Ірі қара шарушылығы және оның салалары.

Сабақтың тақырыбы: § 67. Ірі қара шарушылығы және оның салалары.

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға елімізде мол өнім беретін – ірі қара шаруашылылығы және оның салалары , сиырдың асыл тұқымдары жайында түсінік беру.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды төрт түлікті бағып күтуге ,сиырдың қасиеттерін танып білуге тәрбиелеу.
  2. Дамытушылық: Оқушыларға ірі қара шаруашылығы, етті бағыттағы қолтұқымдар және сүтті бағыттағы қолтұқымдардың айырмашылығы жайында білімін тереңдету , сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: үлестірмелі тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Сәлемдесу, түгелдеу
  3. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
  4. Оқушылар назарын сабаққа аудару
  5. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды – далалы өңірінде таралған жабайы тур ерте кездерде көп аулағандықтан, турлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен. Сиыр – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Сиырдың еті, сүті және терісі басқа да өнімдері күнделікті тұрмысымызда қажетімізді өтеп келеді. Сиыр – бір үйдің асыраушысы деген сөз бекер айтылмаса керек. Сиырдың пірі – Зеңгібаба. Мүшелдік жыл санауда сиыр – екінші жыл. Қазақ жерінде сиыр – басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы  — еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы.

Ірі қарадан алынатыннегізгі өнім сүті мен еті болғандықтан,сиырдың қолтұқымдары 2 бағыттыа өсірілуде.

Етті бағыттағы қолтұқымдарСүтті бағыттағы қолтұқымдар
Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиырымен шеттен әкелінген шароле, абердинангусс сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға – абердин-ангусс, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, санта – гертруда т.б.жатады.

 

Бұл бағытта өсірілетін ірі қара қолтұқымдарынан сүт алу мақсаты көзделеді. Қазақстанда қырдың қызыл сиыры, әулиеата, алатау, қарала, симменталь қолтұқымдары өсіріледі. Қырдың қызыл сиыры Қазақстаннан басқа Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде, Батыс Сібірде таралған. Әулиеата сиыры қолтұқым XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған.

Алатау сиыры сүтті, етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады. Ол XX ғасырдың 30-50 жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Алатау сиыры Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі.

Шет елдерде сүтті бағытта көп өсірілетін қолтұқымдарға – холмогор, ярославль, қарала сиыр, англер, айрширлер жатады. Кейбір сүтті қолтұқымды сиырлардан жылына орта есеппен 16-20 мың литр сүт сауылады.

Швиц, симменталь, т.б. сиыр қолтұқымдары әрі сүтті, әрі етті бағытта сұрыпталған қолтұқымдар. Көптеген елдерде сиыр сүтін ерте заманнан пайдаланып келеді. Атақты орыс ғалымы Иван Петрович Павлов сүт – табиғаттың өзі дайындап берген өте құнды тағамы деп жоғары бағалаған.

Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды, оның буаздық мерзімі – 285 күн.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

Ия , жоқ ойыны

 

  1.   Сиыр – жұптұяқтылар отрядына жатады.  (ия)
  2.   Сиырдың пірі – Ойсылқара.   (жоқ)
  3.   Қазақтың ақбас сиыры Батыс Қазақстан өңірінде өсіріледі.  (ия)
  4.   Шет елдер сүтті бағытта көп өсірілетін қолтұқымдарға — Әулиеата сиыры жатады. (жоқ)
  5.   Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі –  Алатау сиыры   (ия)
  6.   Сүтті бағыттағы қолтұқым Әулиекөл сиыры   (жоқ)
  7. V. Үйге тапсырма:
  8. § 67. Ірі қара шарушылығы және оның салалары
  9. Қазақстанда өсірілетін ірі қараның қолтұқымдарына кесте құрастырып, қандай бағытта өсірілетінін және қандай аймақтарда кездесетінін жазып                    келіңдер.