген. Сүйінбай ақын жыраудың (шәкірті)өлеңдерін оқыған. Барлық айтысқа қатысқан. Бірақ жеңіліп көрмеген.

1945 ж. 22 маусымда Жамбыл ата қайтыс болды.

Оқулықпен жұмыс:

Оқушылар «Балаларға» өлеңін хормен жеке оқиды.

Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

  • Жамбыл атаның қандай өнері болған?
  • Ол балаларға қандай өсмиет сөздер айтты.

Үйге тапсырма:

а) 164-бет, жаттау.

ә) эссе «Ақын ата» 152 – жаттығу.

Қорытынды: сабақ негізінде пысықтау. Мадақтау, бағалау.